Ша?ын жина?тал?ан 2- 3- сыныптар?а арнал?ан саба?ты? ?лгісі.
Саба?ты? та?ырыбы: «Зат есім »
Саба?ты? ма?саты: Білімділік: Зат есім туралы ал?ан білім мен білігіе о?ушылар есіне толы? ?алыптастыру ж?не к?нделікті ?мірде ?олдана білуге ?йрету.
Дамытушылы?: Зат есім туралы ??ымдарын ке?ейту, д?ниетанымын, шы?армашылы? ?абілеттерін бай?ау, дамыту. Сауатты, к?ркем жазу?а да?дыландыру.
Т?рбиелік: О?ушыларды? ана тілін с?юге, адамгершілік ж?не а?ыл – ой т?рбиесін беру. Белсенділікке, ?йымшылды??а, ізденпаздылы??а баулу.
Саба?ты? т?рі: жа?а саба?.
Саба?ты? к?рнекілігі: кесте, слайд, ойындар
Просмотр содержимого документа
«Ша?ын жина?тал?ан 2-3-сыныптар?а арнал?ан саба?ты? ?лгісі »
Шағын жинақталған 2- 3- сыныптарға арналған сабақтың үлгісі.
Сабақтың тақырыбы: «Зат есім »
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігіе оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін беру. Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденпаздылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайд, ойындар, сөзжұмбақ.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, көрнекілік қолдану, өз бетінше жұмыс, ажырату, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I. Қызығушылығын ояту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Кіріктірілген бөлім.
Мотивациялық –бағдарлау кезеңі.
Интертақтадағы сөйлемдерді оқытып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойдырту.
Арман ертегі оқыды. Балалар серуенге шықты. Қар ұшқындады. Біраздан соң қатты жел соқты. Құстар аспанға қалықтап көтерілді.
-Қандай сұрақтар қойылады?
-Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Тірек сызбамен жұмыс.
Зат есім Заттың атын Кім? Не? кімдер? нелер? деген
білдіреді сұрақтарға жауап береді.
Осы сызба арқылы зат есім туралы ой тұжырымдамасын жасату.
2. Сараланған бөлім.
Операциялық –орындаушылық кезең.
Дәптерлерді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Әдемі етіп дәптерге,
Күннің жадын жазайық.
Көркем жазу.
2- сынып. | сынып. |
Кітаппен жұмыс. Суретте берілген заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шештіру. Сол сөздерге сұрақ қойдырту. -Бұл сөздер тобын не деп атаймыз? | Суретпен жұмыс. -Бұл не? сөйлеміндегі сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы? -Не? сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді атаңдар. Кім? сұрағына қандай сөздер жауап болады? Кітаппен жұмыс. 2-жаттығу. Суретке қарап,зат есімдерді тауып айтқызу. 3-жаттығу. Мәтінді оқыту. Зат есімді тауып ,сұрақ қою. Мәтінді көшіріп жаздыру. |
318- жаттығу. Берілген мақалды көшіріп жаздырып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздырту. Ойын –жаттығу. Шарты: Мұғалім « үреді, ұлиды, қарқыл-дайды, шақырады » сөздерін айтады, ал оқушылар осы сөздердің алдына қойылатын зат есімдерді табуы керек. |
Сергіту сәті.
2- сынып. | 3-сынып. |
321- жаттығу. Берілген сөздерді оқытып, зат есім екенін дәлелдету. Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, же, мұз. Бұл –зат есім,өйткені заттың атын білдіріп тұр. Кім? деген сұраққа жауап беріп тұр. | « Ойлан, тап » ойыны. Шарты: Берілген көп нүктенің орнына зат есімдерді қойып,көшіріп жаздыру. Төрт түлік: жылқы, сиыр, түйе, қой,ешкі. Аңдар: жолбарыс, арыстан, қасқыр, қоян. Құстар: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, қарға. Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, ана, бала. 5-жаттығу. Оқыту. Сұрақ қою. -Әр қатардағы сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады? Төрт түлік. Ыдыстар. Жемістер. |
3.Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық –бағалау кезеңі.
« Білімді тізбек » ойыны. Ойын шарты: Берілген сөздерден мақал – мәтел құрастыру.
2-сынып. 3-сынып.
Шәкірт, кітап. Мектеп, ана.
1.Ұстаздан шәкірт озар. 1. Мектеп –кеме,
2.Кітап –білім бұлағы, Білім –теңіз.
Білім –өмір шырағы. 2. Ананың сүті бал.
Үйге тапсырма:
118-бет. 320- жаттығу. 145-бет. 6- жаттығу.
Ереже жаттау. Ереже жаттау.
Оқушыларды бағалау.