kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.Айтматова "Бұғы ана"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Оның негізгі идеясын  аша білуге, талдай білуге үйрету. Ш.Айтматовтың шығармашылығы, қырғыз халқы туралы білім қалыптастыру

2.  Мәтінмен жұмыс жасай  білу дағдыларын жетілдіру

3.Табиғатты сүюге, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.Айтматова "Бұғы ана"»

Бекітемін_____________________________________


Пән

Әдебиеттік оқу

Сыныбы

2 «а»

Күні

14.05.2015 жыл

Тақырыбы

Бұғы-Ана. Ш.Айтматов(ашық сабақ)

Мақсаты

1. Оның негізгі идеясын  аша білуге, талдай білуге үйрету. Ш.Айтматовтың шығармашылығы, қырғыз халқы туралы білім қалыптастыру

2.  Мәтінмен жұмыс жасай  білу дағдыларын жетілдіру

3.Табиғатты сүюге, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже


Әдісі

1.Түсіндіру.

2.Сұрақ – жауап.

3.Ойын.

4.Сабақаралық байланыс. 

5. СТО - әдістері.

 6. Шығармашылық жұмыс.

7. Пікірлесу.

Көрнекілігі

Суреттер,  слайдтар, кестелер, портреттер.


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І. Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі


-Салеметсіз бе, балалар?

-Қай пән?

-Бүгін қай күн?

-Ендеше бүгінгі күнге сәттілік!

Әр іске болып жауапты,

Дұрыс қайтар жауапты.

Түзу отыр, назар сал ,

Бастайық, қане,  сабақты.

Оқу құралдарын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.1-2 минут


-Салеметсіз бе?

-Әдебиеттік оқу 1-қатар

-Бейсенбі. 2-қатар

-Сәттілік! 3-қатар

Оқушылар хормен айтады






-Мұғалімніңайтқандарын орындайды

Үй тапсырмасын тексеру

-Әңгімеге жоспар құру.

–Қане, балалар, дайынсыңдар ма?

Жоспар бойынша әңгімелету. 3 оқушыдан сұралады

Өткен сабақты бекіту:

Жау шапқанда. Ш.Айтматов

Тақтаға сұрақтар ілінеді:


  1. Қырғыздар қай өзеннің бойын мекендеді?

  2. Өзеннің атауы нені білдіреді?

  3. Қырғыз халқы неліктен қырылып қалды? Неге жауға қарсылық көрсетпеді?

  4. Тірі қалған жан болды ма? Болса кім?

  5. Мәтінде аты аталған батыр кім?

  6. Мәтін шығарманың қай түріне жатады және авторы кім? Автор туралы не білесіз?

Сұрақтарға жауап алынған соң, сурет толықтай ашылып бұғының суреті ашылады. 5-минут













-Енесай немесе ЕНЕСЕЙ


-Ене-ана, сай-су ағатын аңғар

-Жерлеу рәсімі болғанда жау шаппайтын еді. Ер-азаматтараттарына мініп, қару алып үлгермеді

-Қыз бен бала тірі қалды.Олар жидек теруге кетіп аман қалады

-Күлше батыр

-Аңыз, авторы ш.Айтматов. Қырғыз жазушысы

ІІ. Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту


-Ненің суреті?

-Бұғының

-Жанында лағы болса бұл ...?

-Аналық бұғы

-Ендеше, балалар, қазіргі оқылатын аңыз «Бұғы-Ана» туралы болмақ. 2-минут


Мағынаны тану

 -Сонымен бүгінгі  сабақтың  тақырыбын  таптық. Қалай аталады екен ? 

-Шығарманың авторына назар аударайық. Таныс есім бе?

-Ш.Айтматов туралы  өткен сабақта аз ғана мәлімет алдыңдар. Ендеше тереңірек тоқталайық            

 Танымдық әңгіме.Автор туралы:1928 ж. желтоқсанның 12(86 жас) Қырғызстан Талас өңірі, Шекер ауылында дүниеге келген. Жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты. «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар»тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. М.Әуезовтің шәкірті болған. Шығармаларын қырғыз тілінде де, орыс тілінде де жазған. Басқа да тілдерге аударылған. Шет елдерге есімі жақсы таныс. 2008 ж. маусымның 10-да дүниеден озды

 Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді өзім абзацтарды түсіндіре отырып оқимын.Осы уақытта балалар «Түртіп алу » стратегиясын орындайды.

-Қолдарыңызға қарындаш ұстаңыз. Таныс емес сөздерді түртіп алыңыз немесе астын сызып қойыңыз.

Мәтіннен түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.

  1. Талдау жұмысы:

-Балаларды не аман алып қалды?

-Бұғы-анаға балалар не үшін керек болды?

-Оқулықтағы суретке назар аударайықшы. Шығарманың қай тұсына сәйкес келеді?

-Балалар , шығарма көркем шығарманың қай түріне жатады ?

-Автор бұлмәтіндебізге не айтқысыкелді? Негізгіидеясықандай?

-Мәтіннің өлең мен мысалдан қандай айырмашылығы бар?

-Қандай сөздер таныс емес? Оқушылар өздеріне таныс емес сөздерді атайды. Осыдан сөздік жұмысын шығарып алу:

Оймақтай-кішкентай

Құрдым-терең, тұңғиық, түпсіз

Қолқа-тілек, өтініш

3. « Сен білесің бе ? » әдісі.Слайд көрсету

1.Қырғыздар түркі халықтарына жататын, Орта Азияны мекен ететін халық. Қырғыздардың тыныс-тіршілігі мен дәстүрі бізге қатты ұқсас. Оларда да біздегідей ақындар айтысы ұлттық өнер ретінде бағаланады. Манас жыры Гиннестің рекордтар кітабына ең ұзақ жыр ретінде кірген. Миллионнан асатын жолдан тұрады екен. Негізгі аспабы – қомуз. Ұлттық спорттық ойындары – көкпар («улак-тартыш», «кёк бору»), күрес («курёш», «алыш»). Барлық көшпенді халықтар тәрізді қырғыздар да жылқыны өте қатты қадірлейді. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады. 

Біле білсеңдер, қазақ пен қырғыз халқының тілі де, салт-дәстүрі де өте ұқсас. Бұл ұқсастық балалар ойындарында да бар. Мәселен, «орамал тастамақты» қырғыз балалары «жоолух таштамай» деп атайды. «Жамбы ату» да – екі халыққа ортақ ойын түрі. Қырғыз халқында қазақтар тәрізді төрт түлік малға қатысты ойын түрлері көп-ақ. «Тоқты сұрамақ», «қойыма қасқыр шапты», «түйе мен бота» деген ойындар – соның көрінісі

  1. Бұғытуралымәлімет беру: Суреттеркөрсету. Шөпқоректіжануар. Арнайы бұғыөсіретіншаруашылықтар бар. Оныңаталығыныңмүйізінендәріжасайды. Жылынаекімезгілмүйізінкесіпалады. Еліміздіңшығысаймағында, Алтай тауында, ормандыалқаптардатіршілікетеді. 4 түрі бар: бұлан, теңбілбұғы, т.б.

  2. Мәтіннің кейіпкерлерін табу. Мәтінді рөлге бөліп оқу

Тақтаменжұмыс

Венндиаграммасы

Қырғыздар

Қазақтар






Дәптермен жұмыс

5балл

4балл

3балл

Тапсырмалар орындау

Бағдаршамның тапсырмалары:слайд көрсету және тапсырмалары бар парақтар таратып беру.7 минут беріледі

1.Ш.Айтматов пікір ағашын толтыр


  1. Қырғыз тілінде берілген тақпақты оқып бер. Қазақ тіліне аударып көр:

Алгалай бер кыргыз эл, 
Азаттыктын жолунда. 
Өркүндөй бер, өсө бер, 
Өз тагдырың колунда

  1. Бұғы туралы екі абзацтан тұратын мәтін құрастыр. 1-ші бөлігі сипаттау мәтіні, 2-ші бөлігі әңгімелеу мәтіні болсын.

Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Бойымызды жазайық

Балалар мұғалімнің қимыдарын қайталайды

ІV. Қорытынды

“Ыстық орындық” әдісі арқылы қортындылау. Бір оқушы шығады. Оқушылар сұрақ қояды

V. Бағалау

Бағдаршамның нәтижесі бойынша бағаланады. Қызыл тапсырманы орындағандар 3, сары тапсырманы орындағандар-4, жасыл тапсырманға дейін түгел орындағандарға -5 деген баға қойылады.


Күнделіктерін әкеледі

Керібайланысәдісі

“Нысана”




Сабаққызықтыөтті

Жаңаақпараталдым

Түсініктіболды

Белсендіқатыстым


Оқушылар өздері ұнаған бөлікке стикер жапсырады

VІ. Үйге тапсырма

Мазмұнын айту. Суретсалу


Күнделіктеріне жазып алады

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ш.Айтматова "Бұғы ана"

Автор: Нагимова Сағынай Мәдениетқызы

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408013


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства