Мотивациялық қозғаушылық | - Сәлеметсіңдер ме, балалар! бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл - күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері: "Біз бақытты баламыз Ойнап білім аламыз. Сауат ашу пәнінде -оқып, жазу жазамыз. Ештеңеден қорықпаймыз Келген қонақтарға ортаға білімімізді саламыз" | Шеңберге тұрып,тәрбиешінің қимылдарын қайталап, ынталанып тыңдайды. |
Ұйымдастыру- Ізденушілік | Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге) Қандай дыбыстар болады? (дауысты, дауыссыз) Өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен таныстық? (Ғ дыбысы) Ғ дыбысына сөз ойлайық. Ғ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (сөздің басында, ортасында) Жаңа тақырып бойынша Үнтаспада дыбыс тыңдату (ырылдаған дыбыс естіледі) -Қандай дыбыс естіледі? (р-р-р) Қалай ойлайсыңдар, осындай дыбысты не шығарады? (ит пен қасқырдың суреті) Бүгін біз танысатын жаңа дыбыс - Р дыбысы және әрпі (хормен айту). Қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз? Әліппе - дәптермен жұмыс Р дыбысы сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау. р әрпін жазу (баспа түрінде) Буындарды оқыту: ап, ат, ар, ағ, ан; па, та, ра, ға, на. Сергіту сәті Біз орманға барайық, Жан - жағымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап Р-р-р-р Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп Қорықпаңдар, балалар, Қарап - қарап алыңдар Та-ра, ар-па, пар-та, а-нар, ап-та, та-ға - осы сөздерге дыбыстық талдау жасау. Сөйлем құрастыру. (жұптасып жұмыс жасау - берілген дыбыстармен сөз ойлап, сөйлем құрастыру) "Сөз ойла, тез ойла" ойыны. (р дыбысына сөз ойлау) (топпен жұмыс) | Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелесу арқылы балалар тәрбиешінің айтқанын естерінде сақтайды. Сергіту сәтін орындайды. Балалар тапсырманы орындайды. |
Рефлексивтік- түзетушілік | Қорытынды. -Қандай дыбыспен таныстық? (Р) -Дауысты ма, дауыссыз ба? Тақтада алма ағашының суреті ілінеді. Балаларға қызыл және жасыл түсті екі алма беріледі. Егер бүгінгі оқу іс - әрекеті балаларға ұнаса қызыл түсті алманы, егер ұнамаса онда жасыл түсті алманы ағашқа ілінеді. Мадақтау. | Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді. |