Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу пәнінен "Кемпірқосақ", "Сөйлем" атты ашық сабақ»
Есет батыр атындағы мектеп-бақша
Ашық сабақ
Пәні: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Кемпірқосақ»,
«Сөйлем».
Өткізген: Есетова А. С.
Сыныбы: 1 «А» .
2013 жыл.
Күні: 13. 03. Пәні: Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: «Кемпірқосақ», «Сөйлем».
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі: Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін кеңейте түсу, сызба бойынша сөйлем құрастыруға жаттықтыру,оқу және дағдыларын арттыру.
Б)Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын дамыту, анық сөйлеуге төселдіру.
ә)Тәрбиелігі:Эстетикалық талғамын тәрбиелеу.
Технология: В. Шаталов «Тірек сызба».
Көрнекілігі: слайдтар, қоржын.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу, оқу құралдарын жаярлау.
1-слайдІІ. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн, болсын!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын!
«Үй тапсырмасын сұрау»
2-слайд.
3-слайд.
1.
4-слайд «Адасқан сөздер» ойыны.
Жаңа сабақ
- Балалар, белгісіз біреу есік алдына мына қоржынды қойып кетіпті. Бұл қоржынның ішінде бірдеңе болу керек, қоржынның ішінен бүктелген қағаз шықты. Қағаз былай депті : «-Құрметті балалар! Егерде сендер мына екі жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі жаңа тақырыптарың шығады.»
Жұмбақ шешу.
1. Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (Кемпірқосақ)
2. Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады. (Сөйлем)
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың оқуы.
Мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар:
2.
- Мәтін не туралы?
- Кемпірқосақтың түсі қандай?
5-слайд.
Қызғылт болады.
Сары болады.
Жасыл болады.
Көк болады.
Көгілдір болады.
Күлгін болады.
Қызыл болады.
6-слайд. «Көркем жаз».
Сергіту сәті. (күннің суреті) 7-слайд
Ал енді біз тұрамыз.
Алақанды ұрамыз.
Апа, ата, ағалап,
Тағы, тағы ұрамыз.
Саусақтарды санаймыз,
Алақанды қараймыз.
Ашамыз да жұмамыз,
Ашамыз да жұмамыз.
Алақанды ашамыз.
Қосамыз да ашамыз,
Ашамыз да қосамыз,
Күн көзіне тосамыз.
8- слайд Наурыздың 13-і.
Сынып жұмысы.
Кемпірқосақ. Сөйлем.
- Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз.
9-слайд. «Шығармашылық диктант».
Орны ауыстырылып берілген әріптерден сөз құрастырып жаз.