kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сауат ашудан "Бас ?ріппен жазылатын с?здер. Т???ыш ?аза? ?арышкер" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Бас ?ріппен жазылатын с?здер. Т???ыш ?аза? ?арышкер

Саба?ты? ма?саты: Бас ?ріппен жазылатын с?здермен, ?аза?ты? т???ыш                                

                                       ?арышкерімен таныстыру. ?арыш туралы т?сінік беру.

Саба?ты? к?рнекілігі:видио Бай?о?ыр,слайдтар, топты? ж?мыс?а берілетін карточкалар

Саба?ты? барысы:

ІІІ. Психологиялы? дайынды?

М??алім:Балалар ?ане орнымыз?а отыра ?ояйы?. Б?гін балалар саба?ымызда ?ткен саба?тарды пысы?тай отырып, бас ?ріппен жазылатын с?здермен танысамыз. Ана, бала, ?арышкер туралы туралы ??гімелейміз. Жа?а ??ымдармен танысамыз. Жалпы саба? барысында топты? ж?мыс жасаймыз. Біздер ?ш топ?а б?ліндік. Топ болып ж?мыс жасау ?шін, топты? аты, басшысы болу керек. Ендеше топтасып топтары?а ат та?дай ?ойы?дар ж?не де топ басшысын та?айындап, неліктен м?ндай ат та?да?андары?ды 1-2 с?збен айта ?ойы?дар.Балалар сонымен б?гінгі саба?ымызда 4 топ ж?мыс жасайтын болады. Саба? барысында ?р топты? жауап бергеніне байланысты жетондар беріліп отырылады. Саба? со?ында ?ай топты? жетоны к?п болады, сол топ же?іске жетеді.Ендеше балалар топтармен танысып болса?, бері ?арай ?ойы?дар. Мен ?азір бір адам?а сипаттама беремін. М?тін кім туралы екенін табасы?дар. Мен м?тінді о?ып бол?анша жауап бермейміз.

«... Онсыз тіршілік те болмас еді. Ол ?лемге жары? д?ние сыйлады. Алыс кетсе?, ?асы?да болмаса?, оны са?ынасы?. Ол ?шін біз м??гі ?арыздармыз. Себебі ол бізге ?мір сыйлады. Оны м??гілік с?ю ж?не ??рметтеу ?рбір азаматты? парызы.»

-Балалар мен кім туралы айтып т?рмын?(Ана)

-Д?рыс айтасы?дар. Ал мені? ана туралы айт?анымды ?айдан білді?дер?

ІV. ?й тапсырмасын тексеру.

Экран?а назар аударайы?. ?й тапсырмасына байланысты берілген с?ра?тар?а жауап берейік.Бірінші топты? о?ушысы екінші топ?а с?ра? ?ояды. Екінші топ о?ушылары жауап береді. Д?рыс жауап 1 жетонмен ба?аланады.

-М?тінні? та?ырыбы ?алай аталады?

-М?тін кім туралы?

-М?тінде неше бала суреттеледі?

-Жиренше шешен с?ра?тарды кімдерге ?ойды?

-Жиренше шешенні? бірінші с?ра?ы ?андай еді?

-Жиренше шешенні? екінші с?ра?ы ?андай еді?

-Не т?тті? деген с?ра??а бірінші бала не деп жауап берді?

-Екінші бала не деп жауап берді?

-Не ж?мса?? деген с?ра??а бірінші бала не деп жауап берді?

-Екінші бала не деп жауап берді?

-Жиренше шешен ?ай баланы? с?ра?ына риза болды?

-Сонымен м?тінде кімдер суреттелген еді?

-Шешен, ана, бала

-Кім айтады мына с?здерді? ??састы?ы неде?

(Кім? С?ра?ына жауап береді, ?шеуі де адам, 2 буынды с?з,)

-?ай с?зді арты? деп ойлайсы?дар?

(Шешен, себебі жі?ішке айтылады,бір буыны бітеу буын)

-Бітеу буыннан бас?а ?андай буындарды білеміз?

-Ашы?, т?йы? буындар. Олар ?алай жасалады?

(Ана, себебі тасымалданбайды)

-?андай с?здер тасымалданбайды?

-Тасымал дегеніміз не?

-Жа?сы балалар. Сонымен б?л с?здерді? ??састы?ы кім с?ра?ына жауап береді екен.

-Кім с?ра?ы кімдерге ?ойылады?

-адамдар?а

-Кім с?ра?ына жауап беретін с?здер нені білдіреді?

-Затты? атын

-Затты? атын білдіретін с?здерді не дейміз?

-Зат есім

-Сонымен зат есім дегеніміз не?

-Зат есім кім? с?ра?ынан бас?а ?андай с?ра??а жауап береді?

-Не?

-Толы? ережені кім айтады. Зат есім ?андай с?ра?тар?а жауап береді?

Мысал келтіру

-Не с?ра?ы нелерге ?ойылады?

Не т?тті? м?тінінен б?лек ?йге 219 жатты?у берілген болатын. Ол жатты?уда не істеу керек еді?  Я?ни 5 с?з кім? с?ра?ына, 5 с?з не? С?ра?ына жауап беретін с?здерге мысал келтіру еді. Ол ж?мысты д?птерлері?ді тексеру барысында тексеремін.

 топты? ж?мыс.

Барлы? топ?а бір тапсырма. Алдары?да т?р?ан бетке ана, ?ке, бала туралы ма?ал- м?тел жазу. ?ай топ ?анша ма?ал жазса, сонша жетон алады. 1 мин

V. Жа?а саба?

-Мына с?здерді кім о?иды?

?алия, ?арышкер, ?анибет, ?алымбек.

Д?птермен ж?мыс

Ендеше д?птерімізді ашып ? ?рпін к?ркем жазайы?. Ж?не де ? ?рпінен басталатын мына адам аттарын жазып алайы?.

?алия, ?анибет, ?алымбек.

-Сонымен кісі аттары ?алай жазылады?

-Сонымен мына с?здерді? ішіндегі арты? с?з ?арышкер дедік?

?арышкер дегеніміз кім?

?арышкер-ол маманды?. ?арышкер дегеніміз олар ?арыш?а,аспан ?леміне ?шатын адамдар.Олар немен ?шады деп ойлайсы?дар? (зымыран)

-Зымыран ол не? (?уе к?лігі)

- Балалар,сендер ?андай ?уе к?ліктерін білесі?дер?
- ?ша?,тік?ша?,зымыран.

?ша? пен тік?ша?ты ж?ргізетін адамды кім дейді?(?ш?ыш)
- И?,?ш?ыштар ?ша?пен, тік?ша?пен ?шса,?арышкерлер ?арыш?а зымыранмен ?шады екен.

-Ал сендер  ?уеде ?ш?ылары? келе ме? Ендеше орнымыздан т?рып ?шып,?шып алайы?

Сергіту с?ті

(Мультфильм к?рсетіледі.)

-Мультфильм сендерге ?нады ма? Сонымен Елдос пен Аяжан нені к?рді?

-Зымыран ?ай ?аладан ?шырылады екен?(Бай?о?ыр)

-Е? ал?аш ?арыш?а кім ?ш?ан екен?(Ю.А.Гагарин)

-?арыш?а ?ш?ан  ?аза?  ?арышкері кімдер екен? (Тал?ат М?сабаев пен То?тар ?уб?кіров екен.)

-Ал осы ?арышкерлеріміз ж?нінде о?улы?та «Т???ыш ?аза? ?арышкер» атты ?ле? берілген екен. Ендеше мен сол ?ле?ді м?нерлеп о?ып берейін. М??ият ты?дап отыры?дар.

О?улы?пен ж?мыс

М??алім ?ле?ді о?иды.

-Сонымен Тал?ат М?сабаев пен То?тар ?уб?кіров а?алары?ны? ?айсысы ?арыш?а бірінші ?ш?ан екен?

- То?тар ?уб?кіров– ал?аш?ы ?аза? ?арышкері, Ке?ес Ода?ыны? батыры,

1991ж 1 ?азанда ?арыш?а зерттеуші ?арышкер ретінде ?шты.

-Юрий Гагарин – т???ыш ?арышкер. ?арыш?а 1-ші болып барып ?айт?ан Ке?ес Ода?ыны? азаматы, ?арышты? сапарына 1961ж 12 с?уірде ?шты. ?ле?де айтыл?андай То?тар а?алары? осы Гагарин а?алары?ны? жолын жал?ап ?аза?тарды? арасынан е? ал?аш ?арыш?а ?ш?ан екен.

М?тінмен ж?мыс

1.Тізбектеп ?ле?ді о?ыту.

2. ?ле?нен кісі аттарын табайы?шы.

?уб?кіров,То?тар, Гагарин

Б?л с?здер ?андай ?ріппен басталып жазыл?ан?

Неліктен бас ?ріппен жазыл?ан деп ойлайсы??

15-слайд

Д?птермен ж?мыс

?уб?кіров,То?тар, Гагарин

Ендеше осы с?здерді д?птерге жазайы?.

VІ.?орытындылау

Сонымен б?гін біз саб?ымызда не туралы білдік?

(?арыш?а ?ш?ан ?арышкерлермен танысты?, бас ?ріппен жазылатын с?здермен танысты?)

VІІ. Ба?алау

VІІІ. ?йге тапсырма

Т???ыш ?аза? ?арышкер ?ле?ін жаттау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашудан "Бас ?ріппен жазылатын с?здер. Т???ыш ?аза? ?арышкер" та?ырыбында?ы ашы? саба? »

Сабақтың тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. Тұңғыш қазақ ғарышкер

Сабақтың мақсаты: 1. Бас әріппен жазылатын сөздермен, қазақтың тұңғыш

ғарышкерімен таныстыру. Ғарыш туралы түсінік беру.

2. Ата-ананы құрметтеуге, батыр ағалардың ерлігін

қастерлеуге тәрбиелеу.

3.Танымдық, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақта қолданылатын технология: Дамыта оқыту

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтық жұмыс,баяндау,талдау,

Сабақтың көрнекілігі:видио Байқоңыр,слайдтар, топтық жұмысқа берілетін карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе

-Балалар біздің сауат ашу сабағымыз күндегіден ерекше болмақ.Себебі бүгінгі сабағымызға сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше бүгінгі сабағымызда барлығыңа сәтілік тілеймін. Қане әр топ қолдарыңнан ұстап, бір-бірімізге сәттілік тілей қойыңдар.

ІІІ. Психологиялық дайындық

1-слайд

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Сабағымызда бүгінгі,

Сәтті қадам тілеймін!

2-слайд

Мұғалім:Балалар қане орнымызға отыра қояйық. Бүгін балалар сабағымызда өткен сабақтарды пысықтай отырып, бас әріппен жазылатын сөздермен танысамыз. Ана, бала, ғарышкер туралы туралы әңгімелейміз. Жаңа ұғымдармен танысамыз. Жалпы сабақ барысында топтық жұмыс жасаймыз. Біздер үш топқа бөліндік. Топ болып жұмыс жасау үшін, топтың аты, басшысы болу керек. Ендеше топтасып топтарыңа ат таңдай қойыңдар және де топ басшысын тағайындап, неліктен мұндай ат таңдағандарыңды 1-2 сөзбен айта қойыңдар.

(Әр топ өз топтарымен таныстырады.)

Балалар сонымен бүгінгі сабағымызда 4 топ жұмыс жасайтын болады. Сабақ барысында әр топтың жауап бергеніне байланысты жетондар беріліп отырылады. Сабақ соңында қай топтың жетоны көп болады, сол топ жеңіске жетеді.Ендеше балалар топтармен танысып болсақ, бері қарай қойыңдар. Мен қазір бір адамға сипаттама беремін. Мәтін кім туралы екенін табасыңдар. Мен мәтінді оқып болғанша жауап бермейміз.

«... Онсыз тіршілік те болмас еді. Ол әлемге жарық дүние сыйлады. Алыс кетсең, қасыңда болмасаң, оны сағынасың. Ол үшін біз мәңгі қарыздармыз. Себебі ол бізге өмір сыйлады. Оны мәңгілік сүю және құрметтеу әрбір азаматтың парызы.»

-Балалар мен кім туралы айтып тұрмын?(Ана)

-Дұрыс айтасыңдар. Ал менің ана туралы айтқанымды қайдан білдіңдер?

(оқушылар жауабы)

ІV. Үй тапсырмасын тексеру.

3-слайд

-Балалар мен неге ана туралы айтып тұрмын деп ойлайсыңдар?

-Себебі үйге берілген мәтін ана туралы еді.

-Үйге берілген мәтін қалай аталатын еді?

-Не тәтті?

4-слайд

-Ендеше экранға назар аударайық. Үй тапсырмасына байланысты берілген сұрақтарға жауап берейік.Бірінші топтың оқушысы екінші топқа сұрақ қояды. Екінші топ оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап 1 жетонмен бағаланады.

-Мәтіннің тақырыбы қалай аталады?

-Мәтін кім туралы?

-Мәтінде неше бала суреттеледі?

-Жиренше шешен сұрақтарды кімдерге қойды?

-Жиренше шешеннің бірінші сұрағы қандай еді?

-Жиренше шешеннің екінші сұрағы қандай еді?

-Не тәтті? деген сұраққа бірінші бала не деп жауап берді?

-Екінші бала не деп жауап берді?

-Не жұмсақ? деген сұраққа бірінші бала не деп жауап берді?

-Екінші бала не деп жауап берді?

-Жиренше шешен қай баланың сұрағына риза болды?

-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше үйге берілген мәтінде іштей бір оқып, еске түсіріп алайық. Күнделікті сабағымызда орындап жүргендей үй тапсырмасы бойынша мәтінді мазмұнды, сауатты етіп, ереже дәптерімізге жазамыз.

(7 мин оқушылар мәтін бойынша мазмұнын жазады.)

-Тапсырманы орындап болсақ. Дәптерлеріңді жауып қоя қойыңдар.Дәптерлеріңе жазған жұмыстарыңды тексеріп бағалаймын. Сонымен сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Сонымен балалар үйден «Не тәтті?» деген мәтінді оқып келдік.Ал сендер дүниеде не тәтті деп ойлайсыңдар? Қай баланың жауабы сендерге ұнады?

-Сонымен мәтінде кімдер суреттелген еді?

5-слайд

-Шешен, ана, бала

-Кім айтады мына сөздердің ұқсастығы неде?

(Кім? Сұрағына жауап береді, үшеуі де адам, 2 буынды сөз,)

-Қай сөзді артық деп ойлайсыңдар?

(Шешен, себебі жіңішке айтылады,бір буыны бітеу буын)

-Бітеу буыннан басқа қандай буындарды білеміз?

-Ашық, тұйық буындар. Олар қалай жасалады?

(Ана, себебі тасымалданбайды)

-Қандай сөздер тасымалданбайды?

-Тасымал дегеніміз не?

-Жақсы балалар. Сонымен бұл сөздердің ұқсастығы кім сұрағына жауап береді екен.

-Кім сұрағы кімдерге қойылады?

-адамдарға

-Кім сұрағына жауап беретін сөздер нені білдіреді?

-Заттың атын

-Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?

-Зат есім

-Сонымен зат есім дегеніміз не?

-Зат есім кім? сұрағынан басқа қандай сұраққа жауап береді?

-Не?

-Толық ережені кім айтады. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Мысал келтіру

-Не сұрағы нелерге қойылады?

Не тәтті? мәтінінен бөлек үйге 219 жаттығу берілген болатын. Ол жаттығуда не істеу керек еді? Яғни 5 сөз кім? сұрағына, 5 сөз не? Сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіру еді. Ол жұмысты дәптерлеріңді тексеру барысында тексеремін.

6-слайд

Қазір топтық жұмыс.

Барлық топқа бір тапсырма. Алдарыңда тұрған бетке ана, әке, бала туралы мақал- мәтел жазу. Қай топ қанша мақал жазса, сонша жетон алады. 1 мин

Балалар жазған мақалдарын оқиды.

-Сонымен біз кім туралы мақал айттық?

Әке, ана, бала

Әке, ана, бала сөздері қандай сұрақтарға жауап береді?

Бұлардан басқа кім? сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтірейікші.

Кім?-мұғалім Кімдер?-мұғалімдер

-Ал енді тақтаға қарайық.

V. Жаңа сабақ

7-слайд

-Мына сөздерді кім оқиды?

Ғалия, ғарышкер, Ғанибет, Ғалымбек.

-Бұл сөздердің ұқсастығын табайық.

-Бәрі ғ әрпінен басталады.Барлығында жуан да, жіңішке де дауысты дыбыстар бар.Барлығы да 3 буынды. Барлығы да кім? сұрағына жауап береді. Барлығы да адам.

-Артық сөзді кім табады?

-ғарышкер

-Неліктен?

Ол-мамандық, ал басқа сөздер адам аттары.

-ғарышкер кішкентай әріппен жазылады, ал адам аттары бас әріппен жазылады.

-Сонымен бұдан қандай ереже шығаруға болады?

Адамның аты-жөні бас әріппен басталып жазылады.

-Адам сөзінің синонимі. (кісі, тұлға)

Синоним дегеніміз не?

-Мағыналары бір-біріне жуық сөздер.

-Мағынасына қарай сөздер тағы қандай болып бөлінеді?

Омоним, Антоним.

Антоним дегеніміз қандай сөздер?

-Мағыналары қарама-қарсы сөздер

-Омоним мағыналары әр түрлі сөздер.

-Сонымен балалар мына сөздердің барлығы қандай әріппен басталып жазылатын еді?

Ғ дыбысы қандай дыбыс?

Дауыссыз ұяң.

Дәптермен жұмыс

Ендеше дәптерімізді ашып ғ әрпін көркем жазайық. Және де ғ әрпінен басталатын мына адам аттарын жазып алайық.

Ғалия, Ғанибет, Ғалымбек.

-Сонымен кісі аттары қалай жазылады?

-Сонымен мына сөздердің ішіндегі артық сөз ғарышкер дедік?

Ғарышкер дегеніміз кім?

Ғарышкер-ол мамандық. Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Олар немен ұшады деп ойлайсыңдар? (зымыран)

-Зымыран ол не? (Әуе көлігі)

- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.

Ұшақ пен тікұшақты жүргізетін адамды кім дейді?(ұшқыш)
- Иә,ұшқыштар ұшақпен, тікұшақпен ұшса,ғарышкерлер ғарышқа зымыранмен ұшады екен.

8-слайд

-Ал сендер әуеде ұшқыларың келе ме? Ендеше орнымыздан тұрып ұшып,ұшып алайық

9-слайд

Сергіту сәті

Зымыранды басқару,

Оңай емес, қиын-ақ

Шынығайық сондықтан

Бойға күшті жиып-ап.

Ұқсаймыз да құсқа біз

Зымыранмен ұшамыз!

-Жарайсыңдар балалар. Ал енді балалар осы ғарышқа ең алғаш ұшқан кім екенін білгілерің келе ме? Ендеше мына мультфильмге назар аудара қойыңдар. Онда ғарышқа ең алғаш ұшқан адамдар жөнінде айтылады . Естеріңде сақтап отырыңдар. Олар қайдан, немен ұшақан екен?

(Мультфильм көрсетіледі.)

-Мультфильм сендерге ұнады ма? Сонымен Елдос пен Аяжан нені көрді?

-Зымыран қай қаладан ұшырылады екен?(Байқоңыр)

10-слайд

-Ең алғаш ғарышқа кім ұшқан екен?(Ю.А.Гагарин)

11-слайд

-Ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кімдер екен? (Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров екен.)

-Ал осы ғарышкерлеріміз жөнінде оқулықта «Тұңғыш қазақ ғарышкер» атты өлең берілген екен. Ендеше мен сол өлеңді мәнерлеп оқып берейін. Мұқият тыңдап отырыңдар.

12-слайд

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім өлеңді оқиды.

-Сонымен Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров ағаларыңның қайсысы ғарышқа бірінші ұшқан екен?

13-слайд

- Тоқтар Әубәкіров– алғашқы қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының батыры,

1991ж 1 қазанда Ғарышқа зерттеуші ғарышкер ретінде ұшты.

14-слайд

-Юрий Гагарин – тұңғыш ғарышкер. Ғарышқа 1-ші болып барып қайтқан Кеңес Одағының азаматы, ғарыштық сапарына 1961ж 12 сәуірде ұшты. Өлеңде айтылғандай Тоқтар ағаларың осы Гагарин ағаларыңның жолын жалғап қазақтардың арасынан ең алғаш ғарышқа ұшқан екен.

Мәтінмен жұмыс

1.Тізбектеп өлеңді оқыту.

2. Өлеңнен кісі аттарын табайықшы.

Әубәкіров,Тоқтар, Гагарин

Бұл сөздер қандай әріппен басталып жазылған?

Неліктен бас әріппен жазылған деп ойлайсың?

15-слайд

Дәптермен жұмыс

Әубәкіров,Тоқтар, Гагарин

Ендеше осы сөздерді дәптерге жазайық.

VІ.Қорытындылау

Сонымен бүгін біз сабғымызда не туралы білдік?

(Ғарышқа ұшқан ғарышкерлермен таныстық, бас әріппен жазылатын сөздермен таныстық)

-Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендеріңді тексеру мақсатында 5 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тест жауаптары күнделікті тесттен өзгеше. Күнделікті біз жасап жүрген тест жұмысында жауаптары а,ә,б нұсқалары берілсе мұнда жауаптары немен берілген? Фигуралармен. Қандай фигуралар: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Ендеше ереже дәптерлеріңді ашып, орындай қойыңдар. Тек жауабын ғана жазамыз.

16-слайд

Тест

  1. Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?

Заттардың атаулары

Кісінің аты-жөні

Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің барлығы

  1. Ғарышқа ең алғаш ұшқан қазақ ғарышкері кім?

Юрий Гагарин

Талғат Мұсабаев

Тоқтар Әубәкіров

  1. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім?

Юрий Гагарин

Талғат Мұсабаев

Тоқтар Әубәкіров

  1. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап

ғарыш

зымыран

ғарышкер

  1. Ғарышкерлер немен ұшады?

ұшақпен

тікұшақпен

зымыранмен

17-слайд

Тест жауаптары

  1. Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?

Кісінің аты-жөні

  1. Ғарышқа ең алғаш ұшқан қазақ ғарышкері кім?

Тоқтар Әубәкіров

  1. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім?

Юрий Гагарин


  1. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап

ғарышкер

  1. Ғарышкерлер немен ұшады?

зымыранмен

Ендеше өзімізді өзіміз тексерейік, кімде 5 сұрақ дұрыс 5 ұпай, 4 сұрақ дұрыс болса 4 ұпай, 3 сұрақ дұрыс болса 3 ұпай, 2-ден төмен болса 2 ұпай.

-Кімде 5-еуі де дұрыс?

-Кімде 4-еуі дұрыс?

-Ендеше тесттің 5 жауаптың дұрыс жауабы 3 дөңгелек, 1 үшбұрыш, 1 төртбұрыш. Мен қазір әр топқа осы дұрыс жауаптардан тұратын фигураларды беремін. Осы фигуралардан зымыран құрастырасыңдар. Қай топ жылдам құрастырар екен?

(Фигуралардан зымыран құрастыру)

VІІ. Бағалау

Әр топтың жетондарын санап, қай топтың жеңімпаз екенін анықтау.

Топ басшылары топтарында жақсы жұмыс жасаған балаларды анықтап, сол бойынша оқушыларды бағалау

18-слайд

VІІІ. Үйге тапсырма

Тұңғыш қазақ ғарышкер өлеңін жаттау

222-жаттығу.

Шығармашылық тапсырма: Ақ бетке өзіңнің қиялыңнан туған зымыранның суретін салу.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сауат ашудан "Бас ?ріппен жазылатын с?здер. Т???ыш ?аза? ?арышкер" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Автор: Д?рмен??лова Л?ззат Ж?мам?рат?ызы

Дата: 10.11.2014

Номер свидетельства: 128985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства