- Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен танысып едік?
- У дыбысы қандай дыбыс ?
- У әрпіне байланысты қандай сөздер білесіңдер?
«Ойлан тап» ойынын ойнату
ІІІ. Жаңа сабақ
Ал балалар, бүгін біз жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге бір жұмбақ жасырайын.Егер сендер сол жұмбақты тапсаңдар бізге қонақ келеді. Егер жұмбақты таппасаңдар, ол қонақ сендерге ренжіп қалады.
Жұмбақ шешу
Зулап түседі төменге,
Шыға алмас менсіз төбеге
(Шана)
- Шана сөзінде қай дыбысты естіп тұрсыңдар?
- Ш – дауыссыз
- А – дауыссты
- Н – дауыссыз
- А – дауыссты
- Ш дыбысын айтайық
-ш-ш-ш
- Дауыссыз, кедергімен айтылады.
Ш дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.
Тақтаға жазып көрсету
Ауада жазу
Ш әрпіне байланысты суреттер көрсету
Сөздерді буынға бөлгізу
Шар,шана,шие,машина,шалғы,шаңғы.
Сергіту сәті
Жел соғады гу-гу
Үстім болды су-су,
Жүзді бір топ аққу
Көл бетінде зу-зу
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Шш әрпін жазу.
ІV. Қорытынды:
«Ойлан, тап » ойынын ойнату.
Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау.Суретте көрсетілген затты атап, буынға бөлу.
Ағаш, алма, лақ, парта, шар
V. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Сабақтың мақсаты: Балалардың өткен тарихымызға деген ұлттық
Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды.
Ұмытылмайтыны оның тағдырымен байланысты. 1986 ж Желтоқсан көтерілісі де ауыл – үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты шарлап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.
Бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 оқушы
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданып – дей келе ендігі кезекті әнұранға береміз.
Алғашқы құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Алипбаева А. беріледі
Хор: Отан
2 оқушы
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
3 оқушы
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жода қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.
4 оқушы
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
5 оқушы
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып-жойып таптады.
Сонда елімнің ұл- қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
6 оқушы
Жалғыз отан – адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол,Қайрат- нағыз ердің бірі еді ғой.
7 оқушы
Сәбира,Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой
8 оқушы
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
Хор: Біз отанды сүйеміз
9 оқушы
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тіліммен
Жаман үйді қонағы билейді деп
Қала жаздап айырылып өз тіліммен
10 оқушы
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артық жоқ өз тілінен
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөрегімде таныстым мұң тіліммен
11 оқушы
Жылығанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың
12 оқушы
Кінәлі мен, ақын Қайрат ер қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысыц келмеді оның табанға
13 оқушы
Айта бергім келеді, айта бергім
Ұлы аманат етейін еркіндікті
Ел құлдықты білмесін жер кіндікті
Аңсаймын мен сенемін
14 оқушы
Желтоқсандық азамат пен құрбыны
Жатыр бүгін майынқұмның бауырында
Қара өлеңнің ерте солған бір гүлі
Айналайын, ағайындар ақ жүрек
15 оқушы
Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік- барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
16 оқушы
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерде сақтау керек үнемі
Қорытынды: Бүгінгі «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп, егеменді еліміз биіктен көріне берсін деп тілейміз.
№ 11 Ә.Хасенов атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Өткізген: «Ә» даярлық тобының жетекшісі: Байтелиева Г.Ж.