Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу ж?не жазу,»
Тақырыбы:Мм дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:Білімділік. Оқушыларға Мм дыбысымен әрпін таныту, ол арқылы сөздерді оқу мен жазуға және екі немесе үш сөзден тұратын сөздерді оқуға үйрету.Дауысты және дауыссыз дыбысты ажыратуға үйрету.
Дамытушылық.Балаларды сөздік қорын молайту есте сақтау қабілетерін дамыту баланың тілің байытубайланыстырып сөйлеумен және әңгімелеу,арқылы тілдесуге дағдыландыру,қаламды дұрыс ұстауға қалыптастыру.
Тәрбиелік. Балаларды Отаның жерін сүйуге және үлкенге ізет,кішіге құрмет өз мектеп жабдықтарын ұқыпты ұстауға мектеп қабырғасында өздерін тәртіпті болуға тәрбиелеу.
1.Ұйымдастыру:Оқу құралдарын қадағалау,назарларын сабаққа аудару.
2.Өтілген сабақты қайталап,еске түсіру.
Дд дыбысына байланысты сөз айтқызып.соған байланысты сөйлем құрастыру.Доп сөзін тақтаға жаздырып .Дыбыстық талдау жасату.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
3.Жаңа сабақты меңгерту.
Бізге қонаққа мысық келді балалар мысық неге келдің біздің топқа.
Мысықтың сөзі.Мына хатты алып келдім,өзім оқи алмадым маған көмектесіңдерші.
Балалар мысыққа көмектесемізбе?
Балалардың жауабы:Ия көмектесеміз.
Мына хатты ашып көрейік мұнда не жазылған екен ой балалар бұл хатта жұмбақ жазылған екен. Тонын киіп туған,
Беті қолын жуған. Мысық.
Марат та өлең жатады,
Манас та өлең жатады
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары?Шешуі:Мм дыбысынан басталған.
Мысық біздің балаларымыз білімді,тәртіпті егерде көргін келсе біздің сабағымызға қатыс.Бүгінгі сабағымыз балалар Мм дыбысы мен әрпімен танысамыз.Мына суретте не көріп тұрсыңдар.
Балалар жауабы:Мысық.
Мысық сөзін кім тақтаға жазады.Адасқан әріптер ойыны.
Балалардың жауабы:
Мысық сөзі неше буынан тұрады:
Балалардың жауабы:екі буынан тұрады.
Қанша дауысты дыбыс бар.
Балалардың жауабы:Екі дауысбы дыбыс бар.
Кәне мысық сөзінде қанша дыбыс бар кәне балалар санайықшы.
Балалардың жауабы:5дыбыс бар.
Мысық сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр.Мм дыбысы.
Балалар мынау ненің суретті.
Балалардың жауабы:Сиырдың, койдың.
Сиырдың даусы қандай ,қойдың даусы қандай.Сиыр мөңірейді,қой маңырайды.
Мм дауыссыз дыбыс қане балалар қолайнамызды алып бәріміз бірге Мм деп айтайық Балалар бәріміз ауада Мм дыбысын жазайық.
Енді Мм дыбысынан басталатын сөздер атап көріңдер.
Балалардың жауаптары:ма-та, мы-сық,мон-шақ,мар-жан сол сөздерді буынғ бөледі. Балалар сиырға ұқсап дыбыс шығарып көрейікші.
Балалардың жауабы: мо-мо-мо.
Енді койдың дыбысын шығарып көрейік.
Балалардың жауабы:мә-мә-мә.
Мм дыбысынан басталып тұр.
Енді орнымыздан тұрып бойымызды сергітеміз.
Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар
Бетіме жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
4.Оқушымен жұмыс жүргізу.Енді балалар дәптермен жұмыс.
Балалар жаңа жұмбақтар шештік жұмбақтардың жауабы қандай дыбыстан басталады.
Балалардың жауабы:Мм дыбысынан басталады.
Мм дыбысы дауысты дыбыс ба, дауыссыз дыбыс па.
Балалардың жауабы:дауыссыз дыбыс.
5.Қорытынды:
Балалар мысықпен қоштасайық.Мысық біздің балалардың сабағы саған ұнады ма?
Мысық.Иа ұнады балалар өте ұқыпты білімді менде мектепке келіп білім аламын сендермен бірге оқысам болама балалар.
Балалардың жауабы:Ия кел бізбен бірге оқып көо нәрсе үйренесін.
Мысық.Онда балалар келесі кездескенше сау болыңдар балалар.
Күтілген нәтиже:
Орындайды: Дыбыстық талдау жасау,мысықтың тапсырмасын орындады.