kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Са?та жолды? т?ртібін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы;Са?та жолды? т?ртібін!

Ма?саты: 1) О?ушылар?а к?ше ?атынасы ережелерін ме?герту;

                   2) Жолда ж?ру ережесін есте са?тау ар?ылы білгендерін пайдалана   

                      білуді т?ра?ты  да?ды?а айналдыру;

                        3)О?ушыларды жол ережелерін б?лжытпай орындау?а, са?ты??а  

                             т?рбиелеу.

К?рнекілігі: ба?даршам, жол белгілері, плакат?а жазыл?ан ескерту с?здер, макеттер, о?ушыларды? сал?ан суреттері

М??алім:

      ??рметті о?ушылар! ??рметті ?она?тар, ?стаздар! Б?гінгі "Са?та жолды? т?ртібін" атты т?рбие са?атын бастау?а р??сат еті?іздер! Жол за?ы д?рыс ж?ріп, абай  болуды  талап етеді. Жол т?ртібін  б?зба, ол  ?атер  тудырады. Жолды? ?алыпты ?оз?алысы к?бінесе балаларды? жол бойында ?алай болса солай ж?ріп, доп  ?уалайтыны, ша??ы  тебетіні, ж?ріп  бара жат?ан машина?а  жабысатыны,?алтарыстан жол?а  шы?ып  келетін салдарынан б?зылады. Жол т?ртібін б?з?анды?тан  кейбіреулер машина  д??гелегіне ілініп ?аза тауып, кейбіреулері  жара?ат алады. Ал кейбіреулері ?мірлік  м?гедек болып ?алады.Сонды?тан ?рбір о?ушы мектепте о?ылатын » Жолда ж?ру ережесі » та?ырыбында?ы саба?ты м??ият ты?дап, ?р саба?тан ?орытынды жасап отыру?а міндетті.?лгілі, т?ртіпті о?ушы к?шеде, жолда  ж?ру ережесін,за?ын б?збайды.

 М??алім: Жолда ж?ру ережелеріне арнал?ан сынып са?атымызды Ш?мішбай Сариевті? мына ?ле? жолдарымен бастаймыз.
Арман?а алдан к?ткен асы?амыз,
Біз ?алай тол?ын атпай басылармыз.
Жол ж?ру ережесін жа?сы біліп,
Са?ты?та т?ра алатын жас ?ланбыз.
Жал?айтын достастырып бар елменен,
Жолдардан т?рады ?ой ?лем деген.
Б?гінгі бізге келген ?она?тар?а,
Алдымен беріледі с?лем деген.
Н?ршат: Жол т?ртібі кімге керек – бірге ойланып к?релік,
?р?айсы?ны? ?ылы?ы?а ?діл ба?а берелік.
Ережені жа?сы білген орта?а шы?, жас ?лан,
Білімі?ді сарап?а сал, біз етейік т?релік.

ж?ргізуші:

?л – ?ыз с?лем береміз,

?негелі ?ренбіз,

Біздер-?аза? баласы,

С?лем – с?зді? анасы,

                  Жал?айтын достастырып бар елменен,

                 Жолдардан т?рады гой ?лем деген.                                                                                                    

                 Б?гінгі бізге келген ?она?тар?а                                                                                 

                Жиынымыз басталсын с?лемменен.

Б?гінгі саба?ымызды 4-топ?а б?ліп ?ткізгелі отырмыз.Ендігі кезекті б?лінген топ атауларымен  ж?не ?рандарымен танысайы?.

 

 I   топ. "Ба?даршам"

Топты? ?раны: То?та! Са?тан! Жол ашы?! Ж?рме жол?а таласып.

II топ. "Жол белгілері"

Топты? ?раны: ?йрен таппай тыным бір, Белгілерді? тілін біл!

III  топ. гізуші"

Топты? ?раны: Жол т?ртібін білейік, Аман-есен ж?рейік!

IV  топ. "?иылыстар"

Топты? ?раны: Басталар ?р ?иылысы? аттауменен,

Жолда ж?ру ережесін са?тауменен.

Ж?ргізуші:Хор: "Ба?даршам".?ні

?н: Ба?даршам
1. К?шеде біз са? болайы?,
?аймы?пасын ата – ана.
Жолда сен бол лайы?,
Жас ?лан деген ат?а
?- сы:
?р?ашан к?н с?нбесін,
Аспаннан б?лт т?нбесін.
?асымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда ж?ру ?ліппесін
Білген ж?н бес сауса?тай.
Сонда ?ана ж?ре аласы?,
Сен ?зі?ді сау са?тап
К?кпе?бек ісінген бас – к?зі?де ?

Ж?ргізуші:

 

Топ м?шелері ?з топтарыны? ?ыр –сырымен таныстырады.Ба?даршам тобы ба?даршамны? шы?у тарихымен таныстырады.

 

I топ. "Ба?даршам"

(Ба?даршамны? шы?у тарихы ж?йлы баяндайды.)

                               

1-о?ушы: Балалар, ба?даршамды кім ойлап тапканын білесі?дер ме? Ал ендеше ты?дап к?релік. Ал?аш?ы ба?даршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тап?ан адамны? есімі тарихта са?талма?ан.

2-о?ушы: Оны к?ше ?иылысына ы??айлап, кайта жаса?ан а?ылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондонда?ы парламент ?йіні? алдына ба?даршам орнатты.

3-о?ушы: Алдымен т?рлі т?сті сигнал ?айыс берілісті? к?мегі ар?ылы ?згертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-о?ушы: ?кінішке орай бірде газ жарылып, кезекте т?р?ан полицей ?аза болады да, содан жарты ?асыр бойы ?мыт болады.

5-о?ушы: Тек 1914 жылы Американы? Кливленд ?аласына, сосын Нью-Йорк, т.б. ?алаларында пайда бола бастайды. Б?л жолы олар электрлі болды. Тек екі т?сті ?ана: ?ызыл ж?не жасыл. 1918 жылдан бастап ?ана ?ш т?с ?олданыла бастады.

6-о?ушы: Ке?ес ода?ы бойынша ал?аш рет ба?даршам 1924 жылы М?скеу ?аласыны? Кузнецк к?пірі мен Петровка к?шелеріні? ?иылысында орын алды.

              Ба?даршам

Жолды кесіп ?туге мен ?амдансам,

?иылыста ?арсы алады ба?даршам.

Менікіндей екеу емес,?ш к?зді,

?р к?зіні? т?сі б?лек,а??арса?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Са?та жолды? т?ртібін »

Тақырыбы;Сақта жолдың тәртібін!

Мақсаты: 1) Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;

2) Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана

білуді тұрақты дағдыға айналдыру;

3)Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері

Мұғалім:

Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Сақта жолдың тәртібін" атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

 Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

жүргізуші:

Ұл – қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз,

Біздер-қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы,

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады гой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынымыз басталсын сәлемменен.

Бүгінгі сабағымызды 4-топқа бөліп өткізгелі отырмыз.Ендігі кезекті бөлінген топ атауларымен және ұрандарымен танысайық.


I топ. "Бағдаршам"

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

II топ. "Жол белгілері"

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

III топ. үргізуші"

Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!

IV топ. "Қиылыстар"

Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Жүргізуші:Хор: "Бағдаршам".әні

Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?


Жүргізуші:Т


оп мүшелері өз топтарының қыр –сырымен таныстырады.Бағдаршам тобы бағдаршамның шығу тарихымен таныстырады.


I топ. "Бағдаршам"

(Бағдаршамның шығу тарихы жәйлы баяндайды.)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапканын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес,үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек,аңғарсаң.


Көзі алыста қалт жібермей қырағы,

Бір көз жанса ,қалғаны өшіп тұрады.

Қызыл,сары,жасыл түсті көздердің

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады.


Қ-Қызыл түс-қимылдама ,баспа алға,

Қиылыста қарап тұрма аспанға.

С-Сары түс-сәл сабыр ет,дайындал,

Ж-Жасыл түс,жүре бергін,жасқанба.


жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол журу ережесін білмей тұрып

Келесі кезекті жол белгілері тобы өз сырларымен бөліседі.

ІІ топ. "Жол белгілері"

Қиылыста,жол шетінде,бұрышта.

Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.

Жүресің бе,жүрмегенің дұрыс па.

Не істу керек?Соған қарап ұғасың,


1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең.

Тартар жолың бұлыңғыр.

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.


Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,

Әлденеге қатаң тыйым салады.

Өміріңді қорғауға олар арналар,

Білмеген өкінішке қалады.


4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.



Мына жерге кірмегенің жөн дейді,

Мына жермен жүрмегенің жөн дейді,

Кері бұрыл,тоқтама не бұрылма,

Сонда саған ешбір қауіп төнбейді.


жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен кіші баршамызға!

Жүргізушілер тобына сөз кезегін берейік.


Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.

Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет

III топ. үргізуші"

.

3-оқушы: Есігінен артқы Көлікке сен мінгін. Дәл осы бір сәттен Құлағыңды тіккін.

4-оқушы: Кезекте сен әлгі Артқы есіктен кіргін. Енді есіктен алғы Түсеріңді білгің.

Жолдан өткенде

........... деген баламын,

Мектепке мен барамын.

Жүруді де үйрендім,

Көшесіндн қаланың.

Жол шетіне келгенде,

Тоқтай қалып мен демде.

Көз саламын арнайы

Белгісі бар жерлерге

Қауіпті ғой көше тым,

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін

Жаяу адам өтетін.

Асықпаймын аптығып,

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатар-қатар ақ сызық.

Ортасында тұра қап,

Оңға,солға бір қарап,

Жолдың арғы бір шетіне

Жетіп алам жылдам –ақ.


Жүргізуші:хор Біз жолаушы баламыз

Ән: Біз жолаушы баламыз.

1.Сапар шексек,сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз.

Троллейбус,трамвай

Автобуспен жүреміз

2.Көліктерге мінеміз

Күнде тынбай жүреміз

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз


Жүргізуші:сөз кезегін қиылыстар тобына береміз.

IV топ. "Қиылыстар" 1-оқушы: Жолдар қиылысында Қалтарысып қысылма. Көлденеңнен жол болса, Кібіртіктеп тоспа оны.

2-оқушы: Бос болмаса алайда Сақтық жаса абайла. Қалмас үшін соқтығып, Ол өткенше тос тұрып.

3-оқушы: Ирек-ирек көшелер. Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де Үйренесің біртіндеп.

Реттеуші

Бақылап жол тәртібін,

Өткізетін әр күнін,

Реттеушіні көрдім мен,

Қиылыстан дәл бүгін,

Ала таяқ қолында

Айтары көп оның да.

Не істеу керек,тұрса

Реттеуші жолында.


Тік көтерсе таяқты,

Баспа алға аяқты.

Бағдаршамның бұл белгі

Сары шамы сияқты.

Кеудесімен бұрылса,

Қарап саған бетпе-бет.

Тұрғаны оның ,ұғынсаң,

Жолды жаптым,өтпе деп.


Арқа жағын қаратса.

Өтіп кетпе аңғармай.

Бағдаршамның бұл белгі-

Қызыл түсті жанғандай,

Оң иық,не ол иық,

Бұрылған да сен жаққа.

Тұрып қалма сен саспа,

Алға қарай тез атта.

Реттеуші бұрылды.

Бір қырындап тік тұрып

Жасыл жанды дегенде

Жүргіншіге құтырып.

Реттеуші бар көшеге.

Тап болса егер кімде-кім.

Тек сол берген белгіге


жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба!

Жүргізуші:Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

 

 Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

 

 Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

 

 Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

 

 Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

 

 Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

 

 Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

 

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз.

 

Инспектор :

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 

Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 Арманға алда күткен асығармыз,

Біз талай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем


Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,

Самғар көлік табылар.

Троллейбус пен трамвай

Автобустар тағы бар.

Автобуқа асығып,

Жолды кесіп өтпеймін .

Доп тепкендей асырып,

Бос қалбырды теппеймін.

Жол шетінде трамвай

Кете алмайды күтсең де.

Болу керек тым абай,

Мінгенде не түскенде.

Өзім барар бағытың,

Нөмірін де білемін.

Ережеге қанықпын,

Артқы есіктен кіремін.

Жқрт аяғын баспаймын

Бүлдірмеймін,шашпаймын.

Шаршап кейде жүрсем де ,

Орын берем үлкенге.

Жолда жүру тәртібін

Мен осылай сақтаймын.


Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көрейік, төмендегі сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріңдер:
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6. Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
7. Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.

Мұғалім

Олай болса, оқушыларға айтарым, жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Са?та жолды? т?ртібін

Автор: Аккозова Айбала Бекмуратовна

Дата: 20.05.2015

Номер свидетельства: 213701


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства