- Бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Алғырлар және Тапқырлар» атты білім сайысы өтеді. Оқушылар тапқырлығымен, іскерлігімен, білімділігімен, тиянақтылығымен көзге түсер деп ойлаймын.
-Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз.
Математика сабағымыздың ұраны: Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Ендеше сабағымызды бастайық,
І. Таныстыру. Әр топ өзін таныстырып кетеді!
1-топ «Алғырлар» Оқу инемен құдық қазғандай
2- топ «Тапқырлр» Білімді мыңды жығады
ІІ. Ойнайық та ойлайық! Бос дөңгелектерге шыққан жауабын жазып отырындар. Кім тез әрі дұрыс тапса сол топ жеңіске жетеді. «Веложарыс»
+3 +1 +1 +40
+50
+2 +4 -1
+8 -9
-50 +10
-10 -4 -50 +5
1- топ
Қанат, Марат екеуі қамшы өре алады
Таңат, Талап екеуі ән салады.
Сағат, Самат екеуі күй шертеді,
Балаларды өнерлі есептеп көр енді. (6)
2-топ
Табақта төрт алма,
Қолымда үш алма,
Інімде бес алма,
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма? (12)
3. «Сиқырлы сандар»
1. №3 Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
1-топ: а мен 3 санының қосындысы, мұндағы а =40, 45,
2-топ: а мен 3 санының айырмасы , мұндағы а= 43, 48, 12
1-топ:
2. Асанда 30 теңге, ал ағасы Думанда 45 теңге болды. Олар 50 теңгесіне сурет дәптерін сатып алды. Енді олардың қанша ақшасы қалды?
2-топ:
2. Аулада 12 бала ойнап жүр еді.Екі ұл үйіне кетті де, үш қыз келді. Енді аулада неше бала ойнап жүр?(13)
3.Қажетіне қарай арифметикалық амал таңбалары мен жақшаларды қой:
5 * 3 * 4 = 4 6 *2 * 3 = 7
4. Есепте:
19 см= ...дм ...см 17 см = ...дм ...см
2 дм 4 см= ...см 3 дм 6 см= ....см
90 мин = [] сағ [] мин 100 мин =[] сағ [] мин
1 сағ 20 мин =[] мин 1 сағ 10 мин = [] мин
5. Есепті шығар:
Асханаға 33 л сүт әкелінген еді. Бөшкеде 40 л су бар еді.Оның 20
Оқушыларға таңертең 20 л, ал түсте 10 л литрін пайдаланғаннан кейін, бөш-
сүт берілді.Асханада неше литр сүт кеге тағы 5 л су үстемелеп құйыл-
қалды? ды. Бөшкедегі су енді неше литр
болды?
6. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
20 мен 5-тің қосындысына 60-ты қосу. 60 пен 4-тің қосындысынан 40-ты аз.
70 пен 9-дың қосындысынан 40-ты азайт. 20 мен 2-нің қосындысына 50-ді қосу.
Қорытынды: - Сонымен біз бүгін сабақта не үйрендік? Не білдік?
Ұпайлар санын санап , жеңімпаз топты белгілеу.
Ойлап тұрсаңыз өмірде бәрі де есеп,
Ауырсаңыз ішетін дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы- есеп,- десек, сол үшін математика сабағына бар ынта-жігерімізді салып оқуымыз керек. «Математика –ғылымдардың атасы » деп бекер айтылмаған.