kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сабыр т?бі-сары алтын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                              Сабыр т?бі-сары алтын

 Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? «сабырлылы?», «?стамдылы?» адами ?асиеттер туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері: а) сабырлы, ?стамды болуды? ма?ыздылы?ын т?сіндіру.

?) жа?ымды ?арым-?атынас жасау іскерліктерін дамыту.

б) ізеттілікке т?рбиелеу.

К?рнекі-??ралдар: Суреттер, ма?ал- м?телдер, о?улы?, д?птер

Шатты? ше?бері

-Балалар б?ріміз орта?а шы?ып «жылылы? ше?берін» ??райы?. Бір-бірімізге жанымызда?ы досымызды? жа?сы ?асиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сабыр т?бі-сары алтын" »

Сабыр түбі-сары алтын

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: а) сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру.

ә) жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б) ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Суреттер, мақал- мәтелдер, оқулық, дәптер

Шаттық шеңбері

-Балалар бәріміз ортаға шығып «жылылық шеңберін» құрайық. Бір-бірімізге жанымыздағы досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.

Балалар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп айтып шығады.

Балалардың жауаптары:

-Сен нағыз доссың

-Сен ең әдемі қызсың

-Сен мейрімдісің

-Сен өте ақылды баласың

-Сен адал доссың

-Сен қайырымдысың

-Сен әдептісің

-Сен өнерлісің

- Жарайсыңдар, балалар! Әрқайсыңның достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп,қатты қуанып тұрмын.Адами жақсы қасиеттердің бірі-сабырлылық. Бүгін сендермен сабыр, сабырлы болу, сабыр сақтау туралы әңгімелесеміз.

Балар өлең оқиды.

Талап пен ақыл

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Әңгімелесу

Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс

Асыл шөп.

Зылиқа мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға сатуға келе жатыпты-мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдығыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым,-депті Бәтима.

- Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін,-депті Зылиқа.

Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты «сабыр» деген,-депті Бәтима.

Сұрақтар

  1. Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсындар?

  2. Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?

  3. Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Сабырлы адамбарлық уақытта шыдамдылық көрсетіп, төзімділік танытады, өзін біледі. Бәтиманың бойында сабырлылық болғандықтан, қиналмайды, ашуланбайды, көңілді жүреді. Зылиқа ақылға жүгінсе, қиындыққа төзе білсе, ашуланбайтын болса «сабыр» деген шөпті табуы әбден мүмкін.

Жаттығу-ойлану

Оқушылар тақтада ілініп тұрған даналық сөздерді оқып, мазмұнын өз ойларымен түсіндіріп айтып беруге ұмтылуы тиіс.

  1. «Шыдамды, сабырлы адам-бастаған ісінің нәтижесін көреді...»(В.Ян)

  2. «Адамның басшысы-ақыл, қорғаны-сабыр». (Саққұлақ би)

  3. «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа».

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сахналау

Егінші мен қасқыр

Литва ертегісі

Автор:-Егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалды.Аздап тыныққан соң, қолынан нан алып, жей бастады.Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

Қасқыр: -Адам не жеп отырсың?-деп сұрады.

Егінші: -Нан

Қасқыр: -Маған да наныңнан берші?

Автор: -Егінші нанынан үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан ол егіншіге мынадай тілек білдірді.

Қасқыр: - Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...

Егінші: - Алдымен жер жыртасың, содан соң тырмалайсың,- деді.

Қасқыр: Содан соң нан бола ма?

Егінші: - Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің. Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.

Қасқыр: -Содан соң нан бола ма?

Егінші: - Қайда әлі! Бидайды орып, оны баулау керек. Содан кейін қырманға апарып маялау керек.

Қасқыр: -Сонда нан бола ма?!- деп қасқыр айқайлап жіберді.

Егінші: - Жоқ, бидайды жиып алып, бастыру керек. Одан кейін диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.

Қасқыр: Сонда жеуге бола ма?

Егінші: -Жоқ әлі!Қамыр ашытып, оны илеп пісіру керек...

Қасқыр: -Сонда нан бола ма?

Егінші: - Ия, сонда нан болып, жеуге жарайды, -деді егінші.

Шыдамы таусылған қасқыр:

-Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын,-деді.

Сұрақтар:

  1. Қасқыр неліктен нан туып жеуден бас тартты?

  2. Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?

  3. Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма?

  4. Ондай жағдайда қандай күйде болдыңдар?Ол әрекеттеріңді жоюдың қандай жолдарын іздестірдіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар. Қасқыр қиындықтан қашты. Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ екендігін әңгіме арасындағы шыдамсыздығынан байқадық. Сабырсыздық адамға орынсыз сөздер айтқызады, ашуландырады. Нәтижесінде орынсыз ашу мен жағымсыз сөздер өзіңді ұятқа қалдырады. Ал егінші еңбекқор, шыдамды, сабырлы. Ондай адам барлық ісін аяғына дейін жеткізіп, өз еңбегінің жемісін жейді. Ал өз еңбегіңнің жемісін жеу- бақыт.

Дәйексөз

Сабырсыздық адамды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққа жол береді. Асығып қабылдаған шешім, сөздер барлық уақытта оң бола бермейді. Ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей, ойланып алу сабырлылықты білдіреді. Сондықтан да дана Абай аталарың «Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ-сабыр сол»,-деп айтқан болатын.

Түйіндеме

Оқушылар Данышпан атаның ақыл-кеңесі арқылы ойларын түйіндейді.

Сабырлы, ұстамды, болуды үйреніп алыңдар!

Әрбір істі ойланып, ақылға салыңдар!

Байыбына барып, себебін табуға тырысыңдар!

Шыдамсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!

Әр кезде де өз-өздеріңді жігерлендіріңдер!



Жаңа ақпарат

Сабырлылық-адам бойындағы сезімнің ойлаудың тереңдігі. Сабырлы адам- ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына мұратына жетуіне мүмкіндік береді.

Жүректен-жүрекке

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жастарға

Кейінгі ұрпақ жастарым,

Артқыға қалдыр өнеге.

Қадірле, сыйла халқыңды,

Еңбегін елдің бағала.

Босқа өткізбей әр күнд,і

Үлгі бол теңдес құрбыға.

Сен үлкеннің тілін ал,

Үлкен сөзі-жол азық.

Алды-артыңды біліп ал,

Сабыр сақтап әр кезде.

Жақсылыққа қамал бол,

Жамандыққа жуыма.

Дақ түсірме,адал бол!

Отаныңның туына!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Сабыр т?бі-сары алтын"

Автор: Абдуллаева Анара Багбековна

Дата: 23.02.2015

Номер свидетельства: 177454


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства