kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары ?зін-?зі танудан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Абдрахманова Гульназия Сарсембаевна ?зін-?зі тану м??алімі болып  ж?мыс ат?арамын.Балаларды адамгершілікке, ??ыптылы??а, ?дептілікке, отан с?йгіштікке,таби?атты ?ор?ай білуге ?йрету. Балалармен ж?мыс ат?ар?ан ?те ?найды.?дептілік адамды?ты? белгісі.балалармен ?арым ?атынас жо?ар?ы денгейде бол?анын ?алаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары ?зін-?зі танудан»

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз

Сабақтың мақсаты:Балалардың «достық», «бірлік», «халық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-халық достығы, жарастығы, бірлігі туралы туралы түсініктерін қалыптастыру;

-өз ара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-ынтымаққа, достаққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер,әр ұлт өкілдерінің суреттері.

Шаттық шеңбері

Шеңберге орналасып « Достық» әнін сыныппен бірге айтады.

Өлең жолдары талданады.

Әңгімелесу

Әңгімелесу сұрақтары қойылады.

«Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?

«Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

«Туысқан ел»

Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілднрін «бірімен-бірі туысқан» деп айтады.

«Терезесі тең жатыр»деген сөздің мәнән қалай түсінесіңдер? Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы тыңдалады мұғалім толықтырады.

Дәйексөз

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»деген мақалға балалардың назарын аударту оның мәніне тоқталу.

Жаңа ақпарат

«Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді»деген жаңа ақпаратпен оқушыларды таныстырады.

Ойын-жаттығу

Балалар үш топқа бөлінеді

Біріншітоп үш түрлі ұлттың тілінде Отан туралы тақпақ айту.

Екінші топ үш түрлі ұлттық бала тәрбиелеудегі бір рәсімін айтып беру.

Үшінші топ үш түрлі ұттық туындағы символдарды атау мен олардың мағынасын түсіндіру.

Тыныштық сәт

Денені түзу ұстап ,көзді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып еркін тыныстайды.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа тлғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минут отырады.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма Дәптерде берілген ашықхатқа бір ұттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келіңдер.

Қорытындылау

Сабақтың тақырыбы туралы ой қорыту үшін оқулықтағы қоржында берілген сөдерді тірек етеді.

Жүректен жүрекке

«Әрқашан күн сөнбесін» әні шырқалады.











1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану белестері

Сабақтың мақсаты: Балалардың «Өзін-өзі тану» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: -3 сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру.

-өзін,өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

-сыйластыққа, кішінейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер,оқулық,қағаздан жасалған қармақ, алтын балық.

Шаттық шеңбер:

-Қош келдіңдер,балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.Бойларыңа сай ойларың да өскен болар.Бір-бірлеріңді асыға күтіп сағынған боларсыңдар,олай болса бәріміз құшақтасып амандасайық.

Балалар шеңберде тұрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге»өлеңін дауыстап айтады.

«Әсемпаз болма әрнеге»

Әңгімелесу

2-сыныпта өткен,үйренгендерін, демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.

Ойын жаттығу

Тапсырма

«Өзін-өзі танудан үйренгенім»тақырыбына әңгімелеу тапсырылады.

Мәтінмен жұмыс

Алтын балық

Сендер кедейдің орнында болсаңдар не істер едің дер?

Сендер алтын балықтан қандай тілек сұрар едіңдер?

Дәйек сөз

«Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі»

Дәптермен жұмыс: өзін-өзі танудан не үйреңгін келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, тілектеріңді бос жолдарға жазыңдар.

Қорытындылау

Қоржында берілген түйінді сөздерді пайдаланып, бүгінгі сабақты қорытындылау.

Жүректен жүрекке

Жасұландар жыры шырқалады









2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өмірді танып білуге құштарлық

Сабақтың мақсаты: Өмір ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

-өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;

-өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;

-өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, сызба.

Шаттық шеңбер

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық

Адам болғым келеді

Ойы таза мұхйттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегіммен, жаныммен,

Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.

Өзіммен-өзім

Өмірдің мәнін оқушыларға сезіндіру мақсатында мұғалімнің сөзі арқылы рефлексиялық тәсіл ұйымдастырылады.

Әңгімелесу

Өмірді тану не үшін қажет?

Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді айтып беріңдер.

Мәтінмен жұмыс

Ата өсиет

Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай?

Қария өмірді сүю керек дегенді не үшін атты?Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер?

Түйіндеме Мұратқа жету жолын білуге арналған түйіедеме ұсынылады.

Дәйексөз «Өзіңді танығың келсе,адамдарға, олардың ісіне қара»

Дәптермен жұмыс

1тап. «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме жаз.

2тап. «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салу.

Қорытындылау Қоржында берілген түйінді сөзді пайдаланып қорытындылайда.

Жүректен жүреккеҮнтаспадан ән шырқалады «Біз өмірдің гүліміз»



3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Білім- ақиқат бастауы

Сабақтың мақсаты: Балалардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-білімге,оқуға қызығушылықтарын арттыру;

-жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбер

Шеңбер аясында «Кел, балалар ,оқылық!»әнін айтуды ұсынады.

Әңгімелесу

Білім адамға не үшін керек? «Оқу инемен құдық қазғандай» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс «Біліммен байлық»

Дәптермен жұмыс Біліммен байлыққа берілген кестені толтыр.

Білім: сені бағады, досыңды көбейтеді, жұмсағанмен азаймайды, іріп-шірімейді, бүлінбейді,ел құрмет тұтады.

Байлық:сен бағасың, дұшпаныңды арттырады, азаяды, жойылады, жоғалады, тура жолдан тайдырады.

Дәйексөз

«Өнер білім бәріде оқуменен табылған»

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, мақалды- мәтелдерді жалғастырыңдар.

Тыныштық сәті

Ойын «Алғырлар», «Білгірлер»болып екіге бөлінеді ойын ұйымдастырылады.

Дәптермен жұмыс

Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін тауып дәптерге жазу.

(Әріптер,кітап,оқу)

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

Балаларды мадақтау марапаттау.







4 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Мақсаты: Балалрдың «еңбек»құндылығы менеңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;

-еңбек ету іскерліктерін дамыту;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбер

Шеңберге тұрып мұғалім сабақтың кіріспе сөзін бастайды.

-Қайырлы күн менің сүйікті достарым! Бүгінгі күнг сабақ ерекше,әрі әсерлі.

Кел,балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Әңгімелесу

Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендердің сүйікті істерің барма?

Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Балалрдың жауаптары тыңдалып, мұғалім тарапынан түйінделеді.

Мәтінмен жұмыс Өнерлі бала

Әңгеме мазмұны бойынша балалардың пікірін білу мақсатында оларға сұрақ қойылады.

Ата-ана, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?

Дәйексөз «Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

Жаттығу-ойлану

Үштопқа үш дәйексөз беріледі,дәйексөздің айтылуына мән беріп, сол туралыөз пікірлерін айтады.

1-топ. «Ерекше іс істесең, ел таңырқайды».

2-топ. «Сен істі сүйсең іс саған бас иеді».

3-топ. «Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру керек».

Дәптермен жұмыс «Мен сүйікті ісіммен шұғылданамын»айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.

Қорытындылау

Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау.


Жүректен жүрекке Ә.Табылдиевтың өлеңін айтады.


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді.

Мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу.

Міндеттері:

-қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту;

-шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;

-жақсылыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:үнтаспа,оқулық,дәптер, «сиқырлы сақа» түрлі түсті қарындаш,ақ парақ.

Шаттық шеңбері

Балалар бір-біріен жылы лебіз тілектерін білдіреді.

Әңгімелесу

Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыңдар?

Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер.

Қиял-адамның шексіз арманы ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білімі арқылы қиялдағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты.

Тапсырма «Кешегі қиял-бүгінгі шындық»тақырыбына әңгіме құрастыру.

Мәтінмен жұмыс « Ана қиялы»

Аңыз

Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды деп ойлайсыңдар?

Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты? Ол қалай жүзеге асты?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйек сөз

«Армансыз адам болмайды»


Сыныпты үш топқа бөліп әр топқа тапсырмаларды беру.

1-топ.Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.

2-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.

3-топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.


Дәптермен жұмыс Әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар.

Қорытынды Қоржында берілген сөздер арқылы түйіндеп қорытындылайды.

Жүректен жүрекке сабақ соңында балалар жақсылық тұрғысынан қиялдай білу керектігін түсінгендіктерін кезектесіп айтып шығады.


«Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін айтады.

6- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бабалар сөзі-даналық көзі

Мақсаты:Балалардың «даналық» құндылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

-даналық, ақылдылық туралы ұғымларын қалыптастыру;

-ойлау іскерліктерін дамыту;

-ата-баба даналығына өнеге алуға тәрбиелеу;

Көрнкі құралдар: оқулық, дәптер, даналық суреттер.

Шаттық шеңбері:

Шеңберде тұрып Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңін айтады.

Әңгімелесу

Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?

Даналық сздерден не үйренуге болады?

Даналық дегеніміз-асыл сөздер, қасиетті сөздер, өсиет сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер.Олар бізді әдептілікке, жақсы адам болып өмір сүруге жетелейді.Ал дана адам деп айтар ойын нақты да дәл, шұбырламай бір-екі сөзбен жеткізетін ақылды, көпті көрген адамдарды айтамыз.

Мәтінмен жұмыс «Ата өсиеті»

Сендер «талап», «еңбек»днген сөздерді қалай түсінесіңдер

«Ақыл -жастан»дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?

Тапсырма Санамақты оқып керекті тиісті сөздерді тап.

Ойын « Даналық сөздер» атта ойын ұйымдастырылады.

Мысалы, «Ұ»әрпі деп допты балаға лақтырсақ. Бала «Ұяда не көрсе ,ұшқанда соны ілерсің»деп жауап беру керек. «С»- «Сабыр түбі сары алтын», «Ж»- «Жасаған жақсылығыңды міндет етпе».

Дәйексөз «Әдептілікті данадан үйрен»

Дәптермен жұмыс Атаның батасын аяқтап жаттап алыңдар.

Қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабақтан түйіндеген ата-бабаның өнегелі, нақыл сөздерді бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады. Сондықтан ол өшпес мұра.

Жүректен жүрекке Мұғалім өлең жолдарын айтады, балалар қайталайды.

Алтын сөз

Ұсақ болма, ірі бол! Кім болсаңда әйтеуір

Өз отаңның гүлі бол! Азаматтың бірі бол!

Ата-анаңның көзінің , Туған елдің ұлы бол!

Сөбейтұғын нұры бол! Ойға тоқы, парқын сөз,

Ата сөзі-алтын сөз.


8 Сабақ

Сабақтың тақырыбы:Отан сүйген ұланбыз

Мақсаты: Балалардың «Отан», «махаббат» құндылықтыры туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру;

-Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;

-Отанын сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен сәлемдеседі.

«Өсіп келе жатырмыз»әнін бірге шырқайды.

Әңгімелесу

Отан неліктен қымбат?

Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?

Отан –ол аналарың, туған жерің, елің,досың,бауырың.Сенде отанның бір бөлшегісің. Отан біздің әр қассымызға ыстық. Отан үшін ерлік жасау Отанға деген махаббаттан пайда болады.

Мәтінмен жұмыс.

«Біздің Мәншүк»

Мәншүк Маметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде?

Мәншүк Маметованы ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?

Отан үшін ерлік жасаған тағы кімдерді білесіңдер?

Сендер осындай ерлік жасай аласыңдар ма?

Дәйесөз

«Отан үшін отқа түс -күймейсің»

Тапсырма

Көп нүтенің орнына тиісті сөздерді қойып мақалды жалғастырыңдар.

Отан....(оттан) да ыстық

Туған жерге...(туың) тік т.б.

Дәптермен жұмыс. Отан сөзінің тұсына,оны неге теңейтіндеріңді ойлап жазыңдар.

Қорытындылау. Қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндеу.

Жүректен жүрекке

«Отан туралы» өлең жолдарын сыныппен бірге айту.






9 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ризашылықпен алғыс

Мақсаты.Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері.

-ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін беру;

-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым- қатынасын дамыту;

-әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер, қатты қағаздан жасалған сандық.

Шаттық шеңбер

Ризашылық әні орындалады.

Ризамын бүгін,

Ризамын бүгін,

Ризамын бүгін,

Ризамын қазірге!

Ризамын,ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын,ризамын, ризамын қазірге.

Әңгімелесу

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Мәтінмен жұмыс « Алғыс»

Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?

Анасы балаларына не үшін алғыс айтты?

Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?

Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?

Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт»

Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма:Дәптерде берілген сұлбаға М.Төрежановтың «Алғыс»әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар.


Қорытындылау Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке

«Біздің тілек» өлеңін айтады.





10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өзіңді де,өзгені де аяла

Сабақтың мақсаты: Балалардың «махаббат», «сыйластық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-сүйіспеншілікке,қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа.

Шаттық шеңбер

Бір-біріне құшақ жайып амандасады.

Келші, досым,айналайын,

Құшақтайын, аймалайын бәрі осылайша амандасып шығады.

Әңгімелесу

Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сендерді кімдер аялады?Ал өздерің ше?

Аялау қандай сезімге бөлейді?

-Иә балалар,аялау дегеніміз ата-ананы,достарды, үлкен-кішіні, қоршаған ортаны желеп-жебеу,оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.

Мәтінмен жұмыс «Жанашыр»

Дастанның қызға аяушылық сезімін неден байқауға болады?

Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?

Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?

Сергіту сәті

Алақанмен сипағанда аялап, (бір-бірінің алақанын сипайды)

Жақсы сезім қуанышың тасады. (бір-бірін құшақтайды)

Ақ көңілмен болар бейне саябақ,

Аялаған әр адамның құшағы. (барлығы дөңгеленіп тұрып,құшақтасады)

Жағдаяттарды талдау

Дәйексөз «Аялауды табиғаттан үйрен»

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі ребусты шешіп, шешуін дәптерге жазу.

Шешуі: Аялау-мейірімділікті қажет етеді

Қорытындылау

Қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді.

Жүректен жүрекке

Бәріміздің де жүрегіміз жылы, мейірімді. Сол жылылықпен мейірімді бір-бірімізден аямайық.

«Бөпем менің» әні сыныппен орындалады.



11сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «махаббат»құндылықтары туралы түсіктерін кеңейту.

Міндеті:

-шаңырақ жарастығы,сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,кестес сызылған плакат.

Шаттық шеңбер

Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.

Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.

Мен шаңырағыма бақыт тілеймін және т.б.

Әңгімелеу

Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.

Өз отбасыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер.

-Иә,дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындарыңды бір-біріне сыйластығы,махаббаты, бауырмалдығы, бір-бірімен ынтымағы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.

Мәтінмен жұмыс «Сүйіспеншілік»

Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер?

Сүйіспеншілік бар жерде- байлық пен сәттілік бар дегенді қалай түсінесіңдер?

Тыныштық сәті

Тапсырма Өлеңді оқып, отбасындағы өз көмектерін туралы айтып беру.

Дәйексөз «Шаңырақ сәні-сыйластық»

-Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік,бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсіну шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

Дәптермен жұмыс

-Балалар әр күнді үйдегі, сыныптағы, мектептегі ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. Мерекелік кесте жасау мұғалім тақтаға үлгісін көрсетеді.

Мерекелік кесте

Жүректен жүрекке

-Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүректен бақыт тілеймін. Ал сендер де достарыңнын шаңырақтарына жақсы тілектеріңді айтыңдар.Жүрек жарды тілектерін кезектесіп айтып шығады .

«Балалы үй- базар » әні айтылады.





12сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сіз деген-әдеп,біз деген-көмек

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-өзара сыйластыққа қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

-бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;

-өзары сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:оқулық, дәптер, түрлітүсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.

Шаттық шеңбер

-Балалар, «Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық.

Әңгімелесу

Өз ара сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсеттіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Бірлік

Жалғыз боп істеген жұмыстан көп боп жасаған істің қандай айырмашылығы бар?

Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімгебөленесіңдер?

Жалғыз істегенде ше?

Сахналау Бес нәрсеге қашық бол!

Қатысушылар:Мұғалім,Қанағат,Рақым,Терең ой, Талап, Еңбек.

Сыныппен бірігіп берілген жағдаяттарды талдау.

Дәйексөз

«Көп жүрген жер-көңілді,

Көп еңбегі-өнімді» мағынасын ашып түсіндіру.

Ойын- жаттығуы

Балалар бізге Алпамыс келе жатыр.Алпамысқа демалатын үй керек.

Сол үйді мақалдың жалғасын табу арқылықұрастырайық.

1.Көпшіліктен... кетпес (береке)

2.Берекеден...кетпес (мереке)

3.Татулық-табылмас... (бақыт)

4.Игілік басы...)ынтымақ)

5.Бірлігі... ел тозады (жоқ)

Бірлігі... ел озады (Бар)

Дәптермен жұмыс.Берілген тапсырманы орындау.

Жүректен жүрекке.



13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер

Мақсаты: Балалардың сыйластық,достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

-шыдамдылық,сабырлық,ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-жағымды қарым-қатынас жасауға іскерліктерін дамыту;

-көпшілікке, әділдікке,кешірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер,оқулақ, «алтын сақа»

Шаттық шеңбері

«Айгөлек» әні шырқалады

Әңгімелесу

Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?

Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

1-топ.Аяқталмаған ойын

Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады?

2-топ Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұланның әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

Мәтінмен жұмыс Қызғаныштың кесірі

Назым мен Шынар неге ренжісіп қалды?

Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?

Апасы Назымға қандай ақыл айтты?

Сендерде сондай жағдай кездесті ме?

Дәйексөз

Бәрінен күшті адам – өзіне өзі ие болатын адам.

Мағынасын түсіндіру.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма:Ойын кезінде достарыңнынң арасындағы ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды бос жолдарға жазыңдар.

Қорытындылау.

Сұрақтар арқылы қорытындылау.

Жүректен жүрекке

Достықты қадірлей біл!

Әділетті болайық!

Мәдениетті болайық!

Әдепті болайық!

Бір біріне айтып шығады.



14 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұл балаламен қыз бала

Сабақтың мақсаты: Балалардың сыйластық,достық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;

-өз ара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер, оқулық,екі плакат, жанатын шам, маркер.

Шаттық шеңбер

«Біз-туған ел баласы» әні шырқалады.

Әңгімелесу

Қыз бала мен ұл баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Берілген жағдаяттарды талдау.

Мәтінмен жұмыс «Кімнің жұмысы»

Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?

Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Шығармашылық жұмыс

Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді

Ұлдарға: Қыз баланың бойындағы қасиеттерді жаз.

Қыздар:Ұл баланың бойындағы қасиеттерді жаз.

Дәйексөз « Ел ұлымен берік,қызмен көрік»

Ойын

Егер мен ұл болсам,егер мен қыз болсам атты ойын ойналады.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Дәптерде берілген ұл мен қыздың суретінің жан-жағына «Мен қандаймын?»

Мысалы: ұқыпты;сүйкімді;көрікті;батыл; көпшіл;сыпайы; мейірімді; әдепті.

Қорытынды

Қоржында берілген сөздерді пайдаланып сабақты қорыту.

Жүректен жүрекке

«Ұл бала мен қыз бала» атты ән шырқалады.








15 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Сабақтың мақсаты:Балалардың достық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-татулық,достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-достыққа, татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар;үнтаспа,дәптер,оқулық,саңырау құлақтың үлгісі.

Шаттық шеңбер

Татуласу әнін хормен айту.

Әңгімелесу

Достық,татулықты қалай түсінесіңдер.

Достарыңды ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едің дер?

Жағдаяттарды талдау

Мәтінмен жұмыс

«Күштісің енді сен»,-деді

Бірлесе көтерген жүк жеңіл деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Мақалдың мағынасын ашу, толық түсінік беру.

Сахналау «Саңырау құлақтың саясы»


Жаңа ақпарат. Мұғалім оқушыларға дос, достық сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: «Досыңды құрметте»нақыл сөз шығу үшін әріптерді дұрыс орналастырыңдар.

Қорытындылау

Достықтың күші-бірлікте, кепілі- татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап, қол үшын беруге әрқашан дайын болайық.

Жүректен жүрекке

-Адал достық тілеймін!

-Досым, сені сыйлаймын!

-Қиын шақта қолдаймын!

-Ынтымақ тілеймін!

-Татулық тілеймін!

-Достықты қадірлеймін!





16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дос болайық бәріміз

Сабақтың мақсаты:Балалардың достық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-татулық,достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

-достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-достыққа, татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар;үнтаспа,дәптер,оқулық,саңырау құлақтың үлгісі.

Шаттық шеңбер

Татуласу әнін хормен айту.

Әңгімелесу

Достық,татулықты қалай түсінесіңдер.

Достарыңды ренжітіп алсаңдар,қалай татуласар едің дер?

Жағдаяттарды талдау

Мәтінмен жұмыс

Сазды хикая ертегісі

Бірлесе көтерген жүк жеңіл деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Мақалдың мағынасын ашу, толық түсінік беру.

Сергіту сәті.


Жаңа ақпарат. Мұғалім оқушыларға дос, достық сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

Дәйек сөз « Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»


Дәптермен жұмыс

Тапсырма: «Досыңды құрметте»нақыл сөз шығу үшін әріптерді дұрыс орналастырыңдар.

Қорытындылау

Достықтың күші-бірлікте, кепілі- татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап, қол үшын беруге әрқашан дайын болайық.

Жүректен жүрекке


Дос болайық бәріміз әні шырқалады.







17 Сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек- жақсы тілек

Сабақты мақсаты: Балаларды мейірімділікке,қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-жақсы тілек, ізгілік, ізеттілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-мейірімділікке, ізеттілікке, тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық, үнтаспа.

Шаттық шеңбер :Мұғалім балаларға шеңбер айналасына жылы лебіздерін білдіруді ұсынады:

Әңгімелесу

Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

Ал өздеріңе жылы сөз айтып,жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөліндіңдер?

Тыныштық сәті

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тышыштық сәтті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:

Мәтінмен жұмыс

Жылы жүрек, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Жақсы ата

Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер?

Дәйексөз

«Жақсы сөз-жан семіртер»

Тапсырма

Тапсырмада оқулықта берілген суреттердегі кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Тілек

Қорытынды

Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:

Жүректен жүрекке

Бала тілегі әні шырқалады






18-19 –сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала-әдепті бала

Мақсаты: Балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-ұқыптылық, жинақтылық,әдептілік туралы түсінік беру;

-сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту;

-құыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер,оқулық.

Шаттық шеңбер

Балалар бір-біріне лебіздерін білдіріп «Мен өсемін» өлеңін шырқап береді.

Әңгімелесі

Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Ұқыптылық не үшін керек?

Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Ұқыптылық


-Асланның ұқыптылығын неден байқауға болады?

-Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?

- «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сендер өз уақыттарыңды қалай үнемдейсіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

«Ұқыптының уақыты мол»

Ұқыпты бала әрқашан өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқада да, оқуға да, ойынға да,жақын туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.

Тапсырма

Көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақал-мәтелді, жаңылтпаштарды оқыңдар.

мақалдар

1...-ның тоны тозбас,

...-дың ісі оңбас.

2. ...-тылық –істің көркі.

Жаңылтпаш

...бала-

Кітапты түптеп тастады.

... бала

Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

Жаттығу- ойлану

Балалар үш топқа бөлінеді. Әр топ ұқыпсыздықтан арылудың жолдары туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіреді.1-2 минут уақыт беріледі.Әр топ өз ойларын ортаға салады.

Түйіндеме

Түйіндемеде оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беріледі.

Мәтінмен жұмыс Дәме

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?

Жаңа ақпарат

«Ұқыпты адам тәртіпті, тыңғылықты болады. Ондай адам өз іс- әрекетінде үнемі жинақылық танытады.»

Тапсырма

Оқушылар өлеңді оқып, сұрақтарға жауап береді.

Қарапайым ереже

Сенің ше бұл қандай ереже?

Өзің қандай ержелерді сақтайсың? Неліктен?

Жаңа ақпарат Сабақ тақырыбына сәйкес берілген жаңа ақпаратпен танысып, әдептілік туралы түсініктерін бекітеді.

Сахналау

Көшедегі, қоғалдық көліктегі, жол үстіндегі және табиғат аясындағы мінез- құлық ережелерін сахналап беріңдер.


Түйіндеме

*Сыныптастармен санас,оларды құрметте.

*Сыпайы,достық пейілмен сәлемдес.

*Сыпайылық және әдептілік ережелерін сақтау табиғи болуы тиіс.


Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Ұқыпты және ұқыпсыз бала туралы ойларыңды кестеге жазыңдар.

Қорытындылау

Сабақты қоржында берілген сөздерді пайдалана отырып қорытындылайды.


Жүректен жүрекке

Сынып оқушыларымен шеңбер құрып тұрады да Мүбәрәк жаманбалиовтың «Бір аптада» өлеңін қосылып оқиды.





20-21 –Сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Мақсаты:

-өмірдің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-өмірге қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін арттыру;

-өнерпаздыққа,өнерді,сұлулықты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,дәптер, оқулық, ақ парақ (бала санына сай), қоржын,сақина түрлі түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбер

Шеңбер аясында сәлемдесуӨмірді таны өнер қу өлеңін оқиды.

Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өмірінде не үшін үйренеді? деп сұрақ қойып, әңгімелеседі.

Мәтінмен жұмыс

Құмға салған сурет

Әбілханның өмірге деген құштарлығы қалай көрінді?

Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Сергіту сәті Өнер қимыл қозғалыспен көрсету.

Жаттығу ойлану

Мұғалім өз ойынан тапсыпсырма береді. Балалар соны өмірде қалай ұқсастырып қолдануға болатындығы туралы ойланып, айтып береді.

Тапсырма

Тапсырма бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, өз өнерлері туралы айтып беру ұсынылады.

Дәйексөз

«Адамның сәні –өнер, білім, ақылы» деген даналығынын мәнін ашу.

Мәтінмен жұмыс

Ақын деген кім?

Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?

Жаңа ақпарат

Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма:

Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешіңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар және оның мәнән түсіндіріңдер. Шешуі: Өнерлі бала сүйкімді.

Қорытындылау

Өнерлі деп текқана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылын ұқсатып, өнерін біліміне, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып қол ұстасып тұрады. Үнтаспада домбырада орындалған баяу сазды күй естіледі. Балалар күйдің әуенімен тербеліп, бір-бірінің қолын бұрынғыдан да қаттырақ қысады. Өтебай Тұрманжановтың «Бәрі жақсы өнердің» өлеңін айтады.


Әлеует

Өнерліге өлім жоқ (ертегісі) оқылады.

Балалар ертегіні мұқият тыңдап ертегі мазмұнын толық айтуға тырысад. Сұрақтар қою.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба? жоспары ?зін-?зі танудан

Автор: Абдрахманова Гульназия Сарсембаевна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297220


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства