kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cаба? жоспары ?ліппе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ерте?гілік жоспарлан?ан т?рде ?тті.Балалар е? ал?аш ?ол?а ал?ан о?улы?ынан ал?ан білімдерін к?рсете отырып, ?ле? айтып,би билеп ?з ?нерлерін орта?а салды.О?ушылар бір-бірімен араласып,ой б?лісіп тал?ылай салыстырып, ?з ойларын орта?а салды.Ата-аналар?а балаларыны? фото суреттерімен слайд ар?ылы к?рсетіліп,тіпті кейбір ата-аналармен ?она?тар к?зінен жас к?рінді.Ерте?гілік со?ында ата-аналар мен о?ушылар ма?тау ?а?азымен,сертификаттармен марапатталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cаба? жоспары ?ліппе»




Сабақтың тақырыбы: Әліппе – білім бастауы
Сабақтың мақсаты:
Мақсаты:     Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
    Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік: Әліппе, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд 

Мұғалім:
-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «ә» сыныбы шәкірттерінің «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Оқушылар:
Армысыздар, құрметті ұстаздар!
Ардақты ата-аналар !
жүргізуші:1 «ә» сыныбы оқушыларының «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер !
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар:
Ол, сүйікті Әліппе !
Мұғалім :
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !
(6 оқушы шығып кетіп Әліппені алып келеді, қолдарында Әліппе жазуы бар шар)
Әліппе:
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !

Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Алижан: Ә — әлемді
Әлімжан: Л – легімен
Нұрасыл: І – ізгілік
Әлінұр: П – парасатпен
Ақнұр: П – паш
Мансұр: Е – етеміз.
Мұғалім:
— Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
-Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз ?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер ?
Әлімжан: Мектеп кеме, білім теңіз.
Алижан:Мектеп-білім ордасы.
Мұғалім: Ендеше , «Әліппе» әнін орындап жіберейік
Ән: Әліппе
Мұғалім: Қане, балалар, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
Алижан:
Іші толы әріпке
Мынау әйбәт Әліппе.
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе.
Нұрасыл:
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен
Әлінұр:
әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа
Ақнұр :
бар кәтапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы
Сабина:
келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны әліппе

Мұғалім:
-Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, бүгін біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?
Мансұр:
Алфавитің «А» тұрады басында ,
Дильназ:
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Әлімжан:
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде ?
Жанель:
А-деген ол аналар ғой ардақты,
Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Мұғалім:
-Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.
Алижан: (Математика)
Мынау менің кітабым,
Аса құрмет тұтамын
Шөліркесем ашып сан
Білім нәрін жұтамын
Біздің келер шамамыз
5-ке 3-ті қосамыз
10-нан 5-ті алып,
Жауабын тез табамыз.
Мұғалім:
-Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер ?

Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Нұрасыл:
Бір дегенім-білім,
Білім-жарық күнің

Сабина :
Екі-дегенім-еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Әлінұр :
Үш дегенім-үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Ақнұр :
4-дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.
Дильназ:
5-дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Мансұр:
6-дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Жанель:
7-дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
Әлімжан :
8-дегенің –сенім,
Сүйенішің сенің.
Алижан:
9-дегенің талғам,
Тура жолға салған.
Әлімжан:
10-дегенің –Отан,
Отанды сүй ботам.
Мұғалім:
-Балалар,біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.
Нұрасыл:
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Алижан:
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Әлінұр :
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Әлімжан:
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
Жанель:
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім:
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
-Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық .
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
-Әрине ол, 5 пен 4. Ендеше ол бағаларды ортамызға алайық.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай , 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.
Ән: Ұстазым
Мұғалім:
-Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?
Хормен:
Әліппеге рахмет !
Әліппе:
-Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар !
Хормен:
Қош, қош Әліппем!
Мұғалім :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Қыздар Биі

Келесі бөліміміз Ойлы болсаң озып көр деп аталады

СЛАЙД
Мұғалім:
-Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет !
Мұғалім:
— Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі келеді.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-ұраным
Ана тілім-құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Ана тілі:
Төтеп беріп сынға
Қайыспаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
-Елдің атын кім дейміз?
Хормен: ( Қазақ елі )
Таулары бар ең биік
Даласы бар жер ұйық
Бұл қай ел?
Хормен : (Қазақстан)
Ана тілі: Биыл елімізде қандай мереке бар ?
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24жыл толады.
Қазақ хандығына 550 жыл ,ҚР Конституциясына 20 жыл
МҰҒАЛІМ
Біз 1 «ә» сынып оқушылары
-Нені үйрендік ?
1. Алижан -Оқуды
2 дильназ Жазуды
3-нұрасыл есеп шығаруды
4 сабина: ән айтуды
5-жанель: би билеуді
6мансұр: үлкенді сыйлауды
7әлімжан: кішіге қамқор болуды
Біз нені ажырата білеміз ?
9Әлінұр: жақсылық пен жамандықты
10Ақнұр: ақ пен қараны
Біз нені сүйеміз ?
12 мансұр: Отанды
13әлімжан: ата-ананы
14-алижан: халқымызды
15 ақнұр:достарымызды
16 жанель:ұстазымызды
17 дильназ: мектебімізді
Біз кім боламыз ?
18-әлінұр: адал азамат,
19 совет ақнұр: ақылды ару
20нұрасыл: оқымысты ғалым
Ұлдар Биі

-Мынандай , білімді, өнерлі, тәрбиелі, тату, ұжымы жарасқан, елін, жерін сүйетін, Тәуелсіздік туын биік ұстап өсіп келе жатқан оқушылары бар мектепті ешқандай дау ала алмайтынына бүгін менің көзім әбден жетті. Ендеше, осы білім ордасында ұлттық рухты, дарынды балалар көбейе берсін деп тілеймін .

Сертификатты табыс етуге ,ата-аналарға алғыс хат табыс ету салтанаты оқу ісінің меңгерушісі Даумова Г .Қ беріледі .Ата-аналарды шақырамыз
Мұғалім:.Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.
Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын !































































































































01


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Cаба? жоспары ?ліппе

Автор: Пазылова Жанбота Нуралбековна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 313897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства