Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. 2 сынып. "Ж?рна? пен жал?ау"»
Ашық сабақ
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сынып: 2
Өткізген: Нурпеисова Жибек Сакеновна
Еңбек өтілі: 19 жыл
Санаты: 2
Білімі: жоғары
Рудный қаласы 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау молайту.
Міндеттері: Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату. Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру. Ой-өрісін дамыту. Сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
-Балалар біз бүгінгі сабақта өткен сабағымызда өткен жұрнақ пен жалғау тақырыбын жалғастырып, пысықтаймыз. Ол үшін өздерің отырғандай 3 топ болып жұмыс жасаймыз. Топтың атын білу үшін мен сендерге бейне сөз жасырылған парақшалар үлестіремін, сол бейнесөзді шешсеңдер өз топтарыңның аты шығады. Топ аттарын анықтадыңдар енді өз білімдеріңді толықтырулырыңа,білімдеріңді көрсетулеріңе және жақсы баға алуларыңа тілектеспін. Мен осы сендердің сабақ бойы қандай әсерде болғандарыңды, қаншалықты түсінгендеріңді білу мақсатында алдарыңа білім ағашын іліп қойдым. Соған сендер сабақ соңында бүгінгі сабақтан өз алған білімдеріңді көрсететін боласыңдар.Ал мен сабақта дұрыс жауап берген оқушыларға қиындыалмалар үлестіріп отырамын, соңында алмалардың саны арқылы бағаларың анықталады. Бүгінгі сабақта қандай баға алғыларың келеді? Ендеше тақтаға көңіл аударыңдар.
2. Психологиялық дайындық.
-Бәріміз көтеріңкі дауыспен оқиық.
«5» болсын алар бағамыз, Бiлiмнен бақыт табамыз, Өнер бiлiм көп оқып, Өсе берсiн санамыз.
3. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.
-Өте жақсы, саналарың өссін десеңдер «Қайталау білім анасы» деген бар ғой, өздеріңе таныс «6 қалпақ» әдісі бойынша өткен сабақтарда өткен материалдарды есімізге түсіріп қайталайық. (интерактивті тақтада көрсетіледі)
1-топ: Ақ қалпақ: Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?
Тексер.(Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)
1-топ: Сары қалпақ: Мына сөздерге қосымша жалғап айт. Етік, егін, кітап.
Тексер. Етікші, егінші, кітапхана.
2-топ: Қызыл қалпақ: Мақалда оқы, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, ерекшелігін айт.
Еңбек – ер аттандырады.
Еңбектің түбі – рахат.
Тексер. Еңбек түбір сөз. Ал еңбектің деген сөзге тің деген жалғау жалғанып тұр
2-топ: Жасыл қалпақ: Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мен ғарышкер боламын
Аспан, аспан, арайлым.
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын.
Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкерсөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
Тексер. Ғарыш+кер
3-топ: Қара қалпақ: Түбір сөзге жұрнақты да, жалғауды да жалғау керек болса қайсысы бірінші жалғанады?
Дәптермен жұмыс. -Өте жақсы балалар. Мен сендердің өткен сабақтарды жақсы түсінгендеріңді байқап отырмын. Енді сол білімдеріңді жалғастырыңдар. дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.
Қаңтардың он тоғызы.
Сынып жұмысы. (Көркем жазу)
Жж
жи жу же
Жидекті жуып же.
–Біз нелер жаздық? Әріп, буындар, сөйлем. Көркем жазуда не байқадыңдар? Бәрі ж әрпінен басталған, жазған буындармен басталған сөздер. Сөйлемді хормен оқиық. Тағы нелерді жуып жеу керек? Ал сендер алманы жақсы көресіңдер ме? Жақсы көрсеңдер мына ағаштағы алмаларды тездетіп санап шығыңдар. Оның нешеуі қызыл? Қайсысы көп?(математика)
(Интербелсенді тақтада алма ағашы көрсетіледі) Азат жолдан осы санды сөзбен жазыңдар. Енді осы сөзге қосымша жалғап үтір арқылы 7 сөз жазып шық. Жетіген, жетістік, жетім,жетісі, жетілік,жетінші, жетіге. Қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екенін ажырат, белгісін қой.
Сергіту сәті: Тапсырмаларымыз әрі қарай жалғасады. Тапсырмаларды орындамас бұрын аздап күш жинап, жаттығулар жасап алайық.
«Балапандар» биі
Мен сендерді тағы да сынағым келіп тұр. Ол үшін «Алтын ағаш» ертегісін тыңдауларыңды өтінемін. Енді сендер осы мәтін бойынша тапсырмалар орындайсыңдар, мұқият тыңдаңдар.
(Интерактивті тақтада мәтін бойынша сурет көрсетіліп тұрады, әр топқа мәтін парақшада да ұсынылады)
Алтын ағаш ертегісі
Ерте-ерте, ертеде,біз білмейтін сиқырлы өлкеде бір қария өмір сүріпті. Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті.
Қарияның сол ағашында алма өседі екен. Шал алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен. Оның көршісі шалдың бұл тірлігін қызғанып,түнде келіп ағашты кесіп алады да, оны өз үйінің бағына отырғызады. Ағаш өспей, жапырақтары сарғая бастайды.
Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағашының жоқ екенін байқайды.
Ағаштың өспей жатқанын көрген көршісі кешірім сұрап, алма ағашын әбден қурап қалмай тұрғанда шалға қайтарып береді.
Қария ағаштың түбіне су құйып күтіп, баптай бастайды. Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді.
- Ертегіні түсіндіңдер ме? Мінекей балалар біз осы ертегі арқылы біздің сөзімізде түбір болмаса мағынасы болмайтынын байқадық. Ендеше жұрнақ пен жалғаудың да түбірсіз өз мағынасы болмайды.
Ал енді тапсырмалар орындауға кірісейік. Әр топ тапсырмаларды карточкадан рет-ретімен оқып, орындайды.
топ:- (дүниетану)
Алтыншы сөйлемді тап, оқы.
2 . Өспей қалған себебін дәлелде.
3 . Қарамен берілген сөздің жалғауын тап, белгіле.
4 . Білім ағашына келіп түсіндіріп айт. Ағаш өсу үшін не қажет? (мәтінді алдарына беру)
2 топ:-(дүниетану) А3 қағазында беріледі.
Мәтін не туралы?
Ағаштың мүшелерін ең негізгісінен бастап, нөмірленген дөңгелекшелердің ішінежалғау жалғап жаз, белгісін көрсет.(мәтінді, алма ағашы салынған суретті алдарына беру)
3 топ: (әдебиеттік оқу) Мына мақал-мәтелдердің ертегінің мазмұнына сәйкесін ғана қалдырып, артығын сызып таста. Қалған мақалдарды оқып, сөздердің жұрнақ жалғанған сөзді тауып, астын сыз, белгісімен белгіле.
1. Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң кәсібі жұғар.
2. Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
3. Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,зиянын тигізбейді,
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.
Жақсы жолдас сыр шашпас.
3. Жақсы балалар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, бәріміз тақтаға қараймыз. Бұлар нелер? Сөздер қандай тұлғада тұр? (түбір) Бұл сөздерден сөйлем құрау үшін не жетіспей тұр? (қосымшалар) Ендеше әр топ өзіне тиісті сөздерге қосымшалар жалғап сөйлем құрастырыңдар, оны дәптерлеріңе жазыңдар. Әр топ өздері құрастырған сөздерін оқиды. Жұрнақ не үшін керек? Жалғау не үшін керек?
«Түбір» тобы
Бала мектеп біл ал
Нұржан тауық жем шаш
«Жұрнақ» тобы
Өнер сахна ән айт
Әнуар әже көмек
«Жалғау» тобы
Кітап кітап ал
Айнұр дүкен қалам сат ал
Тақтадан тексеріңдер.
1.Балалар мектепте білім алады.Нұржан тауыққа жем шашты.
2.Өнерпаз сахнада өнер көрсетті.Әнуар әжесіне көмектесті.
3.Кітапханадан кітап алдым.Айнұр дүкеннен қалам сатып алды.
III. Сабақты қорыту.
1. Енді мен сендердің жұрнақ пен жалғауды қаншалықты меңгергендеріңді білгім келеді. Ол үшін оқулықтарыңның 104 бетіндегі 288-інші жаттығудың тапсырмасын оқиық. Төмендегі сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қойып жазып шық . Біз бұл тапсырманы мына парақшаларда орындайық. Әр топ өз бетінше конверттегі қиынды қосымшалардың тиістісін жапсырып, тақтаға әкеліп ілсін.
IV. Бағалау. Енді өздерің жинаған фишкаларыңды санаңдар. Кім бестен көп жинаса сол 5, төрт фишка жинағандар 4, ал одан төмен жинағандар 3. Кейбір жұмыс істемей отырған балалар келесі сабақта жауап беруге тырысады деп ойлаймын.
V. Рефлексия. Өте жақсы балалар, мен сендердің көп нәрселерді білетіндіктеріңді байқадым. Ал сендер білім ағашына келіп стикерлеріңді іле қойыңдар.Түсіндім түсінбедім білгім келеді