kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?лемін ?ор?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы : Жануарлар ?лемін ?ор?ау.

Саба?ты? ма?саты: 

БІЛІМДІЛІК: О?ушыларды? жануарлар ж?нінде ал?ан т?сініктерін ке?ейту, жануарларды? таби?ат?а ж?не адам?а келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар ?лемін ?ор?ау  б?кіл адамзатты? парызы екенін т?сіндіру.

ДАМЫТУШЫЛЫ? : Жануарлар, оларды? тіршілігі, мекен ортасы,пайдасы туралы танымды? ?абілеттерін, ой- ?рістерін, д?ниетанымды? к?з?арастарын дамыту.

Т?РБИЕЛІК : Таби?атты, ?орша?ан ортаны, жан- жануарларды ?ор?ай білуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?лемін ?ор?ау»

Сабақтың тақырыбы : Жануарлар әлемін қорғау.

Сабақтың мақсаты :

БІЛІМДІЛІК : Оқушылардың жануарлар жөнінде алған түсініктерін кеңейту, жануарлардың табиғатқа және адамға келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар әлемін қорғау бүкіл адамзаттың парызы екенін түсіндіру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ : Жануарлар , олардың тіршілігі , мекен ортасы ,пайдасы туралы танымдық қабілеттерін , ой- өрістерін , дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.

ТӘРБИЕЛІК : Табиғатты, қоршаған ортаны , жан- жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрден тыс.


Әдіс –тәсілдері : Интер белсенді

Стратегиялары : Ой қозғау, эссе жазу, пікірталас, шығу парағы, бағалау .

Көрнекіліктері : Суреттер, сызбалар , шағын мәтіндер, кестелер, конц карта

Пәнаралық байланыс : Ана тілі

Сабақтың барысы : 1Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау:

  1. Жылы лебіз білдіру.

  2. «Қарлы кесек» ойыны.

3. Топқа бөлу : ( сурет бойынша атау )


  1. Үй тапсырмасын тексеру :

«Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі»

  1. Түсінгендері бойынша мазмұндату.

  2. Суреттегі жануарлардың пайдасы мен мекен ортасы туралы әңгімелеу.


4.Өтілген материалдарды пысықтау :

Сызбамен жұмыс : Сызбадағы топтар бойынша жануарларды атау, Мекен ортасы мен пайдасы туралы айту :

түрлері

1-топ : СҮТҚОРЕКТІЛЕР мекен ортасы

пайдасы



түрлері

2-топ : ҚҰСТАР----------- мекен ортасы

пайдасы




түрлері

3- топ : БАЛЫҚТАР------- мекен ортасы

пайдасы


түрлері

4- топ : БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР------ мекен ортасы

Пайдасы


5.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі :

а ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ә ) Мағынаны таныту.

1. ЭССЕ жазу: 4топтағы оқушылардың әрқайсысы : 1. Жануарларды қалай қорғауға болады ? 2.Оларды қорғау үшін қандай шаралар қолдануға болады ?

3.Жан-жануарларға қалай қамқорлық жасауға болады ? - деген сауалдар төңірегінде өз ойларын эссе түрінде жеткізеді .

2. Эссені тыңдау , талдау.


  1. Мұғалімнің қызыметі : а ) Оқулықпен жұмыс :

    • Мәтінді оқып , таныстыру.

    • Мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу.

    • «Қызыл кітап» туралы кең, ауқымды түсінік беру. (Айнұр )

ә ) Дәптермен жұмыс :

Қорықтардың аттарын жаздыру : Алматы, Ақсу- Жабағылы , Барсакелмес , Қорғалжың, Наурызым, Марқакөл.

Жануарлар : Барыс, арқар, елік, марал, сілеусін, Түркімен құланы.

Құстар : Тарғақ , бірқазан, дуадақ , құмай, лашын , бүркіт, кекілік.

Балықтар : Ақмарқа , Түркістан қаязы, пілмай, көкбас немесе осман.


6. Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру :

Танымдық тапсырма : Мәтінмен жұмыс :

4 топқа түрлі қағазға жазылған шағын мәтіндер таратылады .

Жүргізілетін жұмыс түрлері : - Әр топ мәтінді өз ішінде оқу, талдау.

-Концептуалды картаны толтыру.

-Ортаға мәтінді карта бойынша түсіндіру, талдау.


1- топ : Қорықтар : «Ақсу-Жабағылы» , «Алматы».

Концептуалды картаның үлгісі :

Қорықтардың аты:

Ашылу мақсаты:

Мекендейтін құстар

Жануарлар









2- топ : Құстар : «Қызғылт бірқазан», «Тарғақ», «Жорға дуадақ».

Концептуалды картаның үлгісі :

Құстардың аты:

Мекен ортасы:

Кему себебі :

Пайдасы:










3- топ: Жануарлар : «Қарақал», «Түркістан сілеусіні», « Барыс».

Концептуалды картаның үлгісі :

Жануардың аты:

Мекен ортасы:

Кему себептері :

Қорғау шаралары:











4- топ : Балықтар : «Кит», «Камбала».

Балықтың аты:

Немен қоректенеді ?

Пайдасы:

Ерекшелігі :











7. Сабақты бекіту :

1.Ой қозғау ! «Жануарлар әлемін шарлау.»

Әр топтың табиғатқа , жан-жануарларға , құстарға байланысты білетіндері:

1- топ : Халықтың салт-дәстүрлері . Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы арыстан.

Көлге келіп қонады,

Көлдің көркі болады.

Аңшы бірақ атпайды.

Аққудың бар обалы.

Үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарып салған. Қарлығаш үй іргесіне ұя салса ұясын бұзбаған. Төбеден түсіп келе жатқан өрмекшіні құтты қонақ келеді деп өлтірмеген.

2- топ :Мақал- мәтелдер. Шағала келмей -жаз болмас.

Аққу-құс төресі.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

3- топ : Жұмбақтар. Орманда жоғары

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ )

Үлкен балық , суда жүзген,

Таба алмас тұрақ жерден.

Аузы бар , тілі жоқ.

Терісі бар, жүні жоқ.

Жүрегі бар ізі жоқ,

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды. (Балық )

4- топ : Тыйымдары . Аққуды атуға болмайды.

Малды кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама.

Малды басынан теппе.

Киікті атқанды киесі ұрады,

Елікті атқанды егесі ұрады.


2. Шығу парағын толтыру :

Білемін

Білгім келеді...




8. Үйге тапсырма: 1.Мәтінді оқу ,мазмұндау.

2. Альбом жасау.

3. Қосымша материалдар жинақтау.

Бағалау : Бағалау парағы бойынша оқушылар білімдерін өздері бағалайды ;

Топ оқушыларының аттары :

1.Үй тапсырмасы :

2.Эссе жазу.

3.Танымдық тапсырма.

4.Ой қозғау !















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?лемін ?ор?ау

Автор: Байбекова Карлыгаш Ергалиевна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 324939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства