kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "?йді жапсыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рылысшы маманды?ы бойынша та?ырыпты ашып, ?йді т?рлі т?сті ?а?азбен жасату, жаса?ан ?а?азды? шы?у тарихымен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "?йді жапсыру"»

Сабақтың тақырыбы: Үйді жапсыру
Сабақтың мақсаты: Құрылысшы мамандығы бойынша тақырыпты ашып, үйді түрлі түсті қағазбен жасату, жасаған қағаздың шығу тарихымен таныстыру. Қағазбен жұмыс істеулерін жетілдіру, дамыту.Достарына көмек көрсету арқылы оқушыларды мейірмділікке, адамгершіілікке, сыйластыққа, әсемдікке, әрбір адаммен дұрыс қарым – қатынас жасауға, үнемділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, аппликацияның түрлі үлгілері, түрлі - түсті қағаздар, қайшы,геометриялық фигуралар, қатырма қағаз.


Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндіру, жүйелеу, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы.


I. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын алып дайындап аламыз.

-Хормен: Психологиялық дайындық

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Алдыңғы сабақта өсткен тақырыпты қайталап өту


IIІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім:

  • Қандай мамандық иелерін білесіңдер?

  • Мұғалім, дәрігер, сатушы, өрт сөндіруші, полиция, күзетші және т.б

  • Олар не істейді?

  • Мұғалім сабақ береді, дәрігер емдейді, сатушы сатады, полиция қылмыскерлерді ұстайды.

  • Дұрысайтасыңдар, мамандықтарды біледі екенсіңдер. Әрі қарай балалар бәріміз мына ертегіні тамашалайық.

  • Сонымен күшік не жасап жатыр?

  • Үй

  • Жасады ма?

  • Үйді кім жасайды?Қандай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?


  • Құрылысшы. Дұрыс айтасыңдар, құрылысшылар үйлерді,ғимараттарды, мектептерді жасайды.

  • Балалар үйді немен жасауға болады?

  • Кірпіштен, ағаштан жасауға болады. Балаларға арнап матадан, пластмассадан жасауға болады.

Мұғалім: - Балалар жанағы күшік үйді жасай алмады. Ал күшік мына ормандағы достарына көмек көрсетемін деп уәде берген. Бірақ ол әлі өзіне де салған жоқ. Ал құрылысшы ағай көп ғимараттарды жасап шаршап қалды. Ендеше мына достарына біз жасап берейік. Олай болса балалар ол үшін біз мына қорапшада сурет бар соны бір-біреуден алыңдар. Кімге не түсті? 3 топқа бөлінеді

І топ – қоян

ІІ топ – аю

ІІІ топ – түлкі


-Ал, енді біз мына күшіктің достарына қолымыздағы түрлі –түсті қағазбен жасаймыз. Қағаздың шыққаны туралы видио ролик 1.Қағазды неден жасайды?

Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып ,үгіндіні әбден майдаалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.

2.Қағаздың қандай түрлерін білесің?Оларды не үшін қолданады?

Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар,ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі -түсті қағаздар, қатырма қағаздар.)


ІY. Сергіту сәті


Y.Сарамандық жұмыс


Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керек.

  • Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.

  • Қайшыны ашық күйінде қалдырма,қайшыны қабына салып қой.

  • Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.

  • Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.

  • Желімді ашық қалдырма және аузына салма.

  • Түрлі түсті қағазды үнемдеп ұста.

  • Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.


-Ендеше балалар бастаймыз алдарында плакат тұр, соған жапсырасыңдар. Біреуің үйдің төбесін қиып алыңдар,ол қандай фигураға ұқсайды.

Біреуің қабырғасын қабырғасы қандай фигураларға ұқсайды.

Басқаларың есігін, терезесін , мұржасын салыңдар.,


Y І. Қорытынды:

    • Сонымен балалар біз не жасадық?

    • Қандай фигуралармен жасадық?

    • Ал, әр топ өздерінің жасаған үйлері туралы айтып беріңдер.


YІІ.Бағалау: Геометриялық фигураалармен әр топты бағалаймын.


YІІІ.Үйге: Балалар үйде сурет дәптеріне өздерің қалаған үйді түрлі – түсті қағаздар арқылы жасап келеміз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "?йді жапсыру"

Автор: К?рібаева Л?ззат ?бді?али?ызы

Дата: 01.09.2016

Номер свидетельства: 341900


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства