kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?ты? т?рлері. Топыра?ты ?ор?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?ты? т?рлері. Топыра?ты ?ор?ау.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а топыра?ты? т?рлерге б?лінуі, жергілікті жерде ?андай топыра?ты? т?рі кездесетінін, оларды? ма?ызын ж?не ?ор?ау шараларымен таныстыру.

Т?рбиелік: Топыра?ты ?ор?ауды ?о?ам алдында?ы аса ма?ызды міндет екенін ??ындыру, ту?ан топыра??а деген с?йіспеншілігін арттыру.

Дамытушылы?: Д?ниетанымын сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?ты? т?рлері. Топыра?ты ?ор?ау»

Дүниетану

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Топырақтың түрлері. Топырақты қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға топырақтың түрлерге бөлінуі, жергілікті жерде қандай топырақтың түрі кездесетінін, олардың маңызын және қорғау шараларымен таныстыру.

Тәрбиелік: Топырақты қорғауды қоғам алдындағы аса маңызды міндет екенін ұғындыру, туған топыраққа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта: презентация қолдану. Қазақстанның физикалық картасы, кесте, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Танысу және қонақтармен сәлемдесу арқылы оқушыларды өзіме тартып алу.

2. Бүгінгі күнге бір- бірімізге не тілейміз?

Спикер сайлап алу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Жұппен жұмыс жасайтындарын айтып кесте тарату.

2. Топырақ туралы не білесіңдер, не білгілерің келеді жазып беріңдер /5-8 минут/

3. Тексеру. Әр жұптан бір оқушы не білетінін оқиды.

4. Әр топтан бір оқушы не білгісі келетінін оқиды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Сендер топырақтың түрлерін оны қалай қорғауды білгілерің келсе, бүгінгі сабақта көріп, танысып білесіңдер.

2. Сұрақ-жауап

- Мына үш суреттің айырмашылығы неде?

Оқушыларды тыңдау.

Өзім толықтырамын.

Бірінші суретте өсімдік жайқалып, тегіс өсіп тұр. Екінші суретте өсімдік селдір өскен. Үшінші суретте өсімдік жоқ. Ол- тақыр. Өсімдіктің осылай өсуі неге байланысты?

Орыстың ғалымы Василий Васильевич Докучаев топырақ туралы ғылымды негіздеуші. В.В. Докучаев топырақ жер шарында белгілі заңдылықпен орналасқандығын дәлелдеген. Ол климат ерекшелігіне, осы жерді мекендеген жануарлар мен өсетін өсімдік әлеміне байланысты топырақтың түзілуіне әсер ететінін айтып, қорғаған.

Өсімдігі жайқалып, жап-жасыл болып, тегіс өсіп тұрған жердің топырағы - қара топырақ. Қара топырақтың түсі қоңыр өйткені шірінді мол. Қара топырақ жердің беткі қабатында 70 см дейін орналасады. Қара топырақты аймақ біздің республикамыздың солтүстігін алып жатыр. Біздің облыс қара топырақты аймаққа жатады. Солтүстік аймақтардың оңтүстігіне қарай жауын-шашын азаяды, оның да көбі буланып кетеді. өсімдік қалың болып өсуге ылғал жетіспейді. Селдір өсімдіктен қара шірік те аз қалады. Сондықтан топырақтың түрі оңтүстікке қарай бозғылт тарта түседі. Бозғылт топырақта мол өнім алу үшін мұндай топыраққа тыңайтқыш зат көбірек сепкен жөн.

Жауын-шашын аз жауатын оңтүстік аудандарда жазғы ыстықтан топырақ қатты құрғайды. Жер астындағы ылғал топырақтың беткі қабатына көтеріледі де кеуіп қалады. Ылғалмен бірге түрлі тұздар да жер үстіне шығып, қабыршақтанып қатады. Бұл- сор. Сор дегеніміз - тұзды батпақ жер. Сор топырақтың түрі қара топыраққа қарағанда ашық түсті. Өйткені оның құрамында қара шірінді жоқ. Сор тьопырақ Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Сор топыраққа өсімдік сирек өседі. Егер топырақта тұз көп болса, топырақ беті өсімдіксіз тақыр болады. Тақыр жер мынадай болады /сурет/. Топырақты зерттеуші ғалымдар тұзды топырақты егіншілікке пайдалану жолдарын іздестіруде.

2. Дәптермен жұмыс: Топырақтың түрлерін сызбамен дәптерлеріне түсіндіріп алады.

3. Пәп аралық байланыс арқылы топырақты қорғауға көшу.

Сабақтың басында топырақты қорғауды да білігіміз келеді дегенсіндер.

Не себепті топырақты қорғаймыз?

Ата бабаларымыз табиғатты, табиғаттағы өсімдіктерді аялап, қорғай білген. Тіпті топырақта өскен жаңа өскінді аяқпен басуға тыйым салған. Белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың «Әй, табиғат» деген өлеңінде мынадай жолдар кездеседі.

«Табиғатқа таласпандар, ағайын!

Асырайды ол сені, мені, елді де

Әемілік, көрік беріп, түрлендіреді.»

ІV. Сергіту сәті.

«То-пы-рақ» сөзін иекпен, мұрының ұшымен, көзбен жазу.

V. Оқулықпен жұмыс. Топырақты қорғау. 73- бет

Түртіп алу әдісімен жұмыс істеу. Үлестірмелі қима қағаз таратылады. 5 минут уақыт беріледі.


ν Білемін

- білмеймін

+ жаңа ақпар

? таңқалдырады





Білемін деген 1-2 оқушының жауабын тыңдау.

Білмеймін, жаңа ақпар деген 2-3 оқушыны тыңдау.

Жаңа ақпар туралы келіспейтіндерің бар ма?

Таңқалдырған не?

Топырақты неге қорғаймыз?

VІ. Мұғалімнің сурет бойынша әңгіме арқылы жаңа сабақты түсіндіруі.

1. Құрғақшылық ұзаққа созылған жағдайда жыртылған егіс алқабындағы топырақ қатты кебеді де оның майда бөлшектерін жел оңай ұшырып алып кетеді. Көп жердің топырағын жойып жіберетін шаңды борандар осындай болады. Бораннан кейінгі жерге өсімдік шықпай осындай болып қалады.

2. Таулы ормандарда топырақты шайылудан орман өсімдіктері сақтайды. Сонымен қатар жерді кесе – көлденең жырту арқылы сақтық жұмыстары жүргізіледі.

3. Адам әрекетінен мысалы жер қазу жұмыстарының әсерінен де топырақ қабаты бұзылады.

4. Қыста егіс даласына қар тоқтату жүргізіледі. Тракторға тіркелген соқа қарды жал-жал қылып үйеді. Жел айдап келе жатқан қар осы жалдарға тіреліп тоқтайды. Енді егістікте көктемде ылғал мол болады.

5. Жерді тыңайту үшін алып техника арқылы егіс даласына тыңайтқыш сепкіштің көмегімен миниралды заттар себіледі.

Тыңайтылған топырақ мол өнім береді.

VІІ. Рефлексия. Не білдік? ( Кестенің үшінші бөлігін толтыру)

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Өзім сабақты толық қорытындылаймын.

Спикерге сөз беру.

«5» деген бағаны кімге қоясың? Неліктен?

«4» деген бағаны ше?

«3» деген баға қоясың ба? Кімге? Неліктен?

Өзіңе -өзің неше қоясың? Неліктен?

Спикер баға қоюға қиналса, өзім оқушы жауаптарын әділ бағалаймын.

Сабақтың соңы.











































Шығармашылық есеп

Сан алуан мамандық ішінен мұғалімдікті мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімнен бастап арман еткен едім.

Мен Баймульдина Алма Уахитқызы 1973 жылы Павлодар қаласындағы Воровский атындағы педагогикалық училищені аяқтап,ұстаздық еңбек жолымды Лебяжье ауданының Жаңа таң сегіз жылдық мектебінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі болып бастадым. 1979 жылдан Май ауданы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптарының мұғалі болып 28 жыл еңбек етіп келемін. 1992 жылдан бастап бірінші санатты мұғалім дәрежесіне ие болдым.

Менің әдістемелік мәселем: «Жаңашыл технолог яғни, сын тұрғысынан ойлауды тиімді қолдана отырып, оқушылардың таным қабілеттерін арттыру».

Өзімнің іс-тәжірибемде мектебіміздің үлгілі, тәжірибелі ұстаздардың педагогикалық технологияда жаңашыл еңбектеріне сүйендім. Сонымен қоса аудандық оқулар, озық іс-тәжірибелер, әдістемелік басылымдар, ақпараттандыру технологиялары, тәжірибе алмасу, мектепішілік семинарлар, облыстық мұғалімдер біліктерін арттыру курстары арқылы өз білімімді үнемі жетілдіріп отырамын.

Мен 2000 жылы «Қазақстан Республикасының білім мазмұнын жетілдіру», 2002 жылы «Түрлі жасты және деңгейлі топтағы оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен басқару», 2006 жылы «Бастауышты оқытудың мазмұнын технологияға негіздеу» тақырыбы бойынша облыстық педагог- мамандар біліктілігін арттыру институтында өз білімімді жетілдірдім.

«Оқушы – ұстаз айнасы» дегендей білімді шәкірт ұстазынан көрінеді. 2004 жылы оқушым Хамат Айсұлтан бастауыш сыныптар арасындағы аудандық олимпиадада математика пәнінен 3 орынға ие болды. Қайратбек Диляра 2006 жылы халықаралық математикалық «Кенгуру» ойын-сайысында 2 орынға ие болды. Қасымов Әділжан мен Айткен Гүлмира 2007жылы облыстық интеллектуалдық «Ақбота» марафонында 3 орынға ие болды.

Менің оқушыларым оқытуда үнемі жоғары сапа көрсеткіштерін көрсетеді. Бастауыш сатыда озат оқыған оқушылар орта және жоғары сатыда өз білімдерін растайды. Оның айғығы - Арынов Дастан, 11 сынып оқушысы, 2005 жылы негізгі мектепті үздік куәлікпен бітіріп, биыл үздік аттестатқа үміткер. Тұрсынова Фариза, 10 сынып оқушысы, 2006 ж негізгі мектепті үздік куәлікпен бітірді. Айткенова Айнұр, 9 сынып оқушысы, үздік куәлікке үміткер. Бүгінгі таңда Фариза мен Айнұр «Ертіс дарыны» мектебінде сырттай оқиды.

Өзім 2006 жылы оқу бөлімінің ұсынысы бойынша аудан көлемінде шағын комплектілі мектептерде дамыта оқыту технологиясы бойынша өз тәжірибеммен бөлісіп семинар өткіздім.

Менің еңбегімнің жемістері мектеп, аудан, облыс, республика көлемінде бағаланып түрлі марапаттаулар берілді.

Шын жүректен балаларды сүйіп, өзінің жолын беріп, еңбек еткен мұғалім үмітін солардан көреді екен. Менің алдымнан ұшқан алғашқы шәкірттерім жолымды қуып ұстаз болып та үлгерді. Олар: Канапина Айнұр, Мырзагожина Гүлдана, Казбекова Гүлбақыт.

«Еліміздің болашағы - білімді ұрпақта» демекші оқушы өз білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте болу өмірдегі қажеттілік деп санаймын. Оқушы тұлғасының болашаққа болжамы төмендегідей болады деп ойлаймын. Оқушы алғыр, ізгі ойлы, пән олимпиадасының жеңімпазы бола алатын, ғылыми жоба жасай алатын және жан-жақты тұлға болу керек.






































Өткізген: Мусалимова И.С













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?ты? т?рлері. Топыра?ты ?ор?ау

Автор: Байбекова Карлыгаш Ергалиевна

Дата: 09.05.2016

Номер свидетельства: 324937


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства