kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "?аза?стан" ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

2-сыныпты? ба?дарламасы бойынша 3-то?санында ?ткізілген. Ауыт М??ибекті? "?аза?стан" ?ле?і бойынша.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "?аза?стан" ?ле?і»


Әдебиеттік оқу 2сынып. Сабақ тақырыбы: Қазақстан. Ауыт Мұқибек

Сабақ мақсаты:

Білімдік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі,математика
Көрнекілігі: ашықхаттар, фломастер, слайд, оқулық, дәптер, түстер арқылы бағалау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық

Шырылдайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Қонақтарға бас иіп

Қош келдіңіз айтамыз

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Қыс айларын атау

Мақсұт Неталиев «Желтоқсан»  мәнерлеп оқу.Қалаған шумағын жатқа айту.

Желтоқсан айының мінезін сипаттау.

Желтоқсан айындағы басты мерекелерді кім айтады?

1-желтоқсан –Алғашқы Президент күні.

16- желтоқсан –Тәуелсіздік күні. Желтоқсан қаһармандары туралы еске түсіру, суреттер көрсету.

-Президентіміз кім? Ол туралы не айта аласыңдар?

-Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл?- 24 жыл.

Саяхат сабақ. Астана қаласына саяхат.


Енді сіздерге сөзжұмбақ жасырамын сол сөзжұмбақты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Көмірлі қала.

Ел ордасы

Әкенің әкесі

Ұлтымыз

Уақыт өлшеуіші

Бес санының көршісі

Рәміздеріміздің бірі

Ас атасы нан

«Қазақстан» деген сөз шығады.

3.Қызығушылықты ояту.

«Мақалды дұрыс оқы» ойыны.

1.Отансыз бұлбұл- ормансыз адам      -  Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

2.Отан  да ыстық оттан.                        – Отан оттан да ыстық                            3.Отан басталады отбасынан               - Отан отбасынан басталады.

4.Сүйген жанбайды суға,Отанын отқа батпайды. – Отанын сүйген – отқа жанбайды,суға батпайды.

5.Елдің егемен биік еңсесі  -Егемен елдің еңсесі биік.

-Жақсы,балалар.Мақалдарды дұрыс оқыдық.

«Қатонқарағай бекеті»

4.Мағына тану .Оқулықпен жұмыс

«Қазақстан» өлеңін мәнерлеп іштен оқу.

Мұғалімнің оқуы.

Тізбектеп оқу.

                                                                      Қазақстан

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры...

Сарыарқаның даласына

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің

Баққа қолы жеткен күн.

Бостандығым тұңғыш рет

Ақ қанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн.

Тәуелсіздік –ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай бер мәңгі –бақи

Қуанышқа бөлен де.

«Көктөбе бекеті»

Дәптермен жұмыс.

- МЕРЕКЕ,ТӘУЕЛСІЗДІК,БАҚЫТ ,ТЫНЫШТЫҚ.

Алдарыңда жатқан ашықхаттарға  осы сөздерді пайдаланып,құттықтау жазыңдар.Ашықхаттарыңды жазған адамдарыңа беріңдер.

Қорытынды:

«Алакөл бекеті»

«Қазақстан» сөзін топтастыру.

6.Үйге тапсырма             

81 бет оқу.

7.Бағалау (Түстер арқылы бағалау)





ӘДЕБИЕТТІК ОҚУДАН ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР (БІРІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ)

Әдебиеттік оқудан орта мерзімді жоспар (бірінші жарты жылдық)

Пән – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие,рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:

оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

—  ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

—  ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

—  талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

—  әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

—  адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

—  оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

—  әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

—  тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

—  кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

Пәнді оқыту ерекшелігі . «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұныны ауыз, жазба, балалар әдебиеті үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді. Мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады. Әдеби-теориялық білімдерді игертеді. Монолог, диалог құруғадағдыландырады. Мәтінменжұмысташығармаатауын, оныңмазмұны мен бастыидеясыменбайланысынтүсінугеүйретіледі.

Пән баланың  көркем сөзді түсінуінде «сезімдік»  саналарын пайдалану, яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа алынып, мәтінді түсінуде музыка, көркемөнер, сурет туындыларының мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.

2-сыныптағы оқытудың басты міндеті — баланы оқуға төселдіру үшін оның жанына жақын, танымына сай ұлттық  құндылықтардарды үйрету.

Қазіргі кезде барлық ақпарат құралдарында адамгершілік құндылықтар азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны белгілі. Әсіресе сондай жат қылықтардың бірегейі — қазақ отбасындағы балалардың ата-анасына деген мейірімділігі азайып, қарттар үйіндегі қазақ аталары мен апаларының санының артуы — дұрыс шешімін табуы тиісті әлеуметтік маңызды мәселе. Осындай күрделі істе оқулықтың, соның ішінде көркем сөздің құдіретін пайдалануға мүмкіндік беретін «Әдебиеттік оқу» пәніндегі көркем шығармалардың мәні өте күшті тәрбие құралы екендігін ескерілген. «Адам болам десеңіз» жалпы бөлімнен басқа жастайынан балалардың бойына ата-анасына, үлкендерге мейірімділік, қамқорлық көрсету мақсатында арнайы «Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» атты бөлім қосылды.

2 -сыныпта маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік»  деген атаулармен берілді.

Бастауыш сыныпта оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:

1)     2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 2-3 өлеңді жатқа айтуды. 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазуды; 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс  белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз, екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуы қажет.

2         ) «Әдебиеттік оқу» пәні  2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "?аза?стан" ?ле?і

Автор: Кошекова Алмаг?л Базаровна

Дата: 03.06.2016

Номер свидетельства: 332447


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства