kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Е?бек б?рін же?бек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Е?бек - ?уаныш, жал?аулы? - айырылмас азап.
Абай
Ма?саты: «Е?бек»адамгершілік ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту.
Міндеттері:
- е?бекті? адам ?міріндегі м?ні туралы т?сінік беру;
- е?бек етуге ?ызы?ушылы?тарын дамыту;
- е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу;
К?рнекті ??ралдар: сюжетті суреттер, жеміс а?аштары, т?рлі - т?сті ?а?аздар, д?птер, о?улы?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Е?бек б?рін же?бек»

Еңбек - бәрін жеңбек


Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.
Абай
Мақсаты: «Еңбек»адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекті құралдар: сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, түрлі - түсті қағаздар, дәптер, оқулық
Сабақ елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен басталады. (1 - слайд)
Шаттық шеңбері (2 - слайд)
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, ән айтады:

Болайықшы осындай
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым - ай
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

Әңгімелесу (3 - слайд)
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
* Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
* Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
* Өздерің еңбектің қай түрімен айналысқанды ұнатасыңдар?
* Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Тапсырма (жұппен жұмыс)
Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді. (2 оқушыға 1 суреттен беріледі)
Мәтінмен жұмыс (4 - слайд)
Мұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген Б. Әділовтың «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар сұрақ бойынша өз ойларын айтады.
Балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады. (5 - слайд)
Сахналау
Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.
Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.
Қайдан келдің бауырсақ?
Ө. Тұрманжанов
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
Нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жақтан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Оқулықтағы суреттер бойынша(жаюлы дастархан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарханға қандай еңбекпен к еледі?»- деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.
«Нан дастарханға қалай келді?» (6 - слайд) (бидай, наубайхана, дүкен сөрелері, бауырсақ пісіріп тұрған әженің суреттері)
Сергіту сәті. (7 - слайд) «Бауырсақ» ертегісі бойынша би қимылдарын жасау.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.
«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс.
«Еңбекқорлар елін» безендіру. Оқушылар жемістер мен көкөністердің суреттерін салып, қиып, жапсырып, бақшаны гүлдендіреді.
Жүректен - жүрекке (8 - слайд) 2 - сынып оқушыларының суреті.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір - біріне жүрекжарды тілектерін айтады







Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

-еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Сын тұрғысынан ойлау әдістері, сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, себет, дәптер, оқулық.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, ән айтады.

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қызығушылығын ояту

Сөзжұмбақ шешу: бірдің көршісі,Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? *Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? *Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? *Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары

-Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су,тағам. Ауа,су- табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні- нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруі не қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі,бәрі де еңбекпен келеді.

Тапсырма

1.Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді.

Мағынаны түсіну

Мәтінмен жұмыс.

Б.Әбіловтің «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» мысал әңгімесін топта оқып түсінеді.

Балалар өз тобында түсінгендерін басқа топқа жеткізеді, әңгімелейді.

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

*«Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Нақыл сөз

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.

Абай

Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеу керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады (атрибуттар киеді).

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө.Тұрманжанов

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім

Нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдін қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан

жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн

тартқан.

-Диірменге келдің қай

жақтан?

-Даладан келдім кең жатқан.

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтағы суреттер бойынша оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы « Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?»- деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Ой қорыту

-Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

Еңбек туралы мақалдар айтайық.

Үйге тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу

Жүректен жүрекке

  • Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.

  • «Еңбек» өлеңі Н. Жанаев

Гүл өсірсең, терлеп, Сабағыңды жөндеп,

Мұның аты – Еңбек. Әзірлесең – Еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін,

Мұның аты – Еңбек. Еңбек қана жеңбек.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Е?бек б?рін же?бек

Автор: Кошекова Алмаг?л Базаровна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315620


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства