kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан ауылшаруашылы?ыны? басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылы?ы туралы т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылы?ы»

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан ауылшаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1.Алған білімдерін саралап,талдауды үйрету.

2.Танымдық белсенділігін,логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,суреттер,Венн диаграммасы,топтастыру.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгендеу.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту.

Дүниетану жер шары,

Дүниетану ел шары.

Табиғатты зерттейтін,

Білімнің төл кітабы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .

"Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары"тарауының "Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері"тақырыбы бойынша түсінік айту.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген бір өсімдік немесе жануар туралы шағын мақаланы оқыту.

Өз жеріңдегі су қоймалары туралы әңгімелеу.

Топырақтың құнарлығын сақтау үшін қандай шаралар қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

Жұмбақтар жасыру

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.  (Алма)

Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?  ( Мақта)


Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.  (Қарбыз )

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да.  (Бидай)

Начало формы


Мағынаны тану.

Ауылшаруашылығы сөзіне ассоциация .




Ауылшаруашылық




Өсімдік шаруашылығы Мал шаруашылығы




Дәнді дақыл Бақша Егістік


Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтіннің бірінші бөлігін оқыту.

-Егіншаруашылығына не жатады?

-Өсіру дегенді қалай түсінесіңдер?

"Керек өсімдікті тап"дидактикалық ойын

Өсімдіктің аты

Қай топқа жатады?

Қайда өсіреді?

Өсіп тұрған өсімдіктің қай бөліктері көзге көрінеді?

Бұл өсімдікті не үшін пайдаланады?

2.Мәтіннің мал шаруашылығы жөнінде жазылған бөлігін оқып,сұрақтарға жауап береді.

-Мал шаруашылығы деген не?

-Малшының еңбегі туралы не білдіңдер?

-Мал шаруашылығы мен өндірістің арасында қандай байланыс бар?Дәлелдеңдер.

Проблемалық жағдайды шешу.

Пікір айту.

ІҮ.Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық

Ү. Қорытынды. Венн диаграммасы

Суреттерді көре отырып, оқушылар ойларын жинақтап, қорытынды жасайды.

Егіншілік Мал шаруашылығы








Ортақ қасиеті

Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

1.Мазмұнын айту

2. Мал шаруашылығында, егін шаруашылығында қолданылатын машиналардың суретін салып келу.

3. Ауылда малды қалай бағады?(Әңгіме жазу.)












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылы?ы

Автор: К?рібаева Л?ззат ?бді?али?ызы

Дата: 01.09.2016

Номер свидетельства: 341895


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства