Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Дыбыс ж?не ?ріп»
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп. 487-493 жаттығулар. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау.Дауысты және дауыссыз У. Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау,сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Берілген жаттығулар арқылы елін, жерін, тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс. Көрнекілік: ''Дыбыс, әріптер'' картасы,сөйлем, суреттер, қимақағаздар. Жоспар: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасымен тексеру. III. Жаңа сабақ. IY. Жаңа сабақты бекіту. Y. Қорытындылау, бағалау. YI. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Үй тапсырмасымен жұмыс: Білімді жан-жақты тексеру кезеңі. ''Кім білгір?'' ойын ұйымдастыру немесе қатар аралық жарыс. -Дыбыс деген не? -Дыбыс түрлерін ата. -Дауысты дыбыс түрлері.(жуан, жіңішке) -Дауыссыз дыбыс түрлері.(қатаң, ұяң, үнді) -Дыбыс пен әріптің ерекшелігі т.б. Оқушылардың білімді белсенді меңгеру дайындау кезеңі. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыс және дыбыс әріптерін меңгеру барысын пысықтау. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). 487-жаттығу. 1. Сөздерді оқы. 2. Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? 3. У дыбыстары бар сөздерді тап. 488-жаттығу. 1. Сөздерді буынға бөліп жаз. 2. У дыбысының алдындағы дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін айт. Аула, ауыр, қуаныш, жауыс, тәулік, сауда, сауысқан, сусын, серуен. Сергіту сәті. 489-490 жаттығуды орындау. 1. Жұмбақты жатқа жаз. 2. Шешуін тап. 3. И,й дыбыстары бар сөздерді тап. 4. И мен й-дің қайсысы дауысты? Сөздік диктант. Аспан, отан, қыркүйек, бөлтірік, шешен, үзеңгі, аурухана, өнерпаз, диірмен, жұмысшы, тау, қалампыр, үйірме, уыз, көбелек, оқу, әже, театр. Тапсырма: Сөздерді алфавит ретімен жаз. 1. Сөздерге и, у әріптерінің тиістісін қойып жаз. 2. Қай әріп жазылмайды? Оқы-оқу, көш-көшу, жылы-жылу, тасты-тасу, тоқы-тоқу, қуыр-қуыру, жу-жуу. Тоқы-тоқиды, толқы-толқиды, таны-таниды, шалқы-шалқиды. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Үйге тапсырма: Дыбыс пен әріп. 491-492-жаттығу. 1. Дыбыс және оның түрлері. 2. Дауысты дыбыс және оның түрлері. 3. Дауыссыз дыбыс және оның түрлері. 4. Сөзге дыбыстық талдау жасау. 5. Алфавит ретін жатқа білу. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.