Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «А?ан сері» Бек То?ысбай?лы.»
Әдебиеттік оқу 4 сынып Жуалы ауданы.
№ 11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі
Құлтаева Қарлығаш
Сабақтың тақырыбы: «Ақан сері» Бек Тоғысбайұлы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Ақан Сері әндерінің өз өмірімен байланысы туралы айту, оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық :оқушылардың ән иірімдерін дұрыс ести білу, қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға үйрету;
Тәрбиелік :оқушы бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, практикалық жұмыс, өз бетімен жұмыс істеу, ішінара іздену, ән айту, музыка тыңдау
Көрнекіліктер: Ақан Серінің портреті, оқулық, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ және тапсырмалар жазылған слайдтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы бойынша Балуан Шолақ.
Қайталау - білімнің анасы
1-топ Құлагер
2-топ Қараторғай
3-топ Көкжендет
4-топ Сәйгүлік
Оқулықпен жұмыс
Ақан сері туралы түсінік
Құлагердің даңқы
Қараторғай атанған бүркіт
Құлагерге қастандық
Жылқының қасиеттері туралы түсінік
Қымызы ауруға ем болады
Денесіне құрт түспейді
Иісіне жылан жоламайды
Ат – ер қанаты
Сасыған суды ішпейді
Оқулықтағы сөздерге түсіндірме.
Шілдехана-нәрестенің дүниеге келу тойы.
Жарату-баптау, дайындау.
Күндеуші-қызғаншақ, көре алмаушы адам.
Поэма-өлеңмен жазылған оқиғалы шығарма
Тапқыр болсаң, озып көр ( топтастыру)
1 топ Жарық жұлдыздар
2 топ Алты Алаш
3 топ Ақан сері
4 топ Бес жол өлең.
1. Ақан сері
2. Өнерлі талантты
3. Шығарады, орындайды, үйретеді
4. Дәстүрлі ән өнерін дамытушы
5. Сазгер
« Тіл- өнер сайысы»
Ойланайық азырақ,уақытты үнемдеп.
Кім шығады қанеки, «Жауабын мен білем »деп.
ІІІ. Бекіту сабағының мақсатын айту.
1-топ. Қазіргі кездегі салт-дәстүрлі той-жиындарды білесің бе? Саған қайсысы ұнайды?
2-топ. Батыраш пен Қотырашқа қандай ақыл айтар едің?
3-топ. Ақан серіге қалай тоқтам немесе көңілін көтеретін сөздер айтар едің?
4-топ. Сенің де күтіп – баптайтын жануарларыңа деген сезіміңді білдір.
ІV. Оқушы білімін жан-жақты тексеру.
Топтық жұмыс Оқушылар Ақан сері әндері «Қараторғай», әнін оқушылар жарыса отырып, әнді ритммен қалмай орындау.
«Қараторғай» әнін орындау..
ІІІ. Қорытынды
Қазақ ежелден-ақ өнерді сүйіп өскен халық. әншілер мен күйшілерін, ақын-сазгерлерін еркелетіп, «сал», «сері» деп атаған. Ғасырлар қойнауынан келіп бізге жеткен ән-жырларды ұрпақтар сабақтастығымен әрі қарай жалғады. Соның нәтижесінде ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың баға жетпес асыл мұрасымен бүгінгі ұрпақты сусындаттым. Қазіргі оқушыларын халқымыздың асыл мұрасын қастерлеуді біледі, бағалай алады.
Ата-баба дәстүрін әрі қарай жалғастыратын да осы ұрпақ.