kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк Авторы Мәриям Хакімжанова

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала Мәншүк 

Білімділк: Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк Авторы Мәриям Хакімжанова»

«№45 бейімделген орта мектебі»КММ









Ашық сабақ





Тақырыбы: Бала Мәншүк





















Сынып жетекшісі:Ултанбаева.Г.С.



2017-2018 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Бала Мәншүк
Сабақтың мақсаттары:
Білімділк: Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Дамытушылық : Оқушылардың сабақ тақырыбын өздігінен талдай білуін, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдай білуін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушыларды шағын топтармен жұмыс істеуге, сол сияқты сыйластық дағдыларын қалыптастыруға, топ мүшелерін оқу материалдарын дұрыс меңгеруге, бір – біріне достық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ассоциация құру, топтық жұмыс, ББҮ кестесі, Жиксо№1, Жиксо №2, 5 жолды өлең,
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәриям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

І. Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл»
- Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова
- Әлия туралы білімімізді жинақтайық. Әлия қалай естеріңде қалды.
Ассоциация құру (ватман тарату)
(байсалды, қайратты, ақылды, өжет, қайсар, жауынгер, батыр, ержүрек, батыл)
I топ Әлия бала кезінде қандай болған?

II топ Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?

III топ Қандай батыр қыздарды білесіңдер?

Әр топ тапсырмаларын қорғайды.
II. Мағынаны ажырату. Ой қозғау
- Ә. Молдағұловадан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? (Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров)
- Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?
(Мәншүк Мәметова)
Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызда М.Хакімжановнаның «Бала Мәншүк» естелік әңгімесімен танысамыз.Онда өзінің асқан қайсарлығымен, батылдылығымен, табандылығымен көзге түскен ержүрек батыр Мәншүк Маметованың балалық шағы жайлы сөз қозғалады 
1. БББ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке - жеке орындайды
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
Қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағының батыры.
2. БББ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
-Мәншүк пен Әлия соғыста бір - бірімен кездесті ме?
-Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
-Пулеметші болғаны рас па?
2. «Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 2 сұрақты сыныпқа ж ариялап айтады.

Балалар, сендер білгім келеді бөлімін топтастырғанда тереңірек білгім келеді дедіңдер ғой, Қазір мен бейнефильм ұсынамын.
- Қандай сезімде отырсыңдар бейнефильнен кейін?
- Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды? (18 жаста)
- Қай жерде және қай жылы дүниеге келген екен?

Бейнефильмнен «білгім келеді» бөліміндегі сұрақтарына жауап ала алдыңдар ма?

Мәншүк туралы қосымша мәлімет

Отан қорғау жолыңда қаһармандығымен көзге түскен батыр апамыз Мәншүк Мәметова соғысқа18 жасында өзі сұранып аттанды. Пулеметші болып «Максиммен» жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті түр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең, бір класстың маңдайшасында былай деп жазылған : «Бұл класста Мәншүк оқыған». Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар.

Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта «Бала Мәншүк» туралы М. Хакімжанованың естелік шығармасы бар.
- Мәриям Хакімжанова туралы не білеміз? (Әлия)
- М. Хакімжанова 1906 жылы 16 қарашада Қостанай облысының Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған.Ол мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика институтының жанынан рабфакты оқып, «Әйел теңдігі»журналында жауапты хатшы болып қызмет жасады. Отбасы жағдайымен Орынбор облысына көшіп барып(1934 ж.) Бірнеше жыл аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 
М. Хакімжанова соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін жырға қосып, «Мәншүк»поэмасы ақын еңбегінде үлкен бір белестерге жетті. Ақын өмір бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – аналық сезімді жырлап өтті. 
М. Хакімжанованы барша жұрт құрмет тұтып, ел анасындай ардақтайтын. 
Ақын апамызға «Қазақстан халық жазушысы» құрметті атағы, орден, медальдары берілген. 
Тамаша ақын, әзиз жүректі, аяулы жан Мариям апамыздың асыл бейнесі халық жадында әрқашан сақталады. 
-Бұл әңгіме шығарманың естелік деген түріне жатады. 

- Естелік дегенді қалай ұғасыңдар?
Естелік дегеніміз өмірдегі көрген білген, ойда қалған нәрселерді еске түсіріп айту немесе жазу деген сөз. Бүгінгі танысқалы отырған естелік әңгіме Мәншүктің анасы Әминаның айтқандарынан жазылған. 
Енді, балалар, ЖИГСО әдісін қолданамыз, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз.
ЖИГСО №1 оқу, ЖИГСО №2 талдау.
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір - біріне айтады.

Мәтінді «Болжау» тәсілімен талдау. Сұрақтар:
- Не түсіндіңіздер?
- Әңгімеде қандай қаланың аты берілген?
- Қандай балабақшаға барған?
- Тәрбиешісінің аты кім?
- Мәтіндегі негізгі ой не?
«Ой ширату»
I топ –- Әңгімедегі Мәнсиянің қандай қызықты жайы естеріңде қалды?
ІI топ – Сендердің ойларынша Мәнсия «Моншағым» деген атқа лайықты ма?
III топ – Бес жолды өлең құрастыру.

------------------------------- сүйетін,

---------------------------------баламыз

.----------------------------------жолымен,

---------------------------------боламыз
Топта талдау, сұрақтарға жауап беру.


Батырлық, ерлік туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Қорытынды:
1. ББҮ кестесінің «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Рухани жаңғыру

Қыран құс Әлия мен Мәншүктің бойындағы қандай қасиетін өздеріне аласындар соңы жазып, қыран құсқа жапсырамыз
















Үйге тапсырма:
1. «Бала Мәншүк» мәтінін оқып, мазмұндау
2. «Батырларға ризамын» эссе жазу.
Бағалау -«Шығыстың қос жұлдызы » әні хормен орындау 








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк Авторы Мәриям Хакімжанова

Автор: Ултанбаева Гульнур Сайранхановна

Дата: 30.11.2019

Номер свидетельства: 529454

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "бала М?нш?к "
    ["seo_title"] => string(12) "bala-m-nshuk"
    ["file_id"] => string(6) "193665"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427668699"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Конспект урока на тему "К?ктем жыры.   М?риям Хакімжанова""
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-na-tiemu-koktiem-zhyry-m-riiam-khakimzhanova"
    ["file_id"] => string(6) "312331"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459333593"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства