Сынып: 4 Күні: 27.10.11
Сабактың тақырыбы: Көптік жалғаулары
Сабақтың максаты: Көптік жалғаулардың сөздерге үндестік заңына бағына жалғанатыны туралы мәлімет беру, меңгерту.
Білімділік: Оқушыларға көптік мағына жасаудың аглютинативтік тәсілін меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу шеберліктерін дамыту; қазақша сөйлей-сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтын түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, айтылым, жазылым
Сабактың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Ауызекі сөйлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өлеңді жатқа сұрау.
І. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешу. Қазақстан
1. Сөздік диктант алу.
Счасливый, соседи, единство, чесность, символ
Мұғалім сөзі:
1.Грамматикалық тапқырып. Тыңдалым.
Қазақ тілінде сөздің көпше түрлері –лар, -лер, дар, - дер, -тар, -тер жалғаулары арқылы жасалады.
Мысалы: қала –город, сөз – слово, хат- письмо,
Қала-лар –города, сөздер –слова, хаттар – письма.
жалғаулар | жазылуы | Мысалы |
-лар, -лер | Дауысты және р, й, у үнді дауыссыздардан соң | Бала-лар Аю-лар |
-дар, -дер, | Ұяң және л, м, н, м, ң үнді дауыссыздардан соң | Қалам-дар Сөз-дер |
-тар, -тер | Б, в, г, д ұяң және қатаң дыбыстардан соң | Кітап-тар Бет-тер |
Көптік жалғау
При помощи окончаний: дар, дер, тар, тер, лар, лер образуются слова во множественном числе
После гласных и сонорных р, у, й | -лар -лер | Тау-лар Үй-лер |
После звонких з,ж и сонорных л, м, н, ң | -дар -дер | Адам-дар Өзен-дер |
После глухих и звонких б, в, г, д | -тар -тер | Тас-тар Етік-тер |
Жуан айтылатын сөздерге –лар, -дар, - тар жалғаулары жалғанады.
Жіңішке айтылатын сөздерге –лер, дер, -тер жалғалары жалғанады.
Жазылым. 1-жаттығу орындау.
Сөздерге көптік жалғауларын қосып жазу.
Сөздердің жуан-жіңішкелігін ажырату.
Кітаппен жұмыс. 1-жаттығу. Оқылым.Айтылым.
1. Мақал-мәтелдерді оқу.
2. Асты сызылған сөздерге көптік жалғауларын жалғап айту.
Балық+тар, ел+дер, кісі+лер.
3. Мақал-мәтелдерің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті. Қара жорға немесе?
Жазылым. 3-жаттығу орындау.
А) Оқушылар берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына көптік жалғаудың тиісті нұсқасын жазу.
В) Сөйлемдерді оқу.
Сабақты қорытындылау.
1. Көптік жалғауларын ата.
2. -лар, -дар, -тар жалғаулары қандай сөзге жалғанады?
3. –лер, дер, -тер жалғаулары қандай сөзге жалғанады?
ІҮ. Үйге тапсырма беру .
Ереже жаттау. 2-жаттығу жаттау. «оқушылар», «көшелер», сөйлемдер» сөздеріне морфологиялық талдау жасау. Ү. Бағалау. | Тексерілді: __________________ |