kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? та?ырыбы: С?йлемні? біры??ай м?шелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілінен саба? жоспары Б?л саба? 4 сынып?а с?йлемні? біры??ай м?шелерін танып білуге білімдерін толы?тырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: С?йлемні? біры??ай м?шелері»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелер

Сабақтың мақсаты:Бірыңғай мүшелер туралы түсінік

І Білімділігі: Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер туралы таныстыра отырып, бірдей сұраққа жауап беретін сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері екенін айқындай отырып, тың мәліметтер беру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.

Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

. Сәлемдесу.

. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер

Сөйлем мүшелері - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. Мысалы: Әсемнің әжесі мейірімді, кеңпейіл, ақкөңіл жан.

Көркем жазу. Қараша, желтоқсан, қаңтар сөздерін жазу

1 – жаттығу. Әрбір топтағы сөздерді оқып, сұрақ қоя отырып, қай сөйлем табына жататынын анықта. Артық сөзді тап. Неліктен артық екенін анықта.

  1. Қарағай, қайың, тербелді, қарағаш, қарағаш. (Тербелді).

  2. Ойнайды, секіреді, жүгіреді, ойнақтайды, қалың. (Қалың).

  3. Қыр мұрынды, ашық маңдайлы, он бес, жылы жүзді. (Он бес).

  4. Екі, жүз, көп, алпыс, мың. (Көп).

2- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бірдей сұраққа жауап беретін сөздер сөйлемнің қай мүшесімен байланысып тұрғанын айт.

Үлгілі оқушы → оқулығын → күнделігін → дәптерін күтіп ұстайды. Үлкендерге шөп жинауға көмектесіп жүрген балалар қолдары босай сала айнала → жүгіреді → ойнайды → секіреді. Комбайн астықты → орады → бастырады → ұшырады. Балықты → тормен → қармақпен → аумен → аулайды.

ІV. Сергіту сәті:

Ерте тұрып, күнде мен, Айналама қарасам,

Тереземді ашамын. Ғажаптар қаншама,

Сәлем деймін күнге мен Сан жетпейді санасам

Шаттық әнге басамын. Сәлем деймін баршама!

V. Сабақты қорытындылау:

3 – жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жазып, бірыңғай мүшелер астын сызу.

Күн шайдай ашық, жылы еді. Бұлт та, жел де жоқ. Хамит бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың, қарағай, теректер көрінеді.

4- жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрастырып жаз.

  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

(Оқушылардың жауабы)

6-жаттығу. Сызба бойынша сөйлемдер құрастыру құрастыру



VІ. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу 76 бет.

VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба? та?ырыбы: С?йлемні? біры??ай м?шелері

Автор: Арыстанбек Тазаг?л Базар?ызы

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325718


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства