а) Оқушылар қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы оқып үйренеді, топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді; ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі; б)Табиғаттан үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары; сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, АКТ Көрнекілік және қажетті құралдар: Дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, қалам. Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу.
-Психологиялық кезең
Табиғат қандай тамаша,
Қарайық оған тамсана.
Жүгірген аң -құстардың
Тіршілігі қыста басқаша..
ІІ. -Оқушылар , үйге қандай тапсырма берілді? -Мағжан Жұмабаев «Аққала» өлеңінің бір шумағын жатқа мәнерлеп оқу. -Аққала өлеңінде қыстың қандай бейнесі суреттелген?
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы пысықтау. 1. Қысқы ойын түрлерін айт. (сырғанақ, аққала, коньки, шаңғы тебу, хоккей) 2. Аққала өлеңінің авторы кім? 3. Өлеңде ақын қолданған көркем сөздерді ата. (күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері-меруерт) 4. «Қарды соғып төрт бұрыш» деген жолдан бастап өлеңді жатқа айт. 5. Өлеңде «кесеге» сөзінің мағынасы нені білдіріп тұр? (мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу) 6. Қыс айында құстар қалай тіршілік етеді? (отырықшы құстар туралы айту). 7. Аңдар қыста тіршілігін қалай жалғастырады? ІІІ. Қызығушылықты арттыру. Жұмбақ жасыру. 1. Секектеп бір тұрмайды, Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан). -Өре сөзі бізге таныс па? 2. Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян). Сыныпты екі топқа бөлу
1-топ Құстар 2-топ Аңдар
ІІІ. Жаңа сабақ
1. «Ойлы бала озар» Көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеру.
2. Құйрығы жоғары, жатық.
3. Қоянның құлағы тік, жатық.
4. Қоянның көзі ашық, жабық.
5. Қоян ағаштың сол жағында, оң жағында
2. Топтық жұмыс. Суретте көрсетілген аң мен құс туралы не білесіңдер? «Топтастыру» стратегиясын қолдану.
Аңдар
Құстар
тірі табиғат, аң,өйткені денесін жүн басқан,
қоян баласы-көжек, жыл мзгіліне сай киімін
згертіп, жауынан қорғанады, өте көбейгіш,
үш ай сайн көбейеді, бірақ мейірімсіз тірі табиғат, құстар класына жатады,
отырықшы құс, қыстап қалады, өте сақ,
ұрлық жасайды, жәндіктер және өсімдік
қабығындағы дернәсілдермен қоректенеді. көжегін тастап кетеді.
. 3. Сергіту сәті.
4. Оқулықпен жұмыс. «Қоян» мәтінін оқу
5.Жазушы өмір жолы . М.Дулатов туралы түсінік беру.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысыныңЖанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда,Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
6. «Өзім үшін» стратегиясы. «Қоян» -Әркім өзі үшін мәтінді іштей оқиды; -Әркім өзі үшін қажетті мәліметті түртіп алады; -Топта сурет салуда қолданады -Қорытынды пікірлер сұралады.
Сұрақтар арқылы пысықталады
-Қоян құлағын түріп не істеді? -Келе жатқан кімдер еді? -Олар не жайлы әңгімелесті? -Қоянның саяхаты немен аяқталды?.
ІҮ.Үй жұмысын беру. 1. Міржақып Дулатовтың «Қоян» әңгімесін оқу, түсінігін айту. 2. М.Дулатов шығармашылығы, қыста аңдар мен жануарлар тіршілігі туралы өзің оқыған кітаптан, көргеніңнен, естігендеріңнен мәлімет жина.