Пән: Математика | Мектеп: №1 орта мектебі |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ибраим Сара Орысбаевна |
Сынып: 4-сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Көптаңбалы сандар.Сандардың реті. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.1.1 көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау 4.1.1.2 көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру |
Күтілетін нәтижелер | Барлық оқушылар: -оқуды, 1 000 000-ға дейінгі көптаңбалы сандарды жазуды және салыстыруды, санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтауды білетін болады. Көптеген оқушылар: -1 000 000-ға дейінгі сандардың құрылуын түсініп, 1 000 000-ға дейінгі сандардың құрылуын түсіндіре алатын болады. Кейбір оқушылар: -берілген белгілері бойынша сандар тізбегін құрастыра алатын болады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Кез келген көптаңбалы сандарды дұрыс оқуды, айтқан кезде көптаңбалы сандарды жазып алуды, оларды разрядтық құрамдарға бөлуді, көптаңбалы сандарды разрядтық құрамдардың қосындысы ретінде көрсетуді біледі. Пәндік лексика және терминология: Разрядтық құрамдар; бірліктер, жүздіктер, мыңдықтар, миллиондықтар кластары. Диалогқа/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер топтамасы. Талқылау: –Көптаңбалы сандарды қалай оқиды? –Бірліктер класының атауын айта ма? –Мыңдықтар класының атауын айта ма? –Кестеде жазылған сандарды оқы. Жазу: Көптаңбалы сандардың жазылуы, көптаңбалы сандардың разряд құрамдарының қосындысы түрінде жазылуы, көптаңбалы сандарды салыстырудың жазылуы. |
Алдыңғы алған білім | Көптаңбалы сандардың нумерациясы, үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсету. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сергіту жаттығуы «Кездесу» ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады. Жаңа топ құру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Есіңде сақта! 1.Әрбір класта 3 разрядтан бар. 2. Әр класс бойынша разрядтардың атауы ұқсас: бірліктер, ондықтар, жүздіктер. 3. Бірліктер класында санау бірліктермен, мыңдар класында – мыңдармен, миллиондар класында – миллиондармен жүргізіледі. | Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
Сергіту сәті | Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай» | Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
Сабақтың ортасы | Есіңде сақта! Көптаңбалы санды дұрыс жазу үшін: жоғарғы кластың бірліктер санын жаз; келесі кластың бірліктер санын жаз; ыңғайлы болу үшін әр үш цифрдан оңнан солға қарай санап, арасын ажырат. Дескрипторы: Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядынан бастап салыстырады. 4 тапсырма Туриске айтылған сандарды дұрыс жазып көрсет. Турист жазып алған сандарды оқы. Шетелдік турист айтылған сандарды жазып алғысы келді. Бірақ естуі бойынша жазғандықтан, көп қате жіберді. Оған бес жүз бесті атады, ал ол 5 005 деп жазды. Бес жүз елудің орнына ол 50 050 деп жазды. Бес мың елудің орнына 500 050 деп жазды. Туриске айтылған сандарды дұрыс жазып көрсет. Жауабы: (Сандар сыныптары арасында бос орын қалдыруды ұмытпаңыз.) бес жүз бес = , бес жүз елу = , бес мың елу = 5 тапсырма Көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде қалай жазуға болады? Мысалды қара. Берілген сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. Мысалы: 71 362 = 70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2 902 005 = + + 456 000 = + + 250 452 = + + + + 950 402 = + + + | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. Оқулық Жұмыс дәптерлері, Оқулық |
Сабақтың соңы | Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ойтолғаныс кезеңі. 7 тапсырма Есепті теңдеудің көмегімен шығар. Қала мектептерінің бірінде бастауыш сыныпта 260 оқушы, ортаңғы сыныпта 340 оқушы, ал қалғаны жоғары сыныпта оқиды. Егер мектепте барлығы 980 оқушы болса, жоғары сыныпта қанша бала оқиды? 8 тапсырма. Шығармашылық жұмыс Сен оқитын мектепте қанша бала білім алады? Берілген тапсырмаға ұқсас есеп құрастыр. Жауабы: Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс«Жұлдыздар шеруі» әдісі тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
Қосымша ақпарат |
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау парақтары |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |
Қорытынды бағалау |
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |