Ертеде бір данышпан: — Балам тағамның тәттісін берші, — дейді. Баласы тілден кесіп береді.
— Енді тағамның дәмсіз, ащы жерінен кесіп берші, дейді. Баласы тағы да тілден кесіп беріпті.
Әкесі:
— Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, дәмсіз, ащы жерінен десем де тілден кесіп бердің? – депті.
Баласы:
— Әке, жақсы да, жаман да, тәтті сөз де, ащы сөз де осының бәрі тілден шығады дейді.
— Еее , дұрыс екен балам. Айтарым, осы ақылыңнан ешқашан ажырама,-деген екен.
Міне балалар, тіл адамды жақсы да, жағымсыз ғып көрсетеді. Олай дейтініміз тек жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсақ, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, өз тіліңде сөйлесең сол сенің ана тіліңе деген құрметің.
— Ата Заңымызда «ҚР-ғы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Соған орай «Тіл туралы» Заң қабылданды.
«Тіл» туралы ұлы адамдар былай деген екен. (тақтадан слайд арқылы)
ІІІ. Жаңатақырып:
Оқушылар біздің осыдан түйгеніміз тіл адамға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі екен. Олай болса бүгінгі өтетін мәтініміз, осындай ана, әжелеріміз туралы. Яғни, біз О. Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесімен танысамыз.