Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. 2. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу. 3. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Бес асыл іс – көнсеңіз» -деген Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді жазылып қойылады.
Бағдарлау – мотивациялық кезең:
Балаларға мынадай сұрақтар қойылады:
-Бұл кімнің өлеңі?
– Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
-Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
-Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
-А. Құнанбаев жайлы не білесіңдер .
Абай
Абай Құнанбаев жайлы қосымша мәлімет: өлеңдерңінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жанатаевтың атымен жариялаған. Қазақстанның барлық қалаларында Абай ескерткіштері, Абай көшесі, Алматыда Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жер, біздің Семей қаласында Абай музейі, Абай атындағы театр бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан, әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.
– Ендеше, бүгін біз Абайдың бізге таныс емес жаңа өлеңімен танысамыз. Ол «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталады.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
2 Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту.
3.Мәтіндегі ақынның айтып отырған негізгі ойын анықтау.