kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөзжұмбақ  «С-дан басталатын 8 сөз »

1.Сұйық   зат

2.Заттың  атауы

3.Өсімдік  атауы

4.Ауыл атауы

5.Қарудың  бірі

6.Жоғарғы  оқу  оқушысы

7.Жыртқыш  аң

8.Студентке  төленетін  ақы

Сөздердің  мағыналарына қарай түрлері

синонимдер         омонимдер        антонимдер

Мағыналас сөздер Мыс:ақсақал-қария

Дыбысталуы бірдей,мағыналары басқа сөздер.

Мыс:Ара-Ағаш кесетін құрал.

Ара-жәндік

Мағыналары қарама-қарсы сөздер

Мыс:Биік-аласа.

                                                              ойыл

                                ерік                                                        ағат                                                                            

                            ай                                 өздік

Тау,сөйледі,ағаш,ұялшақ, оқушы,әдемі,он жеті,тоғыз,жүйрік

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Тау,сөйледі,ағаш,ұялшақ, оқушы,әдемі,он жеті,тоғыз,жүйрік.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Тау,сөйледі,ағаш,ұялшақ, оқушы,әдемі,он жеті,тоғыз,жүйрік.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

IV.      Сергіту сәті.

1.     Көл  жағасында  өсетін шөп  (құрақ).

2.     Адамның дене мүшесі    (құлақ)

3.     Сүттен жасалатын тағам  (қатық)

4.     Ыдыс   (қасық)

1

2

4

3







 

V.   Карточкамен жұмыс

Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

                                     №1

Еңбексүйгіш..

Ерте шығып..,                    (құмырсқа, жұмысқа)

Жазда астық.,

Толтырады ас..                  (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш.,

Рақатқа..                              (жатады, батады)

(Н.Жанаев)

                                        № 2

Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра.

Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан, 

малдың.                                

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.

                         №3

1.Жадыраның көйлегі бар.(қызыл)

2.  Далада жел соқты (қатты)

3.Бағдаршамның көзі бар (үш)

VI.Сабақты қорытындылау.

Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады:

                                  заттың

Сөз-                          сапаның                             атауы.

                                  қимылдың

VII. Бағалау.

VIII.

Үйге  тапсырма: 288-жаттығу. 97-бет

Автор: Актаева М.И
Просмотров: 5643
Дата создания

Жол-жал-жел

Жоқ-

Жан-

Жыр-

Жыл-

Балуан

Шолақ

ө

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы»

Әдебиеттік пәнінен 4- сыныпқа арналаған тест


Тарау № 1. « Талаптан да білім мен өнер үйрен» тарауы бойынша тест.
1. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз - .......
А) Мәтіннің атауы Ә) Автордың не айтқысы келетіні
Б) Мәтіндегі оқиға желісі В) Мәтіндегі кейіпкерлер сөзі.

2. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата.
А) Оқушы, мұғалім Ә) Мектеп, кітап Б) Білім, оқу В) Оқу, ойын

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: 
«.....- өшпес жарық, кетпес байлық».
А) Байлық Ә) Мектеп, кітап Б) Даналақ В) Өнер

4. А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңіндегі іздеп тауып алалық тіркесінің мағынасы қандай?
А) Үйрену, оқу Ә) Жоғалған нәрсені табу Б) Жоқты іздеу В) Біреуді іздеу.

5. «Бүгіннен бастап , Мағжан, сен де менің шәкіртімсің» деген кім?
А) А) Ахметден Ә) Мүсілім Б) Бекен В) Гүлім

6. М.Гумеровтың «Күмән» әңгімесі бойынша : « Сонымен, сынып терезесін сындырған кім?»
А) Рақила Ә) Кезекші Б) Боранбай В) Дәуіт

7. Ұршық,өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
А) Б.Ысқақао. « Кім жүйрік?» Ә) А.Құнанбаев. « Адам болам десеңіз»
Б) Р.Босилек. «Жақсылардың жақсысы» В) Қ. Мырза Әли « Мұғалима»

8. « Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
А) Абай Ә) Шәкәрім Б) Ахмет В) Ыбырай

9. « Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген» деген жолдарда кім суреттелген?
А) Батыр Ә) Жауынгер Б) Бала В) Ұшқыш

10. « Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін» деген кімнің сөзі?
А) Шоқанның Ә) Абайдың Б) Шәкәрімнің В) Ыбырайдың























Тарау № 2. « Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауы бойынша.
1. Т.Жароковтың « Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!»- деген өлең жолдарында күздің қай мезгілі суреттелген?
А) Күздің басы Ә) Күздің ортасы Б) Күздің соңы В) Күздің табиғаты

2. Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен......
А) Уылжып Ә) Қызарып Б) Албырап В) Балбырап

3. Бөлімдегі оқиғасы « Ас атасы –нан « деген мақалға құрылған мәтінді ата. 
А) І. Жансүгіров «Малта» Ә) Ә. Табылдиев « Күздің кереметі»
Б) И.Бази. «Жеміс бағында» В) «Егінші мен қасқыр»

4. Сары кілем төселген жер. Тиін.Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
А) Ә. Табылдиев « Күздің кереметі» Ә) Е. Салықов «Күзгі орманның көріністері»
Б) И.Бази «Жеміс бағында» В) Т. Жароков. « Ауыл күзі»

5. « Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылшықты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?
А) Қоян Ә) Тиін Б) Мысық В) Түлкі

6. « Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт-жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
А) Пайымдау Ә) Хабарлау Б) Сипаттау В) Түсіндіру

7. « Борсық – қысқы ұйқыға кеш жататан аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
А) Пайымдау Ә) Хабарлау Б) Сипатттау В) Түсіндіру

8. Абай аударған « Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім? А) И.Крылов Ә) И.Бази Б) В. Сухомлинский В) Р.Босилек

9. И. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа « мысалын есіңе түсір.
« Қарағым, жылт, тамақ бер» деген ненің сөзі.
А) Құмырсқаның Ә) Шегірткенің Б) Баланың В) Қыздың

10.Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?
А) Өре Ә) Күрке б) Қора В) Сөре























Тарау №3. « Туған елім, туған жерім» тарауы бойынша тест.
1. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың,жомарттық пен қырағылықтың нышаны....... А) Күн Ә) Өрнек Б) Қыран В) Жұлдыз
2. Елтаңбадағы « Отан от басынан басталады» деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген? А) Тұлпар Ә) Шаңырақ Б) Жұлдыз В) Күн
3. ҚР Әнұранның әнін жазған кім? А) Ш.Қалдаяқов Ә) Ж.Нәжімеденов Б) Н.Назарбаев В) М.Әлімбаев
4. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке,адалдыққа шақыратын мәтінді ата: А) Ш.Құдайбердіұлы « Бостандық таңы атты» Ә) С.Мәуленов. « Мен елімді сүйемін» Б) С.Сейфуллин. «Туған ел» В) Д.Әбілов. «Туған тілім»
5. Әнұран мен «Бостандықтың таңы атты» мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап. А) Бірлік Ә) Қазағым Б) Еркіндік В) Елім
6.Д.Әбілевтің «Туған тілім- бабам тілі- өз тілім! Туған тілім –ана тілі –өз тілім!» деп келетін өлең шумағы қалай аяқталғанын тап. А) Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Ә) Туған тілім-далам тілі-өз тілім! Туған тілім-адам тілі-өз тілім! Б) Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 
7. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған. А) С.Сейфуллин. «Туған ел» Ә) Ә.Кекілбай. «Ауыл таңы» Б) С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін» В) Ш.Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты»
8. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді? А) М.Мақатаев. «Үш бақытым» Ә) С.Сейфуллин. «Туған ел» Б) Д.Әбілев «Туған тілім» В) Ш.Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
9. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны ........
А) Білім, өнер, ғылым Ә) Бейбітшілік , ынтымақ, бірлік Б) Отан, халық,тіл В) Әке,ана,бала
10. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата:
А) Т.Айбергенов Ә) Д. Әбілев Б) М.Жұмабаев В) М.Мақатаев 


























Тарау № 4 « Ата-бабам тарихы- менің тарихым» тарауы бойынша тест.
1. Бұқар жыраудың « Жау тигенде –жарағым,
Алыстан асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым» деп келетін жыр жолдары кімге арналған?

А) Абылайға Ә) Қабанбайға Б) Бөгенбайға В) Махамбетке

2. Ағыбай батыр есіміне қатысты сөзді ата.
А) Ержүрек Ә) Ақжолтай Б) Қайсар В) Батыр

3. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер.
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер. Ол кім?
А) Махамбет Ә) Исатай Б) Амангелді В) Нұркен

4. Б. Майлиннің « Күлпаш « әңгімесінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?

А) Аштық жылдары Ә) Соғыс жылдары Б) Қуғын-сүргін жылдары В) Жоңғар шапқыншылығы

5. «Ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған ,есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді? деген негізгі ой қандай шығармаға арқау болды?

А) Б.Майлин. «Күлпаш» Ә) З.Шашкин. «Азаттық жолында» 
Б) Т. Кәкішев «Мәңгі жасар өмір» В) Ш.Мұртаза «Интернат қоймасы»

6. Н. Айтовтың «Нұркен», М.Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан», К. Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімелеріне ортақ тақырып қайсысы?

А) Азамат соғысы Ә) Ұлы Отан соғысы Б) Желтоқсан оқиғасы В) Қуғын-сүргін жылдары.

7. «Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туы желбіреп тұр» деген негізіг ойға құрылған шығарманы ата.
А) К.Табей. «Ол ақын болар ма еді?» Ә) Ә. Нұршайықов « Музейдегі зеңбірек»
Б) Н: Айтов « Нұркен» В) Т.Кәкішев «Мәңгі жасар өмір»

8. Қабанбай, Бөгенбай есіміне байланысты ел басынан өткен кезеңді ата.
А) Желтоқсан оқиғасы Ә) Ұлы Отан соғысы Б) Жоңғар шапқыншылығы
В) Аштық жылдары.

9. Исатай , Махамбет батырлар заманында билік құрған ханды ата.
А) Абылай Ә) Кенесары Б) Қасым В) Жәңгір

10. Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талапты ата.
А) Табиғаттың суреттелуі. Ә) Мәтіндегі оқиғалардың өзара байланысты болуы.
Б) Кейіпкерлердің болуы В) Тарихи оқиға суреттелуі.









Тарау № 5. « Туған жерге қыс келді» тарауы бойынша тест.

1. Абайдың « Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды» деп басталатын өлең жолдары көз алдыңа кімді елестетеді?
А) Малшыны Ә) Жас баланы Б) Кәрі шалды В) Жас жігітті

2. « Әуес көріп жүгірген .....
Беті –қолы домбығып үсік шалды».Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт.
А) Малшылар Ә) Жас балалар Б) Қойшылар В) Адамдар

3. « Шидем мен тон қабаттап киген .....» кім?
А) Шал Ә) Малшы Б) Бала В) Жігіт

4. «Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) Күн Ә) Қар Б) Аяз В) Қыс

5. С. Шаймерденов. « Баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады» деп нені суреттейді?
А) Көбелекті Ә) Қар ұлпаларын Б) Жаңбырды В) Жапырақты

6. А.Пушкин мен М. Иманжановтың шығармаларының ұқсастығы неде?
А) Екеуінде де қысқы кеш суреттеледі. 
Ә) Екеуінде де қысқы ойын түрлері айтылады.
Б) Екеуінде де суықтан сақтану туралы айтылады.
В) Екеуінде де қысқы орман сипатталады.

7. « Кеуек» сөзінің мағынасы неде№
А) Құстың ұясы Ә) Қоянның іні Б) Ағаштың діңі В) Аңның ізі.

8. Жұмбақтың шешуін тап:
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ.
А) Қар Ә) Көпір Б) Мұз В) Қырау

9. Көп инүктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қылышын сүйретіп .... келер.
А) Қыс Ә) Жаз Б) Күз В) Көктем
10. Көп нктенің орнына тиісті сөзді қойып айт: Қыс азығын ..... жина.

А) Күз Ә) Қыс Б) Жаз В) Кеш



















Тарау № 6. «Жақсыдан үйрен» тарауы бойынша тест.

1. Бөлімдегі оқиғасы жақсылыққа жамандық бар деген пікірге құрылған мәтінді ата.
А) Ы. Алтынсарин « Таза бұлақ» 
Ә) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»
Б) Ы. Алтын сарин. «Баланың айласы»
В) С.Бегалин. « Мейірім»

2. Ш. Құдайбердіұлының осы бөлімде берілген әңгімесін есіңе түсір.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: «....... адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ».
А) Бай Ә) Кедей Б) Тоқ В) Азықсыз аш

3. « Ол арбасынан шелегін алып , арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді». Бұл қандай адам?
А) Бұл адам емес
Ә) Бұл-нағыз адамның өзі
Б) Бұны әлі адам деуге болмайды
В) Бұның адам болуы екіталай

4. Төмендегі жоспарға сәйкес келетін шығарманы ата:1.Жайлауға дайындық. 2. Жаңа қоныс. Үй ішінің көрінісі.
А) К. Оразалин. «Абай шаңырағы»
Ә) С.Бегалин. «Мейірім»
Б) «Абай мен Әбіш»
В) Ж.Кәрменов. «Әке тәлімі»

5. Күзек сөзінің мағынасын тап.
А) Көктемгі егіс даласы Ә) Қойды күзде бағатын қоныс
Б) Шөп шабатын жер В) Сиырдың табыны

6. Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесін есіңе түсір. Мәтіндегі « Жақсылыққа жақсылық- әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі» деген мақал кімге қатысты айтылған?
А) Мәуленге Ә) Атаға Б) Немересіне В) Балаларға

7. Ғалым, жылан, түйе, ит, бала қай шығарманы еске түсіреді?
А) Б.Соқпақбаев. «Шал мен бала»
Ә) С.Бегалин. « Мейірім»
Б) Ы. Алтынсарин. «Баланың айласы»
В) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе меруерт»

8. Бөлімдегі негізгі ойы әннің құдіретті күшін сипаттауға құрылған шығарманы ата.
А) Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ»
Ә) Ы.Алтынсарин. «Баланың айласы»
Б) Ш.Құдайбердіұлы. «Бір кесе мерует»
В) О.Бодықов. «Аққұс туралы аңыз»

9. М.Әлімбайдың « Әнші Әміре» әңгімесін есіңе түсір. Тасыған қар суындай сөзінің мағынасын тап.
А) жайлап Ә) топырлап Б) күшті,қатты В) қаптап,ағылып

10. « Оның домбырасынан теңіз толқынындай арындаған асау күй төгіледі» деген жолдарда кім туралы айтылған?
А) Шәмші Ә) Бекмұхамед Б) Құрманғазы В) Әміре

Тарау № 7. « Масатындай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша тест.
1. Абай атамыздың 
« ... Масатындай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі» деген өлең жолдарында жылдың қай мерзімі суреттелген?
А) Қыс Ә) Жаз Б) Жазғытұры В) Күз

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін тап. «..... қорада шу»
А) Көбелек пен құстар да Б) Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті
Ә) Түйе боздап, қой қоздап В) Ел ешкісін қырқыпты

3. « Ел ешкісін қырқыпты,
Егіндерін жыртыпты» деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
А) Күз Ә) Көктем Б) Жаз В) Қыс

4. І.Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңінен келтірілген шумақтағы ұйқасып тұрған жолдарды тап: Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды- жаз кепті.
А) жел соқты-қаз кепті Ә) су ақты- жаз кепті 
Б) қаз кепті-жаз кепті В) су ақты-қаз кепті

5. «Қуанышты күнің, жаңа жылдың құтты болсын,қазақ!» деген жолдарда қандай мейрам айтылған?
А) Наурыз Ә) Жаңа жыл Б) Ораза айт В) Құрбан айт

6. І. Жансүгіровтың « Жазғытұрым» өлеңін есіңе түсіріп, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: « .... көк майса
А) желіндейді Ә) желпілдейді Б) желкілдейді В) жалпылдайды

7. « Көктем сәні» ертегісін есіңе түсір. « Көктем сәні- хош иіс» деген қай кейіпкердің сөзі?
А) Қасқыр Ә) Ит Б) Ақбөкен В) Аю

8. Қ. Аманжоловтың «Көктем» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: « Нәзік үнмен сыңқылдап,... бұлақ еркелеп»
А) Асау Ә) Мөлдір Б) Таза В) Бұйра

9. Бөлімдегі негізгі ойы» Еңбекпен тапқан нан тәтті» деген нақыл сөзге құрылған мәтінді ата.
А) «Еңбекпен тапқан тиын» Б) М.Дулатов «Қош келдің,Наурыз!»
Ә) «Ер еңбекте сыналады В) Қ.Аманжолов «Көктем»

10. Көктемгі еңбек туралы жырланған өлеңді ата.
А) Қ. Мұқышев .» Көктем» Ә) « Көктем сәні» (ертегі)
Б) О.Сүлейменв .»Тұңғыш ғарышкер» В) Қ. Аманжолов. «Көктем»









Тарау № 8. «Табиғат- менің өз үйім» тарауы бойынша тест.

1. Ы.Алтынсарин « Көңілдің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады» деп не туралы айтып отыр?
А) Өзен Ә) Бұлақ Б) Теңіз В) Көл

2. «Жылан торғайды арбап жейді» деген жолдарды қай шығармада кездестірдің?
А) М.Сүндетов «Қайырымдылық» Ә) Ж. Аймауытов. «Торғай»
Б) Б.Соқпақбаев «Қамқаорлық» В) А. Сейбімбек. «Бетпақдала»

3. Өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман алып қалған ақсақ киіктің « ақылдылығы» әңгімеленген шығарманы ата.
А) С.Сейфуллин. «Ақсақ киік»
Ә) К. Сегізбай. «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Б) Ә. Қоңыратбаев «Киіктің айласы»
В) И. Байзақов . «Алтай аясында»

4. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?
А) Құралай Ә) Қозықа Б) Ақбөкен В) Марал

5. Төмендегі шығармалардың ішінде табиғаттың ерекше сұлулығы мен әсемдігі суреттелгенін ата.
А) И.Байзақов. «Алтай аясында» Ә) М.Сүндетов. «Қайырымдылық»
Б) Б. Соқпақбаев.»Қамқорлық» В) Б. Емельянов. «Бүркіт»

6. Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
А) Пайымдау Ә) Әңгімелеу Б) Сипаттау В) Дәлелдеу

7. Б. Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесінде « Соқыр бүркітті адамдар он жеті жыл бойы асырып келеді. Жақсылықты ұмытпауды үйрен» деген сөздерді айтқан кім?
А) Гайдар Ә) Мұхтар Б) Қарт В) Автор

8. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінде газет бетіне нанның үгіндісін сеуіп «же» деп торғайға апарған кім?
А) Жантас Ә) Қожа Б) Автор В) Ақбілек

9. « Арқарға үлкен мүйіз неге керек? деген сұраққа сол мәтіннен келтірілген төмендегі үзінділердің қайсысы дұрыс жауап болады?
А) Қасқырлардан қорықпау үшін керек
Ә) Басқа арқарлармен сүзісу үшін керек
Б) Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес, мүйізімен жерді сүзе құлайды да, аунап тұрып, кете береді- сол үшін
В) Жауынан қорғану үшін

10. « Боз жусан- киелі өсімдік» деген негізгі ойға құрылған шығарманы ата.
А) А. Сейдімбек. «Бетпақдала» Ә) С.Сейфуллин. «Ақсақ киік»
Б) Б.Соқпақбаев. «Қамқорлық» В) Ж.Аймауытов. «Торғай»











Тарау № 9. «Жаздыгүн шілде болғанда» тарауы бойынша тест. 
1. Заттың, құбылыстың басты белгілерін нақты бір мақсатқа қарай ашып көрсететін мәтін түрі-
А) Пайымдау Ә) Салыстыру Б) Әңгімелеу В) Сипаттау

2. Белгілі бір құбылыс, оқиға жөнінде хабарлайтын мәтін түрі-
А) Сипаттау Ә) Әңгімелеу Б) Пайымдау В) Дәлелдеу

3. Ә. Нұрпейісовтің әңгімесіндегі «Күн қызара төмен жылжып барады. Асықпай қараған адамға күн аспаннан түсіп келе жатқан қызал доп сияқты....» деген жолдарды мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
А) Сипаттау Ә) Пайымдау Б) Әңгімелеу В) Дәлелдеу

4. Өлең жолдарын аяқта: « Жоғары –төмен үйрек, қаз...»
А) Шалғыннан жоны қылтылдап Ә) Айнала шауып бұлтылдап
Б) Жаздыгүн шілде болғанда В) Ұшып тұрса сымпылдап

5. М.Дулатов « Бұл –қымыз молайып, қозы піскен кез» деп қай ай туралы айтып отыр?
А) Шілде Ә) Маусым Б) Тамыз В) мамыр

6. С.Мұқановтың «Ешбір көркем кілемнің ,ешбір көркем кестенің бетінен табылмайтын ғажап бояуларды көресіз!» деген сөздері қай жыл мезгіліне қатысты айтылған?

7. М. Иманжанов « Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдызы тұр» деп тәуліктің қай мезгілі туралы айтып отыр?
А) Кешкі Ә) Таңғы Б) Түскі В) Түнгі

8. М.Әуезов пен Ә. Нұрпейісовтің шығармаларының ұқсастығы-
А) Екеуінде де жазғы таң суреттеледі Ә) Екеуінде де жаулау суреттеледі
Б) Екеуінде де жазғы кеш суреттеледі
В) Екеуінде де түн суреттеледі

9. Қ.Ыдырысов: 
Қораға тығылды,
Қозы-лақ маңырап.
Үлкендер жүгірді.
Бұзаулар жамырап,- дейді бұл қай кезде болады?
А) Қар жауғанда Ә) Жаңбыр жауғанда Б) Жел тұрғанда В) Кешкі мезгілде

10. Ө.Тұрманжановтың осы бөлімдегі өлеңін есіңе түсір.
«Құп, атажан, жүгіріп Күркесіне кіріп,
Қозыларға барайын. Қарайын да санайын» деген кімнің сөзі.
А) Автордың Ә) Қойшының Б) Малсақ баланың В) Атаның













Тарау № 10. « Сарқылмас қазына» тарауы бойынша тест.
1. «Әлди,әлди,шырағым,
Көлге біткен құрағым» деп келетін өлең жолдары қандай жырға тең? А) Төрт түлік жырына Ә) Наурыз жырына
Б) Тұсаукесер жырына В) Бесік жырына

2. «Жағы қалақтай, Төбесі жұлдыздай,
Мойны садақтай. Жүні құндыздай» деген жыр жолдарында не туралы айтылған?
А) Ешкі Ә) Құлын Б) Қозы В) Сиыр

3. «Даусы бар азандай,
Желіні бар қазандай» деген жолдарда қандай түлік туралы айтылған?
А) Сиыр Ә) Қой Б) Түйе В) Ешкі

4. «Қорасында маңыраған» не?
А) Ешкі Ә) Түйе Б) Қой В) сиыр

5. «Шек!» десе де иесі» деген жол қай түлікке қатысты айтылған?
А) Сиырға Ә) Ешкіге Б) Қойға В) Жылқыға

6. « Құмырсқаның қанағаты» ертегісін есіңе түсір. Құмырсқанаң қасында дән жатқанда ашығу себебі не?
А) Сараңдықтан Ә) Дүниеқоңыздықтан б) Ашкөздіктен В)Қанағат еткендіктен

7. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін есіңе түсір. Қарлығаш қай кейіпкермен айқасқа түседі?
А) Айдаһармен Ә) Масамен Б) Түлкімен В) Баламен

8. Өмірде болған адамдардың басына құрылған халық шығармасы-
А) Ертегі Ә) Жаңылтпаш Б) Жұмбақ В) Аңыз

9. Хан, қойшы, сұңқар, шөже торғай қай ертегіні есіңе түсіреді?
А) Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Ә) Құмырсқаның қанағаты
Б) Ажалдан құтқарған асыл сөз
В) Алтын балта

10. Бөлімдегі негізгі ойы « Білгеннің тілін алмасан, білместігің көрінер» деген нақыл сөзге құрылған аңызды ата.
А) Әке мен бала
Ә) Жиреншенің баласы
Б) Алдардың айласы
В) Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры

 

 













Берілген тестердің жауаптары.
Бірінші бөлім. «Талаптан да, білім мен өнер үйрен»

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ә Б Б А А В Б Ә В А

Екінші бөлім. М»Маужырап барқыт қоңыр күз»

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А Б В Ә Ә Б Ә А Ә В

Үшінші бөлім. «Туған елім, туған жерім».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б Ә А А Ә Ә Б Ә Б Ә

Төртінші бөлім. « Ата-баба тарихы- менің тарихым».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ә Ә Б А Б Ә А Б В Ә

Бесінші бөлім. « Туған жерге қыс келді».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б Ә Ә Б Ә А Ә Б А Б

Алтыншы бөлім. « Жақсыдан үйрен».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б В Ә А Ә А Б В Б Б

Жетінші бөлім. « Масатындай құлпырап жердің жүзі».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б Ә Ә Б А Б Ә В А В


Сегізінші бөлім. « Табиғат- менің өз үйім».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А Ә Б А А Б А Ә Б А

Тоғызыншы бөлім. « Жазды гүн шілде болғанда».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В Ә А В А В Ә Б Ә Б

Оныншы бөлім. « Сарқылмас қазына».
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В Ә А Б Ә В Ә В Б А




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы

Автор: Оспанова Лаура Канатовна

Дата: 18.03.2017

Номер свидетельства: 401266


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства