Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Живописьте т?с пен к??іл к?йді бейнелеу»
Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Живописьте түс пен көңіл күйді бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға көңіл күйді білдіретін түстер туралы түсінік беру.
Сурет салуды жақсы көретін балалардың, қиял әлемін шарлап, әр түрлі оқиғалар мен кейіпкерлер ойлап табуға баулу.
Әр түрлі түстерді пайдаланып сурет салуына көңіл аудару.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі түстер берілген суреттер
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару.
Ынталандыру.
2.Жаңа сабақ
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің қай айы?
- Аптаның қай күні?
Балалар, біз бүгін кескіндемедегі түстер және олар қандай көңіл күйді білдіретінін білетін боламыз. Осы сабаққа дейін қандай тақырыптармен таныстық? Жылы түстерге қандай түстер жатады? Ал жылы түстерге ше?
Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады. Көркем шығармалар сан құбылмалы бояулардың үндестігі арқылы көз тартады. Живопистің графикадан айырмашылығы осында. Суретшілер өнердің ұшы -қиырсыз осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтарыңдағы екі суретке назар аударыңдар. Қалай ойлайсыңдар екі суреттегі кейіпкердің көңіл күйі қандай? Ол суреттерді салғанда суретші қандай түстерді көбірек қолданған?
Мына екі туындыны салыстырып қарайық. Сендер қалай ойлайсыңдар, осы екі жұмыстағы көңіл күйдің айырмашылығы бар ма? Олар туралы не айтар едіңдер? Бірінші және екінші картинада суретші қандай түстер гаммасын қолданған? Әрбәр жұмыста түстер қазақ қыздарының көңіл күйін қаншалықты дәл көрсеткен?
Дәптермен жұмыс:
Балалар, сендерге тапсырма мынадай: көңіл күйі жақсы бір адамның суретін бейнелеңдер.