kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы "Жіктеу есімдігі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы:4

Саба?ты? та?ырыбы:  Жіктеу есімдігі
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: Есімдік туралы т?сінік, соны? ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы ма?л?мат беру, оны? ерекшелігін ??ындыру.
Дамытушылы?: О?ушыларды сын т?р?ысынан ойлау?а, шы?армашылы? ?абілетін дамыту?а баулу.
Т?рбиелік: Грамматикалы? тапсырмаларды орындау ар?ылы шапша?ды??а т?рбиелеу, ?лтты? д?ниетанымын ояту.
Т?рі: жа?а саба?ты ме?герту.
?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндіру.
Саба?ты? барысы:

Блум таксономиясы ар?ылы саба?ты? ?тілу моделі
I. ?ызы?ушылы?ын ояту.
1.Есте са?тау.?рмекші торы;стартегиясы ар?ылы ?й тапсырмасын с?рау.
II. Ма?ынаны тану.
2. Т?сіну. Жа?а та?ырып Есімдік. Жіктеу есімдігі.
3.?олдану. Жатты?у ж?мыстары.
4.Талдау. Талдау-табыс кілті.
III.Ой тол?аныс.
5.Жина?тау. А?и?ат па? Жал?ан ба?
6.Ба?алау.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы "Жіктеу есімдігі " »

Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдік туралы түсінік, соның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: Грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын ояту.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:

Блум таксономиясы арқылы сабақтың өтілу моделі
I. Қызығушылығын ояту.
1.Есте сақтау.Өрмекші торы;стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау.
II. Мағынаны тану.
2. Түсіну. Жаңа тақырып Есімдік. Жіктеу есімдігі.
3.Қолдану. Жаттығу жұмыстары.
4.Талдау. Талдау-табыс кілті.
III.Ой толғаныс.
5.Жинақтау. Ақиқат па? Жалған ба?
6.Бағалау.
Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқу – құралдарын тексеру.
б) топқа бөлу ;Ақыл;Жүрек;Қайрат.
Мұғалім сөзі:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

I. Қызығушылығын ояту.
1.Есте сақтау.Өрмекші торы;стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға оралған жіпті беремін, олар бір-біріне өткен тақырыптардан сұрақ қойып жауап беріп тор құрады және кейін қарай сұрақ қойып жауап қайтарады.
II. Мағынаны тану.
2. Түсіну. Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Есімдік. Жіктеу есімдігі.»
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, олардың орнына қолданылады.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:
Жіктеу:мен, сен, сендер, сіз, сіздер, ол, олар, біз, біздер
Сілтеу:ол, сол, бұл, осы, анау, сонау, әне, міне, әнеки.
Сұрау:кім? не? қалай? қашан? қандай? т.б.
Өздік:өз, өзім, өздері, өзіміз, өзінен, өзімнің, өздеріңіз.
Жалпылау:бар, барша, барлық, бәрі, күллі, бүтін, түгел.
Белгісіздік:әр, қай, бір, біреу, әлде, кей (әркім, әлдебір)
Болымсыздық:ештеңе, ештеме, дәнеңе, ешкім, ешқашан.

Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше түрі
І Мен (айтушы, сөйлеуші) І Біз (айтушылар, сөйлеушілер)
ІІ (анайы) Сен (тыңдаушы) ІІ (анайы) Сендер (тыңдаушылар)
ІІ (сыпайы) Сіз (тыңдаушы) ІІ (сыпайы) Сіздер (тыңдаушылар)
ІІІ Ол (бөгде жақ) ІІІ Олар (бөгде жақ)

Жақ Жекеше түрі Жақ Көпше түрі

І оқушымын І оқушымыз
ІІ (анайы) оқушысың ІІ (анайы) оқушысыңдар
ІІ (сыпайы) оқушысыз ІІ (сыпайы) оқушысыздар
ІІІ оқушы ІІІ оқушылар

Жіктеу есімдігінің жеке түрінің септелуі.

А. Мен сен ол
І. Менің сенің оның
Б. Маған саған оған
Т. Мені сені оны
Ж. Менде сенде онда
Ш. Менен сенен одан
К. Менімен сенімен онымен

3.Қолдану..Оқулықпен жұмыс.
192-жаттығуды оқу, талдау. Есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтқызу (ауызша).
194-жаттығу.
Мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар.Жіктеу есімдіктерін теріп жазып қай септікте тұрғанын көрсетіңдер.
Тапсырма.
“Тәуелсіз елдің ұланымыз” эссе жазу.

4.Талдау. Талдау-табыс кілті.
көзқарас қоян
1. Неше әріп, неше дыбыс?
2.Сөздегі әр дыбысқа мінездеме ?
3.Буын түрлері.
4.Тасымал
Сергіту сәті.
— Саяхат жасауға дайынбыз ба?
Егер де біз Мына сұрақтарға жауап берер болсақ, біз ауылдарға саяхат жасай алады екенбіз.

Ауылдарға саяхат.
\"Жамбыл ауылы \"
\"Жай қақпа\"
Көп нүктенің орнына есімдікті қойып сөйлемді оқу.
….-белсенді оқушы. ….үлкенге құрмет көрсетеміз. ….домбыра үйірмесіне қатысамын. …бізге қонаққа келді. …күнделікті сабақты “….. Қазақстаным” атты әнұранмен бастаймыз. ….алғашқы ұстазымызды ұмытпаймыз.

Абай ауылы;
Күміс қақпа
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерін қатыстырып еңбекке байланысты сөйлем құрап жазыңдар.
Ахмет ауылы;Алтын қақпа. «Есімдік» деген сөзжұмбақ беріліпті.
1. Заттың қимылын, іс — әрекетін, жай — күйін білдіретін сөз табы. (етістік)
2. Қимыл, іс әрекеттің әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы. (үстеу)
3. Заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. (сан есім)
4. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. (зат есім)
5. Толық мағынасы жоқ, тек адамның көңіл — күйін білдіретін сөз табы.(одағай)
6. Заттың түрін, түсін, сынын білдіретін сөз табы.(сын есім)
7. Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.(еліктеуіш
Ақиқат па? Жалған ба?
1.Мен, сен, ол жіктеу есімдігіне жата ма?
2.Зат есім, сын есім, сан есім сөздерінің орнына жұмсалатын есімдік пе?
3.жіктеу есімдігі септеле ме?

Бес саусақ стратегиясы

Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Есімдіктен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
195-жаттығу.
Көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай септікте тұрғанын айтыңдар.
Жіктеу есімдігін қатыстырып бес сөйлем құрап жазу. Ережелерді қайталау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы "Жіктеу есімдігі "

Автор: Мукатаова Мереке Кайратовна

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства