ІІІ. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау, мақсат қою.
Балалар , біз бүгінгі сабағымызда сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы ойындар ойнап, бұрынғы алған білімдерімізді көрсетеміз, дамытамыз, толықтырамыз. Ендеше, қане “Ойнайық та ойлайық”.
“Ой қозғау” кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты, ойымызды ашып, қозғап, осы бөлімнің сұрақтарына жауап берейік.
Өлеңді оқушыларға оқытып, мазмұнын ашу. Авторы Бейімбет Майлин туралы түсінік беру.
Бейімбет Майлин- жазушы , ақын, драмматург. 1894 жылы Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген. Бейімбет әкесінен ерте жетім қалып, жалшылықта жүріп, ауыл модасынан сауат ашып, хат таниды. Көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды. 1938 жылы жазықсыз жаланың құрбаны болды. 1916-1919 жылы ұстаздық қызмет атқарған, 1925-1934 жылы баспасөзде қызмет атқарған.
Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, буын санын анықтау, бұл сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мысалы: жаңбыр- 6 әріп,6 дыбыс , 2 буын,2 дауысты, 4 дауыссыз
198-жаттығу (тақтада орындау). Жақшадағы сөзді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу. Байланысын байқату. Мысалы: Оқушылар гүлді аулаға отырғызды.
Ойын “сөз ойла, тез ойла”. Гүл атаулары ( ауызша орындалады). Қоңыраугүл, түймедақ, раушангүл, інжугүл, т.б. Осы гүл атауларын буынға бөлдіру, буынның түрлерін анықтау. Қо-ңы-рау-гүл(
суреттерін көрсету).
Сергіту сәтін өткізу
Ой толғаныс Семантикалық картамен жұмыс.
Кім?
Не?
Қандай?
Не істеді?
Қанша?
Кітап
+
Үлкен
+
Келді
+
Тоғыз
+
Дәрігер
+
“Кім көп сөз біледі?” (параққа орындату). Сөз қай әріптен аяқталса , келесі сөзді сол әріптен бастап жазу (10 сөз).
Мысалы: парта, ағаш, шам, мата, т.б.
Жоғалған әріптерді тап. Мысалы: ж...сан, қым...ат, а...а, жа...ғақ, т.б.