kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?алай ?оректенеді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?алай ?оректенеді. Білімділік ма?саты: О?ушылар?а жануарларды? ?орек тауып жеуге бейімделетіндігі, оларды? ?ыс?а ?алай дайындалатынды?ы туралы т?сінік беру ?штастыра дамытушылы?: ?орша?ан ?лемді танып білуге деген ынталарын дамыту Т?рбиелік: Жануарларды ?ор?ау?а т?рбиелеу. Саба?ты? типі: Білімді ме?герту. Саба?ты? т?рі. Аралас, ж?ппен, ?жымды? Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндіру, ?нгімелеу Формасы: дербес, ?жыммен, топпен

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?алай ?оректенеді»

Бүгінгі күннің сабақ жоспары

Пән: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қалай қоректенеді.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға жануарлардың қорек тауып жеуге бейімделетіндігі, олардың қысқа қалай дайындалатындығы туралы түсінік беру

Ұштастыра дамытушылық: Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын дамыту

Тәрбиелік: Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді меңгерту.

Сабақтың түрі. Аралас, жұппен, ұжымдық

Сабақтың әдісі:. Сұрақ-жауап, түсіндіру, әнгімелеу

Формасы: дербес, ұжыммен, топпен

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер, түрлі түсті қарындаштар

Пәнаралық байланыс:әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өтілген сабақты бекіту: Мұғалім В. Бианкидің «Қысқа дайындық» әңгімесін оқиды

Қысқа дайындық

Орманда, егістікте жануарлар қысқа әрқалай дайындалады. Қанаттылар суық пен аштықтан құтылу үшін жылы жаққа ұшып кетті. Қалғандары қорек жинап, індерін толтырып жатыр.

Әсіресе, тоқалтіс тышқан қатты дайындалады. Олардың көпшілігі қысқы індеріе дәнді дақылдарды үйіп жинайды. Індерін бес немесе алты соқпақ салынған. Әр соқпақтың өз аузы бар. Жер астында тышқанның «жатын бөлмесі» және бірнеше қоймасы бар.

Қыста тоқалтістер аязды күндері ғана ұйықтайды. Сондықтан олар қоректі көп жинайды. Кейбір індерде 4-5 кг дән жиналған.

Әңгіменің мазмұны талданады:

  1. жануарлар қысқа қалай дайындалады?

  2. Тоқалтіс қалай дайындалады?

  3. Тоқалтістің іні қандай?

  4. Олар қай кезде ұйықтайды?

Ә) «Жануарлардың күзгі тіршілігі» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіледі.

Кірпі:

  • Қыста маған өте қиын. Құрт, кесірткелердің бәрі жасырынып қалады, қоңыздар да, бақалар да жоқ. Мен немен қоректенемін? Ұйықтаймын. Алты ай ұйықтап, ұйқымды қандырамын, содан соң оянып, қыдыруға шығамын.

Бақа:

  • Біз су қоймаларының түбіне, жапырақ немесе мүктердің астына тығылып, қысқы ұйқыға кетеміз.

Тиін:

  • Мен саңырауқұлақ, бүр, жаңғақтар жинап аламын. Біз қысқы аязда 5-6 дан бірігіп, бір ұяда жатамыз. Ұяның аузын шөп – шаламмен бекітіп тастаймыз. Менің атжалман, борша тышқан сияқты достарым бар. Олар да қысқа қорек жинайды.

Мұғалім:

  • Қысқа тек аңдар ғана емес, жорға торғай, балқарағай торғайы, көктеке сияқты құстар да қорек жинайды. (аталған құстардың суреттері көрсетіледі)

Топпен жұмыс:

1 топ: Тоқылдақтар

2топ: Құмырсқалар

3топ: Аюлар

4топ: Бұландар

5 топ:Түлкілер

Әр топ өздерінің танымдық білімдерін ортаға салады, әңгімелейді, бірін- бірі толықтырып отырады.


Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтағы мәтін мен алған білімдерін салыстырады. Әр топ өздеріне берілген бөлікті оқып, өздерінің оқығандары бойынша басқа топтарға сұрақ қояды.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: Кез келген бір жануарлардың қалай қоректенетіні туралы әңгіме дайында.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар ?алай ?оректенеді

Автор: Булкаирова Айгуль Бактыбековна

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 322106


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства