kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы:«Ту?ан тілім бабам тілім, ?з тілім».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

  • О?ушылар?а мемлекеттік тілді? ?ркендеп, мемлекеттік тілімізді с?юге, мемлекеттік тілді ая??а баспай, м?ртебесін биік ?стау ж?нінде,  ?р ?лтты? ?зіндік ерекшеліктері, салт-д?ст?рі, діні, тіл ерекшелігі  болатынын т?сіндіру;
  •  О?ушыларды? ой- ?рісін,  д?ниетанымын ке?ейту,  с?здік ?орын молайту,  ж?рт алдында еркін  ауыз екі с?йлеуге баулу.

К?рнекілігі: интербелсенді та?та, на?ыл с?здер жазыл?ан слайдттар, электронды? ойын таблосы

                                                                    Ана тілін білмейтін адам ?олы жо? шола? сия?ты.

?абиден М?стафин

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы:«Ту?ан тілім бабам тілім, ?з тілім». »

Сабақтың тақырыбы:«Туған тілім бабам тілім, өз тілім».

/ Сайыс сабақ/

Мақсаты:

  • Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру;

  • Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, нақыл сөздер жазылған слайдттар, электрондық ойын таблосы

Ана тілін білмейтін адам қолы жоқ шолақ сияқты.


Ғабиден Мұстафин


Ойын барысы

Мұғалім:

 Қымбатты ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауызтағдыржойдыбәрін не бардың...

Алтын күнненбағасызбірбелгібоп,

Нұрлыжұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»

-деп ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев жырлағандай Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ тілі –мемлекеттік тілі болып қабылданды!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев"XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін"- деп айтқан.

 Иә, көп ұлтты қазақ халқы Кеңес Одағы тарағаннан кейін жанжал, қақтығыстардың қатерлі өртіне шалдықпай, тәуелсіз ел атанып, сан алуан қиындықтарды сәтімен артқа тастап, қаз тұрды.

   Бүгінде еліміз өз Тәуелсіздігінің 23 жылдығын тойлауға әзірленуде. Әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрлері бар, бастан кешкен қасірет-қатпары да қалың, дана халқымыздың өміріндегі аса маңызды, тұтас ғасырға белгісіз 23 жылдық кезең аяқталмақ.

 

Назарларыңызда 3-ші сынып оқушылары тіл туралы өлеңдерін оқиды.

1-оқушы:

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

2-оқушы:

Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.

3-оқушы:

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

4-оқушы:

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

5-оқушы:

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

6-оқушы:

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

7-оқушы:

Мәртебесі тіліміздің биік екен

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан

Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.

Мұғалім:

«Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің!»-

дегендей бүгін 3-ші сынып оқушылары арасында қазақ тілінен мұғалімінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Туған тілім-бабам тілі, өз тілім» сайысын назарларыңызға ұсынамыз!

Мұғалім: Бар білімді ортаға біз салайық, Өнер білім шыңымен алысайық Қанеки, бұл сайыста кім озады?, Шақырамыз, келіңдер жарысайық. - дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!

Мұғалім:

Сыныпты екі топқа бөледі. (Ортаға екі топтың оқушылары шығады)

«Шын жүйрік шабысымен танылады, Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады»

дей келе әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.

Мұғалім әділқазылар алқасымен таныстырып өтеді. Содан кейін ойынның шарттарымен таныстырады.


Шарттары:

І- кезең Таныстыру

ІІ- кезең «Ойлан тап, жүйріктей шап»(сұрақтарға жауап беру)

ІІІ- кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» (мақал – мәтелдің жалғасын айту:)

ІV- кезең «Тілім барда мен бұлақпын сарқылмас» (әр топ тіл туралы өлеңдерін оқиды).

V-кезең «Қай топ алғыр»

«Кезек келіп, өжеттеніп,

Сөз алыппыз.Танысалық,

Ғажап ойын, Ғажап күн.

Тегіміз бар - басқа ұлтта,

Қазақ емеспіз,

Құрметтейміз де, білеміз,

Тілді бірақта!»

  • дей келе, сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топ өздерін

таныстырып өтсін.

І- кезең Таныстыру

ІІ- кезең «Ойлан тап, жүйріктей шап»(сұрақтарға жауап беру)

Бес сұрақ қойылады, сұраққа бірінші болып қол көтерген топ жауап береді.Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.

1-ші топтың сұрақтары.

  1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

  2. Абай Құнанбайұлы кім?

  3. Тіл мерекесі қашан тойланады?

  4. Рәміздерді ата

  5. Бес дұшпанды ата.

  6. Жаңа үлгіде тұңғыш мектеп ашқан кім?


  1. Тіл тас жарады, ...тас жармаса, бас жарады.

  2. Дәлелсіз сөз ... желмен тең.

  3. Сөз тапқанға - ... қолқа жоқ .

  4. Жеті жұрттың тілін біл,...жеті түрлі ілім біл.

  5. Көре-көре көсем боларсың, ... сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

  6. Ине көзінен сынады, ... шешен сөзінен сынады.

2-ші топтың сұрақтары


  1. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?

  2. Төте жазуды кім қалыптастырды?

  3. Бес асыл істі ата.

  4. Өлең жазатын адамды кім дейді

  5. Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  6. Ең асыл жан



ІІІ- кезең «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» Мақал – мәтелдің жалғасын айту.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.


1-ші топтың мақалдары

  1. Тіл тәтті, ... (бауыр қатты)

  2. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады)

  3. Бал тамған тілден ... (у да тамады)

  4. Бас кеспек болса да ... тіл кеспек жоқ)

  5. Піл көтермегенді ... тіл көтереді)

  6. Ана сүті бой өсіреді ... ана тілі ой өсіреді)

2-ші топтың мақалдары

  1. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің тілі ортақ)

  2. Қол шешпегенді ... (тіл шешеді)

  3. Ең тәтті де, ең ащы, ең жұмсақ ... (тіл)

  4. Жақсы байқап сөйлейді, ... (жаман шайқап сөйлейді)

  5. Тіліңмен жүгірме, ... (біліммен жүгір)


ІV- кезең «Тілім барда мен бұлақпын сарқылмас» Әр топ тіл туралы өлеңдерін оқиды.


І-топтың өлеңдері

1.  Біздің Ту

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отша,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша,

Сөйлеп тұрған секілді!

(Тұманбай Молдағалиев).


Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

(Б. Ысқақов).


Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылады сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

(Әбділдә Тәжібаев ).

ІІ-топтың өлеңдері

  1. Қазақстан

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

(Қасым Аманжолов).


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған “Отан” деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

(Мұқағали Мақатаев).

Сүйем туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім...

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

(Сұлтанмахмұт Торайғыров).


V-кезең «Қай топ алғыр»


Әр топ мүшелері бір біріне жұмбақ жасырады (екі жұмбақтан). Қарсы топ шешеді. Сонымен қатар бір біріне кезектесіп жаңылтпаш айтады, қарсыласы қайталау керек.

                                                               

Мұғалім: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.»-деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл байлығы мол адам нағыз бай деп айтуға болады, ендеше барлықтарыңызға байлық тілейміз!

Болашаққа ұмтылған жолымыз бар,
 Жарқын өмір тұтқасы қолымызда.
 Осыменен аяқтайық біз сайысты,
 Көріскенше аман-сау болыңыздар!

Мұғалім: Сонымен балалар, ойын сабағымыз аяқталды. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен марапаттайды. /Музыка ойнап тұрады/

Мінекей, осылайша бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды.Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сабақта сендер өздеріңнің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер.Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады.Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе тілектеспін! Сау болыңдар!

Рефлексия: а/ Оқушының сабақ соңындағы көңіл-күйі , сабақтан қандай әсер алғандығы сұралады. /Нені өттік? Нені үйрендік? Нені білдік?/





















Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде №1, 2012 жыл., Алматы.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №2,2007 жыл., Алматы.

3.Қазақстан мектебі №4, 2008жыл., Алматы.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті №10, 2007 жыл., Алматы.















































«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»

облыстық сайысына қатысуға

тапсырыс



Тапсырыс мазмұны

Қатысушы ақпараты

1.

Жобаның (авторлық жұмыстың)

тақырыбы (атауы)

«Туған тілім - бабам тілі, өз тілім»

Сыныптан тыс шара

2

Жұмыстың номинациясы, бағыты

(Көрме-жәрмеңкесінің Ережесіне

сәйкес)

Әдістемелік әзірлемелер

3

Аты-жөні,қызметі

Жұмабаева Ақжарқын Болатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

4

Мекемесі

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау орта мектебі

5

Байланыс телефондары

Үй тел.:87213231160,

Жұмыс тел: 1-46,

ұялы тел.87024578354

6

Электронды мекен-жайы

-

7

Жәрмеңкеде айырбастауға болатын интеллектуалды меншікті өнімдер


-

8

Әдістемелік материалдар «Жәрмеңкесіне» қатысуы (иә,жоқ)

иә

9

Презентация үшін қажетті проекторлық техника (иә,жоқ)

иә





«7» ақпан 2015 ж. Мектеп директоры_________/Жанжұманов Б.С./



М.О.

















Әдістемелік бірлестік (эксперттік кеңес) ұсыныстарының формалары



(Қала, мектеп) Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»облыстық сайысына материалдар ұсынады:

Сыныптан тыс шараның әзірлемесі

Мұғалімнің толық аты-жөні Жұмабаева Нұргүл Болатқызы

«Кім жүйрік» тақырыбы бойынша













Мектеп директоры _________/Жанжұманов Б.С./

«7» ақпан 2015 ж.

























«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»

облыстық сайысына қатысуға

тапсырыс



Тапсырыс мазмұны

Қатысушы ақпараты

1.

Жобаның (авторлық жұмыстың)

тақырыбы (атауы)

«Кім жүйрік»

Сыныптан тыс шара

2

Жұмыстың номинациясы, бағыты

(Көрме-жәрмеңкесінің Ережесіне

сәйкес)

Әдістемелік әзірлемелер

3

Аты-жөні,қызметі

Жұмабаева Нұргүл Болатқызы

Қазақ тілі пәні мұғалімі

4

Мекемесі

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау орта мектебі

5

Байланыс телефондары

Үй тел.:87213231110,

Жұмыс тел: 1-46,

ұялы тел.87053006603

6

Электронды мекен-жайы

-

7

Жәрмеңкеде айырбастауға болатын интеллектуалды меншікті өнімдер


-

8

Әдістемелік материалдар «Жәрмеңкесіне» қатысуы (иә,жоқ)

иә

9

Презентация үшін қажетті проекторлық техника (иә,жоқ)

иә





«7» ақпан 2015 ж. Мектеп директоры_________/Жанжұманов Б.С./



М.О.

















Әдістемелік бірлестік (эксперттік кеңес) ұсыныстарының формалары



(Қала, мектеп) Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»облыстық сайысына материалдар ұсынады:

Сыныптан тыс шараның әзірлемесі

Мұғалімнің толық аты-жөні Жұмабаева Ақжарқын Болатқызы

«Туған тілім, бабам тілі, өз тілім» тақырыбы бойынша













Мектеп директоры _________/Жанжұманов Б.С./

«7» ақпан 2015 ж.

























Әдістемелік бірлестік (эксперттік кеңес) ұсыныстарының формалары



(Қала, мектеп) Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»облыстық сайысына материалдар ұсынады:

Ашық сабақтың әзірлемесі, 4Б-сынып

Мұғалімнің толық аты-жөні Жұмабаева Нұргүл Болатқызы

«Астанаға саяхат» тақырыбы бойынша













Мектеп директоры _________/Жанжұманов Б.С./

«7» ақпан 2015 ж.



























«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі»

облыстық сайысына қатысуға

тапсырыс



Тапсырыс мазмұны

Қатысушы ақпараты

1.

Жобаның (авторлық жұмыстың)

тақырыбы (атауы)

1-3 сыныптар «Өнерлі жігіт», «Кешкі дөң басында»

Aшық сабақ әзірлемесі

2

Жұмыстың номинациясы, бағыты

(Көрме-жәрмеңкесінің Ережесіне

сәйкес)

Әдістемелік әзірлемелер

3

Аты-жөні,қызметі

Мизамхан Алтынгүл

Бастауыш сынып мұғалімі

4

Мекемесі

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау орта мектебі

5

Байланыс телефондары

Үй тел.:87213231104,

Жұмыс тел: 1-46,

ұялы тел.8705 267 12 92

6

Электронды мекен-жайы

altyn_07.kz

7

Жәрмеңкеде айырбастауға болатын интеллектуалды меншікті өнімдер


-

8

Әдістемелік материалдар «Жәрмеңкесіне» қатысуы (иә,жоқ)

иә

9

Презентация үшін қажетті проекторлық техника (иә,жоқ)

иә





«7» ақпан 2015 ж. Мектеп директоры_________/Жанжұманов Б.С./



М.О.

















Әдістемелік бірлестік (эксперттік кеңес) ұсыныстарының формалары



(Қала, мектеп) Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі«Педагогикалық инновациялардың Көрме-жәрмеңкесі» облыстық сайысына материалдар ұсынады:

Ашық сабақ әзірлемесі

Мұғалімнің толық аты-жөні Мизамхан Алтынгүл

1-3 сыныптар «Өнерлі жігіт», «Кешкі дөң басында» тақырыбы бойынша













Мектеп директоры _________/Жанжұманов Б.С./

«7» ақпан 2015 ж.











21



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы:«Ту?ан тілім бабам тілім, ?з тілім».

Автор: Жумабаева Акжаркын Болатовна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175101


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства