kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "Шегіртке мен ??мырс?а"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Шегіртке мен ??мырс?а
Саба?ты? ма?саттары: 1. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар ?рекет ететін мысалды? р?ліндегі ж?ндіктер ?міріне то?талу. ?ле? т?рінде берілген ша?ын шы?арманы? мазм?нын ашу.
2. Ой - ?рісін, д?ниетанымын ке?ейту, с?здік ?орын молайту, е?бек ете білуге баулу.
3. О?ушыларды? к?ркем с?зді сали?алы ойды ?з с?здік ?орына ?абылдай алуы, соны? н?тижесінде ауызша, жазбаша с?йлеу да?дыларын жетілдіру, эстетикалы? та?ылымын арттыру, е?бекке т?рбиелеу.
К?рнекіліктер: А. ??нанбаев, И. В. Крыловты? суреттері, ?ыс суреті, бейнетаспа, слайд
?дісі: Ой ?оз?ау, венн диаграммасы, топтастыру,
бейнетаспа, сах налау, ?ле?нен ?зінді, екі т?рлі т?сініктеме к?нделігі.
Саба?ты? т?рі: Аралас саба?
П?наралы? байланыс: д?ниетану, бейнелеу ?нері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Шегіртке мен ??мырс?а" »

Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаттары: 1. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу.
2. Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, еңбек ете білуге баулу.
3. Оқушылардың көркем сөзді салиқалы ойды өз сөздік қорына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, эстетикалық тағылымын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А. Құнанбаев, И. В. Крыловтың суреттері, қыс суреті, бейнетаспа, слайд
Әдісі: Ой қозғау, венн диаграммасы, топтастыру,
бейнетаспа, сах налау, өлеңнен үзінді, екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
«Бір - бірімізге серікпіз,
Бірлікке мәңгі берікпіз»
«Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5 - ке қолды жеткізу»
- Сабақта бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Елемес Салықовтың Күзгі орманның көріністері. «Саңырауқұлақ жинау» ойынымен бастау Әр саңырауқұлақтың астында сұрақтар жазылады. 1.” Күзгі орманның көріністері ”
1. мәтінінде не туралы айтылған?
2. Күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?.
3. Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеңдер?

III. Ой қозғау (Суретпен жұмыс)
«Ұлы тұлға»
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!

Крылов Иван Андреевич туралы түсінік беру, өмірбаянымен таныстыру
3. Қызығушылықты ояту.
«Шегіртке мен құмырсқа» мультфильмінен үзінді көрсету

IV. Ой шақыру.

Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.

V.. Мысал - кейіпкерлері адам емес аң, жан - жануар арқылы адам бойындағы мінді тұспалдап, әжуа - күлкі етеді. Осындай шағын көлемді оқиғаны, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарма.

VI. Биологиялық анықтама
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.

VII. Оқулықпен жұмыс ( Топпен жұмыс)
1 - топ
Абай ата туралы не білеміз, қандай шығармаларын оқыдық?
2 - топ
Мысал туралы не білесіңдер?
Мысал туралы түсінік бер.
3 - топ
Табиғат туралы өлеңін айт

VIII. Сергіту сәті

IX Мағынаны тану.
- Біздің ойымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік.
(Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
Білемін -- Білмеймін +- мен үшін жаңалық?- мені таң қалдырды

Мысалды оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.

X. Ойға шабуыл.

Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
Шегіртке: Қанаты бар, ұшады, секіреді, зиянды, кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланады.
Құмырсқа: Кішкентай, пайдалы, емдік қасиеті бар, түрлері көп, еңбекқор.
Ұқсастығы: Тірі табиғат, жәндіктер, бунақденелілер.

XI. Шығармашылық тапсырма.

1 - топ: жаз мезгіліндегі шегіртке
2 - топ: қыс мезгіліндегі шегіртке
3 - топ: Сен құмырсқаның орнында болсаң, не істер едің?

XIII. Сахналау ( Рөлге бөліп ойнау)
XIV. Қорытындылау

- Өмірде іс - әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?
- Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің?

XV. Үйге тапсырма.

- Мысалды рөлге бөліп оқу
- Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетін сипаттайтын мақал - мәтел жазу.
- Суреттерін салу

Бағалау. Мадақтау

Сабаққа: Өте жақсы қатысқан топқа «Жарайсыңдар»
Жақсы қатысқан топқа «Құттықтаймыз»
Орташа деңгейдегі топқа «Әлі де талаптан»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "Шегіртке мен ??мырс?а"

Автор: Тасбулатова Балжан Кабкен?ызы

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства