О?ушылар?а Ел басы Н.?. Назарбаеты? «Тарих тол?ынында» е?бегі аясында шы?арыл?ан анимациялы? фильмні? ?зіндісі ар?ылы ?аза? даласыны? иесі кім екенін, ?аза? жеріні? кіндігіне А? ордасын тіккен – Астана ?аласыны? тарихымен таныстыру.
О?ушыларды? білімдерін шы?дап ?олдай отырып, ізденіске, ?з ойын жеткізуге ?ызы?ушылы??а баулу. ?з елін, жерін, отанын с?юге т?рбиелеу.
Т?рі: Драма, ?деби-тарихи, танымды? саба?
Ресурстар:
Н.?.Назарбаев Еуразия ж?регінде. – Алматы: Атам?ра. Н.?.Назарбаев Тарих тол?ынында. – Алматы: Атам?ра. 1999ж. http://kivvi.kz/watch/1jr2p3pgb0e5/ «?аза? елі» анимациялы? фильмі 1- сериясы, www.smskazakhstan.com/.../7865- ?аза?станны?ежелгі-?алалары-7-бет.www.youtube.com/watch?v=CuZFRFeofHA Астана к?шелері, www.khabar.kz/kz/.../97-n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-zholdauy Н.?.Назарбаеты? жолдауы 11 ?араша 2014 ж.
Келе жат?ан мерекелерімізді айта кетейік. -- Б?л ?андай мерекелер?
1 желто?сан. ?аза?стан Республикасыны? Президенті к?ніне екі жыл. ?лы Т?уелсіздік ал?ан к?німіз 16 желто?сан биыл 23 жыл.
О?ушылар сендерге фильм ?зіндісін ?арауды ?сынамын.
Фильм ?аралады. http://www.youtube.com/user/amanargyn
Ал енді топтасайы?. Топ?а б?лінеді.
Балалар мен бір минут уа?ыт беремін сендер осы фильмнен к?рген ?серлері?мен бір –бірлері?мен топта б?лісі?дер.
Осы фильмнен не т?сінді?дер?
?андай ?сер алды?дар?
О?ушылар ?з ойларын айта бастайды фильм жоспары бойынша ?аза? хал?ыны? ?иында, ?ыстау жылдары. ?аза? ханды?ы. Ежелгі ?аза? ханды?ыны? астаналары туралы айту.
- Жа?сы о?ушылар ?здері? к?ріп отыр?ан фильм
?ала
мемлекеті
мезгілі
Суяб
Батыс т?рік ?а?анаты
603-659
Баласа??н
?арахан мемлекеті (А?т?бе) – Батыс Т?рік ?а?анды?ыны?, ?арахан ж?не ?ара?идан мемлекетіні? бас ?аласы болды.
942-1213
?ойлы?
?арл?? ?а?анаты
756-940
Янгикент
О?ыз мемлекеті 9 – 11 ?асырларда Сыр ??іріндегі Жанкен
756-955
Сы?ана?
?ыпша? ханды?ы
955-1219
Сауран
А?орда мемлекеті
1227-1428
Тараз
?біл?айыр мемлекеті,
кейін ?аза? ханды?ы
1446 ж. бастап ХVІІ ?. дейін
Т?ркістан
?аза? ханды?ыны? саяси ж?не рухани астанасы
Алаш-?ала
Алаш-Орда (Семейді? іргесіндегі)
1917-1920 жж.
Орынбор
1920-1925 жж.
?ызылорда
1926-1929 жж.
Алматы
?азКСР,
кейін ?аза?стан Респубикасы
1929-1997 жж.
Астана
?аза?стан Республикасы
1997 ж. 10 желто?саннан бастап
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Н?рлы ?ала - Астана »
Астана қаласы № 54 мектеп – лицейі бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Нұргүл Надырәліқызы
Сыныбы: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы: Нұрлы қала - Астана
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ел басы Н.Ә. Назарбаетың «Тарих толқынында» еңбегі аясында шығарылған анимациялық фильмнің үзіндісі арқылы Қазақ даласының иесі кім екенін, қазақ жерінің кіндігіне Ақ ордасын тіккен – Астана қаласының тарихымен таныстыру.
Оқушылардың білімдерін шыңдап қолдай отырып, ізденіске, өз ойын жеткізуге қызығушылыққа баулу. Өз елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Драма, әдеби-тарихи, танымдық сабақ
Ресурстар:
Н.Ә.Назарбаев Еуразия жүрегінде. – Алматы: Атамұра. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра. 1999ж. http://kivvi.kz/watch/1jr2p3pgb0e5/ «Қазақ елі» анимациялық фильмі 1- сериясы, www.smskazakhstan.com/.../7865-Қазақстанныңежелгі-қалалары-7-бет.www.youtube.com/watch?v=CuZFRFeofHA Астана көшелері, www.khabar.kz/kz/.../97-n-rly-zhol-bolasha-a-bastar-zhol-zholdauy Н.Ә.Назарбаетың жолдауы 11 қараша 2014 ж.
Көрнекілігі: Фильм «Қазақ елі», слайд «Нұрлы қала-Астана», Қазақ елінің астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола қалаларының макеттері, карта. Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегі, газет. Оқушылар сыйы.
Сабақтың барысы:
Құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар, ұстаздар еліміздің асыға күтіп отырған мерекелеріміздің қарсаңында осындай қасиетті «Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінде болғалы отырған «Нұрлы қала-Астана» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мереке құтты болсын!
Келе жатқан мерекелерімізді айта кетейік. -- Бұл қандай мерекелер?
1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті күніне екі жыл. Ұлы Тәуелсіздік алған күніміз 16 желтоқсан биыл 23 жыл.
Оқушылар сендерге фильм үзіндісін қарауды ұсынамын.
Фильм қаралады. http://www.youtube.com/user/amanargyn
Ал енді топтасайық. Топқа бөлінеді.
Балалар мен бір минут уақыт беремін сендер осы фильмнен көрген әсерлеріңмен бір –бірлеріңмен топта бөлісіңдер.
Осы фильмнен не түсіндіңдер?
Қандай әсер алдыңдар?
Оқушылар өз ойларын айта бастайды фильм жоспары бойынша Қазақ халқының қиында, қыстау жылдары. Қазақ хандығы. Ежелгі қазақ хандығының астаналары туралы айту.
Жақсы оқушылар өздерің көріп отырған фильм
қала
мемлекеті
мезгілі
Суяб
Батыс түрік қағанаты
603-659
Баласағұн
Қарахан мемлекеті (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды.
942-1213
Қойлық
Қарлұқ қағанаты
756-940
Янгикент
Оғыз мемлекеті 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкен
756-955
Сығанақ
Қыпшақ хандығы
955-1219
Сауран
Ақорда мемлекеті
1227-1428
Тараз
Әбілқайыр мемлекеті, кейін Қазақ хандығы
1446 ж. бастап ХVІІ ғ. дейін
Түркістан
Қазақ хандығының саяси және рухани астанасы
Алаш-қала
Алаш-Орда (Семейдің іргесіндегі)
1917-1920 жж.
Орынбор
1920-1925 жж.
Қызылорда
1926-1929 жж.
Алматы
ҚазКСР, кейін Қазақстан Респубикасы
1929-1997 жж.
Астана
Қазақстан Республикасы
1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап
Н.Ә. Назарбаевтың 1999 ж. Тәуелсіздік қарсаңында шыққан «Тарих толқынында» еңбегі желісінде шығарылған ( кітаппен таныстыру, көрсету) бірнеше сериялы анимациялық фильм. Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.
Бұл фильм аясында сонау 5 ғасырдан бері астаналарымыз болғанын кейіннен қазақ хандығы кезінде Сығанақ, Сауран, Тараз, Түркістан, Алаш Орда қалалары болғанын біліп отырмыз. Бұл фильмдердің келесі серияларын ата аналарыңмен көріп, отбасында талқылаңыздар.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың тағы қандай кітабын білесіңдер?
Ендегеше бүгінгі сабағымыз неге байланысты болады?
Ал енді Астанамыздың келесі тарихын өздеріңнің менімен бірге зерттеп, дайындаған мәліметтеріңді тыңдайық. Сөз кезегін кішкентай Астаналықтарға береміз.
ІІ бөлім. Қазақ хандығы кезеңінен кейінгі Астананың тарихы туралы драмалық қойылым.
(Ақнұр) Астана:
Мен астанамын өмірге келдім. Қазақ елінің астанасымын. Білсеңдер ғой мен қандай бақыттымын!
Ержігіт: Астана, сені көргеніме қуаныштымын. Алда елің үшін сенің міндеттерің көп. Астана, сен менімен Орынбор қаласына барасың. Сен сол жерде боласың. (Астананы алып Орынбордың макеті тұрған жерге апарады)
Ержігіт: 1920 – 1925 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды.
Астана Ақнұр:Бұл жер маған қолайсыз болды елім шалғайда, өзім халқымды да көре алмаймын. Өте алыстамын.
Ержігіт: Астана мен сені көшіруге келдім.
Астана Ақнұр:Қайда?
Ержігіт: Сыр бойына барасың. Ол жер саған қолайлы болады деп ойлаймын. (Астананы алып Қызылорданың макеті тұрған жерге апарады)
Ержігіт: 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды.
Ділназ:Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті ел астанасын Қызылордадан Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты.
1927 ж. 30 мамыр. Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті.
Ержігіт: Астана қуана бер сені тағы алып кетуге келдім. (Астана мұңая қарайды) Бұйрық солай.
Астана: Мен енді ғана жаңа жерге үйрене бастап едім, амал қанша.
(Астананы алып Алматының макеті тұрған жерге апарады)
Ержігіт: Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.
Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды.
Астана: Менің қонысым жайлы болғанымен, елім тәуелді. Қашан еліме бақыт күн туар.
Ержігіт: Астана сүйінші! Қуана бер, бүгін 1991 жыл 16- желтоқсан біз Қазақ елі тәуелсіздігімізді алдық. Бұл не екенін білесің бе?
Астана: Жоқ білмеймін.
Ержігіт: Қалай? Бұл дегеніміз өз тәуелсіз еліміз, Астанамыз, рәміздеріміз, тіліміз, тіпті теңгеміз болады деген сөз. Осы күнді ата-бабаларымыз армандап кетті ғой. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев ата-баба арманына қол жеткізді.
Астана: Маған осы жылдар бойы жетіспеген еркіндік екен ғой. Қуаныштымын.
Жұлдыз. Алматы қаласы. Үкіметтер үйінде болған мәжіліс.
Ақерке: Құрметті жолдастар мерекелеріңізбен! Бүгінгі мәселе Астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттеп қандай қорытындыларға келдіңдер тыңдайық.
Аңсар: Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан.
Ернар: Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімшілік іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдаймыз.
Жұлдыз:
1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды.
Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы.
(Ержігіт Астананы Ақмола жеріне алып келеді.)
Алихан: 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады.
1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті.
1997 жылы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды.
Елорданың жаңа атауға ие болуы туралы Н.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» кітабында былай дейді:
Ануар: «Бұған дейін бұл қаланы қалай атау туралы сөз көп болды. Түрлі ұсыныстар айтылды. Қаланы елдің атымен Қазақстан деп атау жөнінде, басқа да, соның ішінде Нұрсұлтан деп атау керек деген де ұсыныстар болды.
Қалай болғанда да, Ақмола атауын өзгерту қажеттігі жаппай айтылып жүрді. Оның атауының мағынасы жөнінде көптеген жорамалдар, тіпті қисынсыз тұспалдар айтылды.
Мүмкін Қараөткел дерміз? Алматы өзімен бір аттас Алматы шатқалының атымен аталған ғой. Әлде Есіл ме? Сарыарқа ма?
Бірақ, көкейге қонар емес.
Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар. Астана!
Біздің жалпы көңіл ауғанымызды және астананы көшіруден күтерімізді бейнелейтін өте ауқымды әрі қысқа ұран сияқты. Бірақ, бұл атауды қазақша пайдаланудың жаңылтпаш сияқты өзіндік ерекшелігі болғалы тұр. Мысалы, астанамыз Астана.»
Темірлан:
1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды.
Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.
(Ержігіт Астанаға салтанатты түрде тәж кигізеді. Қалған он ғимаратты баяндайтын оқушылар қасына келеді.)
Арсен: Ақ орда: Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленген.
Бәйтерек: Еркежан : Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады.
Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе, орындалады деп айтылады.
Оның негізгі идеясы - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бейбітшілігіміз бен ынтымағымыз мәңгі болсын, ағайын!
Камеля: Хан Шатыр - Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. Ғимарат президент Резиденциясы мен үкіметтік ғимараттар кешенінен бастау алатын қаланың басты орталық белдеуін аяқтап тұр.
" Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр.
Диас Әбделді: Бейбітшілік және келісім сарайы - Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан бүкіл әлемде жоқ.
Айсұлу:«Тәуелсіздік сарайы» 2008 жылғы 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік сарайының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Тәуелсіздік сарайы» мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады.
Ғазали:ҚҰМұражай - Ел тарихы туралы сан рет жазылады, айтылады да. Десе де, бабалар жүрген жолды көзбен көріп, болашақ ұрпаққа қалдырар мұраны құнттау өте үлкен игі іс. Сондықтан архив сөрелерінде том-том болған тарихқа мұражайды қосуға болады. Еліміздің рухани мұрасы тағы бір мекемемен толықты. Астана төрінде аумағы 74 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ұлттық мұражайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп ашты. Менде қатысып өзім көрдім.
Малика «Назарбаев университеті»: 2012 жылы 28-маусымында салтанатты түрде ашылды. Сәулеті қазіргі заманға және үздік батыс стандартына сай. Ғимараттың барлық бөлімдері бір-бірімен ортақ атриум және ішкі өту дәліздері арқылы байланыстырылған. Мұнда АҚШ, Канада, Ресей, Ұлыбритания, Түркия т.б елдерден 40-тан астам қызметкерлер жұмыс істейді.
Қазақстан Спорт кешені: Асылбек: қолданысқа 2001жылы берілді. 7-қысқы Азия ойындарынна байланысты қайтадан толығымен жаңартылды. 5000 көрерменге дейін қабылдай алады. Шайбалы хоккей бойынша жарыстар өткізіледі. Бұл ғимараттың қасынан жайылма мұз айдынның құрылысы салынды. Мұнда түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Жәния: Қазақстан балет және опера театры- 22 маусымда 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана Опера» театрының салтанатты тұсаукесері өтті. Жаңа өнер ордасының шымылдығы 100 жылдық мерейтойы аталып өткен композитор Мұқан Төлебаевтың классикалық өнерге қосқан жауһары – «Біржан-Сара» ұлттық операсымен ашылды.Сахнаның аумағы 768 ш. м құрайды, сондай-ақ биіктігі 16 м.
Әділет: «Expo-2017» 2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының 157 мүше елдерінің дауыс беруімен Қазақстан «EXPO-2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Көрме 3 айға дейін жалғасыды. Оған әлемнің 150-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 милионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» Ол әлемдік қоғамдастықты толғантып отырған ең өзекті мәселе –энергетикалық ресурстарды орнықты пайдалану, энергиялық балама көздерін пайдалану мәселесін қозғайды.
Аружан Н.
1 –оқушы: Бүгінде біз Астананың ұрпақтары тағы басқа да танымал ғимараттармен мақтана аламыз. Біздің туған қаламыз Нұрлы қала - Астана
Астанам - бағы биік асқарымсың, Астанам – мәнгі жарық аспанымсың, Астанам пейіш қалам,ел арманы, Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. Инара: 2 –оқушы Астанам шапағаттың шуағындай, Астанам махабаттың тұрағындай, Астанам – періштелер мекенісің Астанам махабаттың тұрағындай. Арайлым: 3 –оқушы Астана атың қандай нақ та әсем, Аңызақтан айналыпсың баққа сен Таң ұзаққа таңдайымда түнеткен Жырларымды айтарымсың жатқа сен!
Санжар: 3 –оқушы Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге Жайнаған Отанымның жүрегінде. Астанам - бақ ошағым,түп қазығым, Айналған бар қазақтың тірегіне.
Б. Аружан Оқушы:
1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына лайық деп табылса, 2011 жылы «ТМД мен ЕурАзЭҚ-тың үздік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. 2012 жылы Қазақстанның бас қаласы ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы құрметті миссиясын табысты орындап шықты.
Инара
Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім. Ақерке
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Аңсар
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ділназ :Тәуелсіздігімізге тәубе ғана демей, нығайту мен дамытуға дамыл таппай қызмет ету әрбір азаматтың парызы болуы тиіс. Тәуелсіздігіміз бен елорда Астанамыз айбарлана берсін, байтақ жеріміз аман болсын, ұлан-ғайыр даладағы халқымыз аман болсын, көш басында келе жатқан атамыз Нұрсұлтан Әбішұлы аман болсын деп тілейік.
Жұлдыз:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Сонымен бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар бір сөзбен айтып шығайық.
Неге тәрбие сағатымыздың тақырыбын « Нұрлы қала –Астана» деп алдық?
Жақсы кешегі күні 11 қарашада Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтарына «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты жолдауын жолдады. Президенттің Жолдауы атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын және аса жауапкершілікпен, жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр. Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Жолдауда айтылғандай Қазақстан Республикасы аумағындағы облыс орталықтары арасында үлкен көлік жолдары салынады. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты. Ендеше Президентіміз айқындап берген нақты мақсат, айқын жолмен жүрейік. Нұрлы астанамызды одан сайын нұрландыратын келешектегі өздеріңсіңдер.