Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Мені? Отаным - ?аза?стан»
Білім беретін салалар: «Қатынас».
Бөлімдер : «Қазақ тілі».
Тақырыбы : Менің Отаным –Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан туралы мағұлмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: өз Отанына, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сөздік жұмыс : Отан, елорда, туған жер.
Материалдар: слайд, суреттер.
Әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет түрі
Балалардан өткен сабақты еске түсіру үшін суреттер көрсетемін. Балалар суретті атап, сөз тіркестерін құрайды. Өткен сабақты естеріне түсіреді.
Балалар суреттерге назар аударады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Әліппе-дәптерде берілген сурет бойынша балаларды «Отан», «Қазақстан жері» және «елорда» деген сөздермен таныстырамын. Олардың мағынасын түсіндіремін. Қазақстан туралы түсінік беремін.
Балалардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлемін. «Менің Отаным –Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын» сөйлемдерін үйретемін.
Балалар Отан, Қазақстан, елорда сөздерін қайталайды.
Сөйлемдерді қайталайды.
Рефлексивті- коррекциялаушы
«Отан» өлеңінің мазмұнымен таныстырамын. Балалармен қайталаймын. Осы өлең жолдары арқылы сабақты бекітемін.
Балалар өлеңді бірге хормен қайталап жаттығады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен, әдемі» сөйлемдерің меңгереді.
Игеру керек: балалар «Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан үлкен әдемі» сөйлемдерін үйренеді.
Үйрену керек: жаңа сөздерді қазаша атай білуді.
Білім беретін салалар: «Қатынас».
Бөлімдер : «Қазақ тілі».
Тақырыбы : Менің қалам
Мақсаты: Білімділік: Алматы қаласы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: өз қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс : қала, ағаш, үлкен, әдемі, алма, көлік.
Материалдар: Алматы қаласының суреттері, слайд.
Әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет түрі
Балаларды Алматы қаласымен таныстыру үшін слайдтағы суреттерді көрсетіп, еліміздің үлкен қаласымен таныстырамын.
Алматы сөзін атайды.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
Әліппе - дәптерде берілген Алматы қаласының суреті арқылы балаларға Алматы туралы түсінік беремін. Балалардың «Мынау –Алматы қаласы. Алматы – үлкен, әдемі қала» деген сөйлемдерді айтқызып, жаттықтырамын.
Сергіту сәті:
Жап-жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар –
Алматы қаласы.
Алматы қаласы туралы өлеңмен таныстырамын. Жасыл ағаш, қызыл алма, биік тау деген сөз тіркестерін сурет арқылы түсіндіремін.
Балалар «Мынау –Алматы қаласы. Алматы – үлкен, әдемі қала» сөйлемдерін қайталайды.
Балалар өлеңді қайталайды, тілдерін жаттықтырады.
Рефлексивті- коррекциялаушы
Балаларға Алматы қаласының басты белгісі болып табылатын алманың суретін бастыру және бояту арқылы олардың Алматы қаласы туралы түсініктерін бекітемін.
Балалар суретті бастырып, бояйды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «Мынау – Алматы қаласы» деген сөйлемді меңгереді.
Игеру керек: сөйлем құрай алуды.
Үйрену керек: сөздерді қазақша атай.
Білім беретін салалар: «Қатынас».
Бөлімдер : «Қазақ тілі».
Тақырыбы : Астана қаласы
Мақсаты: Білімділік: еліміздің бас қаласы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыпастыру.
Тәрбиелік: еліміздің астанасына деген мақтаныш сезімін ояту.
Сөздік жұмыс : қала, ағаш, үлкен, әдемі, көлік.
Материалдар: Астана қаласының суреттері, слайд.
Әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет түрі
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында балаларға тудың суретін көрсетемін. Балалар суретті не бейнеленгенің айтады.
Балалар:
– Ою.
– Күн.
–Қыран.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
1. Балаларды әліппе-дәптеріндегі «Астана қаласы» тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырамын. Астана қаласының суреті арқылы балаларға елордамыз туралы түсінік беремін.
2.Балалар «Бәйтеректі» бояу арқылы елордамыздың зәулім әрі көрікті ғимаратының бірімен танысады.
3. Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Қәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Балалар Астана қаласымен таныс болады.
«Бәйтеректің» суретін бояйды.
Өлеңді, қимылды қайталайды.
Рефлексивті- коррекциялаушы
4. Сұрақтар қою арқылы сабақты бекітемін.
1. Елордамыз қай қала?
2. Астанада қандай ірі ғимараттар бар?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: «Мынау Астана қаласы» деген сөйлемді меңгереді.
Игеру керек: сұрақтарға жауап беруге дағдыланады.
Үйрену керек: сөйлем құрап үйренеді.
Білім беретін салалар: «Қатынас».
Бөлімдер : «Қазақ тілі».
Тақырыбы : Біздің ту
Мақсаты: Білімділік: мемлекеттік рәміз –тумен таныстыру.
Дамытушылық: жаңа сөздерді орынды қолдана білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс : ту –флаг, көк –синий, ою –узор, қыран –беркут.
Материалдар: тудың суреттері.
Әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет түрі
Сәнденіп даламыз, сәулетті қаламыз,
Сәулеңмен құлпырып,
Сәлем, Күн –анамыз!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Тыңдайды, сәлемдеседі.
Ұйымдастыру-
ізденушілік
1. Балаларға Қазақстан Республикасының туын көрсетемін. Оның түсіне, туда нелер бейнеленгеніне назар аударамын. Осыдан кейін әліппе-дәптерде берілген суреттер бойынша балаларды ою, күн, қыран, деген сөздермен таныстырамын. Осындан кейін балалар Қазақстан Республикасы рәміздерінің қайсысына ою, күн және қыран бейнеленгенін табады. Оның «Ту» деп аталатынын түсіндіремін.
2. Балаларға үлгі бойынша оюды бастыртып, боятқызамын. Ою сөзін естеріне сақтайды сондай-ақ түстерді еске түсіреді.
Балалар ою, қыран, күн сөздерін хормен, жеке-жеке қайталайды.