Пәні: Қазақ тілі.
Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейте отырып, пысықтау.Көктем мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырата білу ,оқушылардың ой-өрісін жетілдіретін ойлау мен байқағыштық қабілетін арттыруға жаттығулар жұмысын жүргізу, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға баулу,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілікі: Мультимедиялық кабинет,тест, сөзжұмбақ, құстар суреті.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, өзбетімен жұмыс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: дүниетану
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады.Өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап арқылы.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Кемпірқосақ.
-Мәтін не туралы?
-Кеппірқосақ неше түстен құралған? (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін)
-Кемпірқосақ қай кезде пайда болады?
Мәтіннен сұраулы сөйлемдерді дәптерге жазып келу керек болатын, кәне кім оқып береді?
Сұраулы сөйлемдер:-Осындай кемпірқосақ бола ма екен?-деген біреудің дауысы естілді.
-Амансың ба, балақай?
- Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?
-Сонда қалай?
Жаңа сабақ. Өткен сабақты қайталау.
Кәне, кім айтады сөйлемнің неше түрі бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті)
-Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.Сөйлем сөзден құралады.
Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)
-Кәзір бізге тыныс белгілер жайлы өлеңдер айтып бермекші, соны тыңдайық.
Нүкте.
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойдың біткенін білдірем, сөйлем соңына таман,
Даусыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?
Сұрақ беллгісі.
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгісін қоймай кетеді,
Өзің айтып білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?
Леп белгісі.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренсісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы табамыз.
Не? Не істеді?
Күн К үркіреді
Қызғалдақ Ө седі
Дала К өктейді
Мал Т өлдейді
Қар Е риді
Төлдер М аңырайды
Сабақтың шешуін таптық «Көктем» екен.Бұл өлеңді жазған Төлеген Айбергенов.Көктем жылдың бір мезгілі.Көктем мезгілі жайлы өздерін не білесіңдер?
Ой шақыру
Көктем
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді өзім оқимын.
Осы өлеңде Көктем қандай көңілді сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылған?Неліктен?
Көктемде нелер ұшып келеді? Құстар.
Көктемде жыл құстарын қарсы аламыз. Көкек, қарлығаш, ләйлек, аққу, қараторғай, ақтұмсық қарға.
-Оқушылар осы жыл құстары сендерге арнаған тапсырмалары бар..Соны оқып көрелік.
1) Қарлығаштың тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқындар.
2) Ләйлектің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
«Көктем » өлеңі бойынша кестені толықтыр.
Құбылыстар
Көктем
Күн жылына бастайды
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
3) Аққудың тапсырмасы: Сергіту сәті.
«Кел ойнайық!» Тиісті тыныс белгісін қой.
Қасқырдың күшігі не
Мал тыныстайды
Жүйрік озады
Мысық қалай дыбыстайды
Өркеннің өссін қарағым
4) Қараторғайдың тапсырмасы: «Кім жылдам?»
Сөздерді сызықпен байланыстыр
Бұлбұл қарқылдайды
Шымшық қаңқылдайды
Қарға сайрайды
Қаз қаңқылдайды
6). Білімді бекіту.Тест жұмысын алу.
1.Сөйлемнің неше түрі бар?
А)2 Ә)1 Б)3
2.Дұрыс сөйлемді тап
А) Күн жылынады көктемде.
Ә) Көктемде күн жылынады.
Б) Жылынады күн көктемде.
3.Мына сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылады? Абайла, құлап қалма
А) Леп белгісі
Ә)Сұрақ белгісі
Б) нүкте
4. Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
А) Нүкте
Ә) Сұрақ белгісі
Б) Леп белгісі
Үйге тапсырма: Көктем өлеңін жаттау. 155 –жаттығу. 98-бет.
Сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларды мадақтау.