Қордай ауданы. Жамбыл ауылы
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп .
Ержанава Гүлсім Бисенбаевна
Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан
(Мұратқан Тәнекеев)
Сабақтың мақсаты: 1.Қазақ халқының батыры Қажымұқан
Қажымұқан Мұңайтпасов туралы түсінік
беру.
2.Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру
байланыстырып сөйлеуін дамыту,өзіндік ой
пікірін айта білуге баулу.
3.Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы
ұлтын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ, жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітап, венн диаграмасы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды 3топқа бөлу.
1-топ күн
2-топ ай
3-топ жұлдыз
1-топ:
Күндей жарық мейрімді,
Шуақ шашып күлімдей.
Адамзатқа тілейміз,
Күндей күлген өмірді.
2-топ:
Толған аппақ аймыз,
Ақ батаға баймыз.
Жақсылыққа асықпыз,
Жамандықтан қашықпыз.
3-топ:
Жарық шашқан жұлдызбыз,
Сәуле берер құндызбыз.
Мықты біздің іргеміз,
Достарменен біргеміз.
Психологиялық сәт:
Қатар, қатар тізіліп, Жақсы болып сабақта,
Оқушыға лайық. Әдеп сақтар сәніміз.
Қолымызды жіберіп, Отыруға нақпа-нақ,
Түп-түзу боп тұрайық. Дайындалдық бәріміз.
1-топ жәй отыр. 2-топ тез отыр 3-топ сенде отыр
Өткен сабақты қайталау.
Өткен сабақ: Суретші ата Қастеев
Нұрсұлтан Әлімқұлов.
3-топтан сұрау.
1-топ: 2 шумақ
2-топ: 2шумақ
3-топ: 2 шумақ
Үй жұмысын сұрау сабақты қорыту үшін сұрақтар беру
1-топ: Қастеев кім?
2-топ Турксибтегі дегенді қалай түсінесің?
3-топ Жамбыл, Сүйінбай кімдер?
Қасттеев атамызға сипаттама берейік.
Данышпан Суретші
Қастеев
Білімді Ақылды
Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабағымызды бастайық
Сабақты сөз жұмбақ арқылы шешейік
1. Көздің үстіндегі дене мүшесі(қас)
2.Ас атасы( нан)
3.Әкенің анасы (әже)
4.Көктемдегі жер түсі (жасыл)
5.Апорт (алма)
6.Құсың үйі (ұя)
7.Батыр сөзіне қарама қарсы сөз(қорқақ)
8. Түйенің баласы(бота)
9.Ең асыл адам (ана)
Жарайсыңдар балалар олай болса біз сабағымызды бастайық.
Жаңа сабақ: Қажымұқан Мұратқан Тәнекеев.
Тақырыпты оқып беремін , түсіндіремін содан соң түсіндіремін. Оқушыларға тізбектеп оқытамын.
1-топ: 1-бөлімге ат қойады.
2-топ: 2-бөлімге ат қойады.
3- топ: Сұрақ жауапты пысықтау.
Оқушыларға сұрақтар беру.
1.Қажымұқан кім?
2.Ол қайда келді?
3.Мұқан қайсы балуанмен күресті?
4.Мұқан Нұрлыны жеңді ме?
5.Мұқанға арнап қандай журнал шығарды?
6.Журналға қандай ат берілді?
Мұқанға сипаттама беру.
намысшыл
ер жүрек балуан
Қажымұқан.
батыр
қажы
ақылды
Жарайсыңдар балалар біз өткен сабақта Қастеев атамыз туралы өлеңді
өткен едік.Ондай болса біз қазір венн диаграмасы арқылы салыстыра ортақ қасиетін табамыз.
1-топ 3-топ
Қастеев ортақ қасиет. 2-топ
Қажымұқан
Сергіту сәті:Аппақ, аппақ дала, Көңіліміз қаласа,
Аппақ ауыл қала. Сыртқа шығып таласа.
Жапалақтап ақша қар, Шана теуіп ойнаймыз,
Жауа берсін жауа. Қыстың күні тамаша.
Енді балалар, сендердің білімдеріңді тест арқылы анықтаймыз.
Тест
1.Ипподромға кімдер жиналды?
а) аңдар б) ел
ә) әншілер в) халық
2.Мұқан кіммен күресті?
а)Ахметпен б) Мұхитпен
ә) Нұрлымен в) Мұханмен
3.Мұқан Нұрлыны жеңді ме?
а) ия б) білмеймін
ә) жоқ в) екеуі де бірдей
4.Мұқанға қандай ат берілді?
а) Мұқан б) Қажы
ә) Мұханура в) Мұңайтпас
Жарайсыңдар балалар, қазір Қажымұқан атамызға арнап 5 жолды өлең
шығарайық .
Сабақты қайталау қорыту бүгін қандай сабақ өттік, оқушылардан сұрау оқушыларды бағалау.
Күн тобына: Ай тобына:
Күннің барда күліп жүр, Толған айдай жарық бол,
Жан-жағыңды біліп жүр. Ақ батаға қарық бол.
Ғибратты сөздерді, Жақсылыққа асығып,
Құлағыңа іліп жүр. Жамандыққа жабық бол.
Жұлдыз тобына:
Жұлдыздарың жана берсін, Жақсы оқып адал болып,
Елің адал баға берсін, Досқа үлгі бола берің.