kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы:?айдан келді? бауырса??.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:?айдан келді? бауырса??.

Саба?ты? ма?саты:

1.?ле?ді о?ып беріп,балалар?а т?сіндіру барысында с?здік ?орларын, с?йлеу м?дениетін, ойлау ?абілетін дамыту.     

     2.Диалогты с?йлеуге ?йрету. Бауырса?ты? дастар?ан?а ?андай е?бекпен келу жолдарын т?сіндіру, нанды
?астерлей білуге ?йрету ж?не ойлауын ?алыптастыру.

 3.?лкендерді? е?бегін ба?алай білуге т?рбиелеу.

С?здік ж?мысы: ди?ан, наубайхана, д?кен.

?діс-т?сілдер: С?ра?-жауап, ??гімелеу, ты?дау.

Саба? типі. Аралас саба?

Саба? т?рі.Д?ст?рлі.саба?

Саба?ты? к?рнекіліктері: Бауырса?, ?уырша?,егінні?

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і. Балалар шатты? ше?беріне т?рады.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

?зын м?ртты сарылар,

?ойынында д?ні бар.

(Бидай)

  • Бидайдан не жасалады?
  • Бидайдан ?н жасайды, ?ннан т?рлі та?ам, нан, б?ліш,
    бауырса? пісіреді.

Д?птермен ж?мыс:

?. Т?рманжановты? «?айдан келді?, бауырса??» ?ле?імен таныстыру.

  • ?ле?де не туралы айтылды?
  • Бауырса? ?айда жатты?
  • ?уырша? не деп с?рады?
  • Бауырса? наубай?а ?айдан келді?
  • Диірменге ше?
  • Ди?ан бидайды ?алай ?сірді?

Балаларды? жауабы. (Р?лге б?лініп ойнайды).

Сергіту с?ті:

 Балалар бауырса?ты? дастар?ан?а келу жолын ?имыл ар?ылы к?рсетеді.

Жерді жыртамыз, егінді себеміз,

Суарамыз, к?тіп баптаймыз.

Бидай ?лкен болып ?седі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен ?амба?а тасимыз,

Диірменде ?н етіп дайындайды.

?ннан ?амыр илеп, бауырса? пісіреміз.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы:?айдан келді? бауырса??.»

Бекітемін_____________

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты:

1.Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктері мен таныстыру.
2.Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге және ойлауларын дамыту..

3.Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін,
берекелі күз, жомарт күз.

Сабақтың көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Сабақ типі. Аралас сабақ

Сабақ түрі.Дәстүрлі.сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз неше айдан тұрады?

  • Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

  • Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

  • Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).
    Дәптермен жұмыс:

  • Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмүрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр. қырыққабат, қарбыз, қауын,т.б.

Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)
Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты. Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

айтыңдаршы, бөбектерім,

бұл қай кезде болады?

(Күзде)

Қорытынды.

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала
сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.



Бекітемін__________

Сабақтың тақырыбы:Қайдан келдің бауырсақ?.

Сабақтың мақсаты:

1.Өлеңді оқып беріп,балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

2.Диалогты сөйлеуге үйрету. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды
қастерлей білуге үйрету және ойлауын қалыптастыру..

3.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: диқан, наубайхана, дүкен.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Сабақ типі. Аралас сабақ

Сабақ түрі.Дәстүрлі.сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Бауырсақ, қуыршақ,егіннің

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.

(Бидай)

  • Бидайдан не жасалады?

  • Бидайдан ұн жасайды, ұннан түрлі тағам, нан, бәліш,
    бауырсақ пісіреді.

Дәптермен жұмыс:

Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсаң?» өлеңімен таныстыру.

  • Өлеңде не туралы айтылды?

  • Бауырсақ қайда жатты?

  • Қуыршақ не деп сұрады?

  • Бауырсақ наубайға қайдан келді?

  • Диірменге ше?

  • Диқан бидайды қалай өсірді?

Балалардың жауабы. (Рөлге бөлініп ойнайды).

Сергіту сәті:

Балалар бауырсақтың дастарқанға келу жолын қимыл арқылы көрсетеді.

Жерді жыртамыз, егінді себеміз,

Суарамыз, күтіп баптаймыз.

Бидай үлкен болып өседі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен қамбаға тасимыз,

Диірменде үн етіп дайындайды.

Үннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.
Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап.»

Ойын шарты: балаларга үннан пісірілген нан түрлерін
көрсету.

Балалар көздерін жұмады, бір суретті алып қояды.
Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

Нан - адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен
келеді.

«Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.

Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенші».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ са-
тушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жал-
ғасады.

Қорытынды:

  • Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанга қалай келеді екен?

  • Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

  • Бауырсақтың қандай түрлері бар?

  • Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?

Бекітемін_________

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы.

Мақсаты:

1.Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқу құралдары туралы түсінік беру.

3.Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.


Сөздік жұмыс: қаламсауыт.


Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Оқу құралдарының суреттері.

Сабақ типі. Аралас сабақ

Сабақ түрі.Дәстүрлі.сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады,
бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.

Сабақты жұмбақ жасырудан бастайды.
Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп)

ұшымен қазық торкөзді жазық
Үстіне оттім асы л сөз жазып. (Дәптер)

Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады.

Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хи-
каясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету.

  • Жанатбек биыл қайда барады?

  • Анасы қлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

  • Жанатбек дәптерді қалай былғады?

  • Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

  • Атасы немересін қайда апарды?

  • Мүғалім Жанатбекке не берді?

  • Жанатбек кітаптарды қайда салды?

  • Кітап достарына қандай ақыл айтты?

  • Кітаптың айтқаны дұрыс па?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қы-
    лығы дұрыс па?

«Бірлік болмай, тірлік болмас» - жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста айтылады.

Сергіту сәті:

Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету.)

Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»

Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойын-
шықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын
жинап, артық заттардың атын атау керек.

Жұмбақтың шешуін тап.

Алты қырлы, алты сырлы.

(Қалам)

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.

(Бор)

Қорытынды:

  • Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

  • Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

  • Сабақты жаңсы оқитын баланы қалай атайды?

  • Оқу құралдарын ата?.


Бекітемін________



Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.

Сабақтың мақсаты:

1.Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып,
достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

2.Балалардың ойлауын қалыптастыру.

3.Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: қайырымды.

Сабақтың көрнекіліктері: Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

Сабақ типі. Аралас сабақ

Сабақ түрі.Дәстүрлі.сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Дәптермен жұмыс:

«Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырамын.
Сұрақтар:

  • Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

  • Бала қонаққа кімдерді шақырды?

  • Әкесі баласына не үшін ұрысты?

  • Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

  • Қоян қандай қайырымдылық жасады?

  • Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сүр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді.)

Дидактикалық ойын: «Досым - менің мақтанышым».

Ойынның шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз
достарының бойындағы жаңсы қасиеттерін айтады.

  • Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

  • Жайна, сен ақылды қызсың.

Осылайша ойын жалғаса береді.

Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап,
терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды
елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін
ашып, қоянның қандай жаңсылық жасағанын айтып береді.

Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды».

Қорытынды:

  • Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де
    достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.






Бекітемін____________

Сабақтың тақырыбы: Алма.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларды алма жемісімен таныстыру.

2.Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке
баулу.

3. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жабайы.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Сабақтың көрнекіліктері: Алма ағашының суреті, қоянның, қарғаның, кірпінің, аюдың суреті.

Сабақ типі. Дәстүрлісабақ

Сабақ түрі. Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алманы беріп, жылы лебіздерін білдіреді.

  • Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

  • Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!

Мұғалім:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі неше айдан тұрады?

  • Күз айында қандай жемістер піседі?

  • Алма, алмұрт, шие, жүзім.

Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».

Ойын шарты: жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін
табуы керек.

Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру.

Мұғалім:

  • Жылдың қай мезгілі еді?

  • Жабайы алма қайда қалды?

  • Алманы кім көрді?

  • Қоян Қарғаға не деді?

  • Қарға не істеді?

  • Кірпі нені алып кетті?

  • Үшеуі қайда барды?

  • Аю не деп жауап берді?

  • Қандай мақал айтты?

Балалар жауап береді.

«Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста айтылады.

Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.

  • Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жүмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сыл-
    дыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.

Сергіту сәті:

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайық! (Қимылмен көрсетеді).

Қорытынды:

Сұрақтарға жауап алу:

  • Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?

  • Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?

  • Алма қайда өседі?

  • Достар бір-біріне қандай болу керек?

Бекітемін___________


Сабақтың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Сабақтың мақсаты:

1.Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағды-
ларын дамыту.

2.Отбасылың, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

3.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу..

Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.

Сабақ типі. Дәстүрлісабақ

Сабақ түрі. Жаңа сабақ.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.

  • Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте
    жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.


Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жақсы сөздер айтады.

  • Менің отбасым ... (тату).

  • Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.


Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме ңүрау. Балалар жауап береді.


Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).

«Отбасым - баңыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.


Қорытынды:

  • Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасына кімдер жатады?

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?

  • Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.









Бекітемін____________


Сабақтың тақырыбы: Айтшы, әжетай.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларға әже ұғымымен таныстыру.

2. Балалрдың ойлауын қалыптастыру.

3. Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай
білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.
сабақтың көрнекіліктері: Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.

Сабақ типі. Дәстүрлісабақ

Сабақ түрі. Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады,
бәрі бірге қосылып айтады:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Педагог:

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі неше айдан тұрады?

  • Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Күз мезгілі несімен ұнайды?

  • Бүгін біз Ж. Смаңовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.

  • Бала әжесінен нені сұрады?

  • Әжесі қалай жауап берді?

  • Атасы кім екен?

  • «Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Анасы қайда жұмыс істейді?

  • «Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі?

  • Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз, өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Ойынның шарты: Педагог тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін
жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сездік пе?
Балалардың жауабы.


«Мақалды аяқта» ойыны:

Бұл ойында педагог кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды.

Ата - бөйтерек, ... (бала - жапырақ)


Қорытынды:

Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы - білімді, еңбексүйгіш болу керек.




Мерзімі.

Бекітемін__________

Сабақтың тақырыбы: Алтын бала.


Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға үйрету.

  2. Балалардің ойлауын қалыптастыру.

  3. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сөздік жүмысы: алтын.

Сабақтың көрнекіліктері: Ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.

Сабақ типі. Дәстүрлісабақ

Сабақ түрі. Жаңа сабақ.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге жиналады.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

  • Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?

  • Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?
    Дәптермен жұмыс:

С. Тұрдалиевтың «Алтын бала» әңгімесін балаларға оқып таныстырады.

  • Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

  • Зәукен кімді кездестірді?

  • Атайдың қандай затын жөндеп берді?

  • Анасы қайда келді?

  • Әжей Зәукен туралы не айтты?

  • Анасы неге қуанды?

  • Баласы анасына нені берді?

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.


Дидактнкалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр».

Ойын шарты: Бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.

  • Мен анама ... (көмектесемін).

  • Мен ініме ... ( қамқор боламын).


Дәптермен жұмыс:

Ребусты шеш.

Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.


Қорытынды:

  • Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.







Мерзімі Бекітемін _________

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар.

Сабақтың мақсаты:

1.Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту.

2.Балалрдың ойлауын қалыптастыру.

3. ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жүмысы: арғымақ, қарғып.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.

Сабақтың көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бәрі бірге қосылыгі айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз

  • Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

  • Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Дәптермен жұмыс: Қ.МырзаӘлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе гой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

-Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

  • Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».

Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

  • Менің ойыншығым ... /әдемі/.

  • Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

  • Допты жоғары ... / лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

  • Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы
    білетініңді айт.

  • Жұмбақтың шешуін тап.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).

Қорытынды:

  • Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

  • Қандай ойыншық түрлерін білесің?

  • Ойыншықты кімдер жасайды?

  • Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

Мерзімі Бекітемін



Сабақтың тақырыбы: Ауылда.

Сабақтың мақсаты:

1. Әңгімені балаларға түсіндіру

2.Барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін
дамыту.

3. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір.

Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Айналада қандай өзгерістер бар?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Жазғы демалысты қайда өткіздің?

  • Ауыл (қала) сендерге несімен үнайды?

Балалардың жауаптары.

Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді.

Көздерін жұмады.

  • Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.


Дәптермен жұмыс:

Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.

  • Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

  • Бейбарыс кімнің қасында болды?

  • Атасымен бірге не істеді?

  • Шолпан кімнің қасында болды?

  • Әжесі екеуі не істеді?

  • Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

  • Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

  • Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

  • Шолпан қайда кетті?

  • Бейбарыс ше?


Сергіту сәті: Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме ңүдықтан су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.

(Қимылмен көрсетеді).


Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.


Қорытынды:

  • Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

  • Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?







Мерзімі Бекітемін



Сабақтың тақырыбы: Менің Қазақстаным.

Сабақтың мақсаты:

1. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

2.Туган жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

3.Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан картасы.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!


  • Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

  • Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

  • Рәміздерді атаңдар.

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  • Қазақстан картасын білесің бе?

  • Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.


Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.


Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі. (Қимылмен көрсетеді).


Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін
біледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.


Қорытынды:

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың – елі бай».





Мерзімі Бекітемін


Сабақтың тақырыбы: Көліктер


Сабақтың мақсаты:

1.Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

2.Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.

3.Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол.

Сабақтың көрнекілігі: Көлік түрлері, суреттері. Бағдаршам, жол белгілері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.

  • Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін
кұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде
болдыңдар?


Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

  • Троллейбусқа мініп көрдің бе?

  • Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

  • Сым жолымен қалай жүреді?

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз. (Қимылмен көрсетеді).


Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер.

Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.

Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)

Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)


Қорытынды:

  • Қандай көлік түрлерін білесің?

  • Алыс жол жүріп көрдің бе?

  • Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.









Мерзімі Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Қыс.

Сабақтың мақсаты:

1. Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.

2.Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.

3.Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жүмыс: жасқанбаймын, шаттана.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: Қыс мезгілінің суреттері, слайдтар, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

  • Қыста қар неге жауады?

  • Қардан не жасауға болады?

Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді.


Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

Педагог:

  • Сендерге аққала соққан ұнай ма?

  • Аққаланы неден соғады?

  • Ендеше аққала соғып көрелік.

Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді).


Қимылды ойын: «Қар жинау».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқада бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.


Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі).


Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр».

Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың өздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.


Қорытынды:

  • Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар?

  • Қыс айында қандай мерекелер болады?

  • Қыс мезгілі несімен ұнайды?

  • Қардан тағы не жасауға болады?











Мерзімі Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік көк байрағы.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.

2. Балалардың ойлауын қалыптастыру.

3.Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.

Сабақтың көрнекіліктері: Герб, тудың суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, гимн айтады.

Педагог:

  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Еліміздің бас қаласы қай қала?

  • Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Туымыздың түсі қандай?

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген – ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні болып белгіленген.


Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы - бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында - шұгылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты
бейнелейді. Күннің астында - шарыңтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.


Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету. Балалар
көздерін ашып, өз ойларын айтады.


Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып. (Қимылмен көрсету).


Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім боламын?»

Ойын шарты: Әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.


Қорытынды:

  • Туымыздың авторы кім?

  • Туымыз неліктен көгілдір түсті?

  • Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

  • Неліктен ою-өрнекпен әшекейленген?







Мерзімі Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылым — тамаша.


Сабақтың мақсаты:

1. Қыс туралы білімін бекіту.

2.Жаңа жыл мерекесі ең қызықты, отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру.

3. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.

Сөздік жұмыс: ырыс-құт, әлем.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: Жаңа жыл мерекесі суреттері.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

  • Қыс мезгілінде қандай мерекені атап өтеміз?

Педагог балалармен жаңа жыл мерекесі туралы әңгімелеседі. Мереке туралы балалар өз ойларын айтады.

Тыныштық сәті: Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Көз алдарына Жаңа жыл мерекесін, жасыл шыршаға ілінген ойыншықтарды, шыршаны айналып ән айтып жүрген
балаларды елестетеді. Жаңа жыл мерекесі қандай тамаша! Отшашулар не деген керемет. Көздерін ашады.

Көңіл күйлері жайлы әңгімелесу.


Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Жаңа жылым - тамаша» өлеңін жаттау.

Әкелді жыл ырыс-құт:

Әлемде той, тыныштық.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым - тамаша.

Педагог: Қыс - жылдың қызықты мезгілі. Жаңа жыл мерекесі - отбасылық мереке. Жаңа жылдың өз ерекшелігі болады. Әрбір келген жыл ырыс, құт-берекесімен, өз жақсылығымен
келеді. Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем халқы тойлайды. Жаңа жыл мерекесінің қонақтары - Аязата мен Ақшақар.


Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып. (Қимылмен көрсету).


Дидактикалық ойын: «Шыршаны құрастыр».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірнеше қиып дайындалған шыршаны алып, тез арада құрастыру керек. Тез аяқтаған топ жеңіске жетеді.


Дәптермен жұмыс: Шыршаны безендір.


Қорытынды:

  • Жаңа жыл мерекесі сендерге несімен ұнайды?

  • Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғыларың келеді?

  • Аязатадан қандай сыйлық күтесіңдер?











Мерзімі Бекітемін



Сабақтың тақырыбы: Ормандағы шырша тойы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру.

  2. Балалардың ойлауын қалыптастыру.

  3. Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, өңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: безендіру.

Сабақтың кәрнекіліктері: Балалардың шыршаны безендіріп жатқан суреттері. Сәбіз жеп отырған қоянның суреті.

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жаңажылдық жақсы тілектер айтады.

Педагог:

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

  • Қыста қандай мерекені атап өтеміз?

  • Жаңа жылда нені безендіреміз?

  • Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендірген кезімізді көз алдымызға елестетеміз.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жасыл шыршаны елестетеміз. Қолымызға түрлі ойыншықтарды алып, шыршаға іліп жатырмыз. Шыршамыз
жарқырап кетті. Қандай әдемі шырша! Көзімізді ашайық.

«Ормандағы шырша тойы» әңгімесімен балаларды таныстыру.

  • Руслан ата-анасымен қайда тұрады?

  • Жаңа жыл қарсаңында қонаққа қаладан кім келді?

  • Тимур Русланға қандай ой айтты?

  • Екі бала шыршаны қалай безендірді?

  • Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді? Аттарын ата.

  • Анасы нені көріп қалды?

  • Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?Адамдар ғана емес, аң, құстар да жаңа жылды осылайша тойлады.


Сергіту сәті: Тербеледі шыршалар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай шыршалар

Үп-үлкен боп өседі. (Қимылмен көрсетеді).


Дидактикалық ойын: «Аңдарды құрастыр».

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Алдын ала қиып дайындалған аң денелерін құрастыру керек. Қай топ тез құраса, сол топтың жеңіске жеткені.


Қорытынды: Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алатынын суретке салып, әңгімелеп береді.













Мерзімі 14.01

Сабақтың тақырыбы: Біз тебеміз сырғанақ.

Сабақтың мақсаты:

1.Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту.

2.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.
3.Балалардың табиғатқа деген қызығушылыгын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: шыңдайды, құйындатып, мығым.

Сабақтың көрнекіліктері: Сырғанап жүрген балалар суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарды ақ қарды.

Ақ қарды шимайлап,

Шаңғымен сызалық.

Педагог:

  • Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай?

  • Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап».

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен
сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі.

Дәптермен жұмыс: Б. Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау.


Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

  • Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма?

  • Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек?

  • Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба?

Сергіту сәті: Ішік, пима, қолғаптар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз, алақай.

(Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс: Қыс мезгілінің ұнаған сәттерін, өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ребус шешеді.

Тыныштық сәті: Балалар денелерін еркін ұстап, көздерін жұмады. Көз алдарына қыс мезгілін елестетеді. Терең тыныс алады. Ауа неткен таза, айнала аппақ қар, жылт-жылт етеді.
Қарды алақанымызға салдық, сұп-суық.

Аққала соқтық. Аққаламыз қандай әдемі болып шықты. Көзімізді ашамыз.

Қорытынды:

  • Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма?

  • Сырғанақта немен сырғанайсыңдар?

  • Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?

  • Қардан не жасауға болады?





Мерзімі 21.01 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Қысқы баспана.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларды баспанамен таныстыру.

  2. Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету.

Сөздік жұмысы: тақтай, еден.

Сабақтың көрнекіліктері: Күзгі тіршілік суреттері, бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері.


Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып,
бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балаларға жұмбақ жасырады.

«Еріксе, құйрығымен ойнайды, зеріксе, ұйқыға бір тоймайды». (Мысық)

«Қызыл бұжыр айдары бар, қоқиланған айбары бар,

Ауық-ауық азан салып, өңеш керген айғайы бар». (Әтеш)


Дидактикалық ойын: «Қайсы қалай дыбыстайды?»

Ойын шарты: үй жануарларының суреттерін көрсетеді. Балалар олардың атауын тауып, қалай дыбыстайтынын айтуы тиіс.


Дәптермен жұмыс: «Қысқы баспана» ертегісімен балаларды таныстыру.

  • Орманда қандай аңдар өмір сүрді?

  • Олар күзде не тұрғызды?

  • Олардың үйіне нелер келді?

  • Қасқырлар неден қорықты?

  • Бұқа, қошқар, әтеш, мысық, шошқа қандай дос?


Сергіту сәті: Озып кетсең егерде,

Қуана бер, қуана.

Бірімізді біріміз

ұстап алмай қоймайық.

Кел, қошақан, екеуміз

Қуаласпақ ойнайық. (Қимылмен көрсетеді).


Мақал жаттау:

«Береке түбі - бірлікте» - жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста айтылады.


Қорытынды:

  • Үй жануарларына қандай көмек көрсету керек?

  • Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

  • Үй жануарларының азығы не?

  • Үй жануарларына баспананы кім жасайды?

Мерзімі 28.01 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Шана.

Сабақтың мақсаты:

1.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру.

2. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды.

3.сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: күнұзақ.

Сабақтың көрнекіліктері: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанап жүрген балалар суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді.


  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Қыста қардан не соғамыз?

  • Сырганақта немен сырганаймыз? (Шана)

Дәптермен жүмыс: Г. Әзімбаеваның «Шана» әңгімесімен

таныстыру.

  • Бала үйқысынан түрып, қайда қарады?

  • Ол терезеден кімді көрді?

  • Әкесі мен шешесі не істеп отырды?

  • Бала ата-анасына қандай сөз айтты? (Жаттап алу.)

  • Әкесі баласына не әкеліп берді?

  • Анасы баласына қандай ақыл айтты? Анасы неліктен олай айтты?

  • Баласы не деп жауап берді?


Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан. (Қимылмен көрсетеді).


Дидактикалық ойын: «Қандай қимыл жасағанын тап».

Ойын шарты: Бастаушы түрлі қимылдар ( шаңғы, хоккей, конбки, шана) жасайды, балалар қандай қимыл жасағанын табуы керек.


Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.

Көз алдарына биіктен шанамен сырғанап ойнаған сәттерін елестетеді. Шанамен сырғанап ойнаған қандай қызық. Отыруға да ыңғайлы. Қардың үстімен заулап сырғанайды. Көзімізді
ашамыз. Балалар өз ойларын айтып береді.


Қорытынды:

  • Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?

  • Қыста қандай қызықтар болады?

  • Қысқы ойындарды ата.

  • Шанамен не үшін қыста ғана сырғанайды?













Мерзімі 11.02 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Шынықсын денеміз.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін
түсіндіру.

2.«Шынықсаң шымыр боларсың» сөзінің мағынасын түсіндіру.

3. Балаларды жан-жақты тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сөздік жұмыс: құрыспай, құрыштай.

Сабақтың көрнекіліктері: қыс мезгіліндегі сырғанап жатқан балалар суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне
жылы лебіздерін білдіреді.

  • Сымбат, денсаулығың мықты болсын!

  • Дулат, шымыр болып ос!

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

«Қыста ғана болады, ұстасаң, қолың тоңады». (Қар)

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада белгі көрсетілген. Балалар көрсетілген белгіге сырғанап жетіп, өз орындарына сырғанап келуі керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: Б. Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңін жаттау.

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

-Қыста ауырмас үшін не істеу керек?

  • Сырғанақ теуіп ойнасаң, қандай бала боламыз?

  • «Құрыспай, құрыштай» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
    Сергіту сәті: Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

(Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

Жұмбақтарды шеш.

«Қайқы тұмсық қос табан, қос таяқпен ұштаған,

Итерсең алға зулайды, шойын жолдан аумайды». (Шаңғы)
«Қыста үйге кірмейді, көктем шықса жүрмейді». (Шана)


Дидактикалық ойын: «Кім тез шананы құрайды?»

Ойын шарты: Бірнеше қиып дайындалған шана бөліктері.
Берілген белгі бойынша балалар шананы құрастырады.
Ойын осылайша жалғасып отырады.


Қорытынды:

  • Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

  • Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?

  • Сырғанаққа барған несімен ұнайды?

  • Қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып бер.









Мерзімі 18.02 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Аққала.

Сабақтың мақсаты:

1.Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру.

2.Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.

3.Балаларды жан-жақты тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: ақша қар.

Сабақтың көрнекілігі: Аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

  • Қыста қардан не жасауға болады?


Дәптермен жұмыс: Ғ. Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.


  • Қыста жерде не жатады?

  • Қардан не жасауға болады?

  • Аққала соғып көрдің бе?


Сергіту сәті: Аула сырты, баққа да

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би билейміз шаттана. (Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.


Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін
жұмады. Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді.

Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: Өздері соққан аққаланың суретін салады.


Жұмбақты шеш.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (Аққала)


Қорытынды:

  • Аққаланы неден соғамыз?

  • Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?

Ескерту: Суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек.








Мерзімі 25.02 Бекітемін.

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі).

Сабақтың мақсаты:

1.Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға
түсіндіру.

2.Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.

3. балаларды жан-жақты тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.

Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.

Сабақтың көрнекіліктері: Қарлығаш, дәуіт, көкек, жыланның суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Ертегі әуеніне қосылып балалар ән айтады. Есік қағылады. Ішке ертегілер елінен келген Тазша
бала кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Тазша бала өзімен бірге ертегі, жұмбақтар әкелгенін айтады. Балаларға жұмбақ жасырады.

Тазшаның жұмбағы:

Қонып алып жарға, қарқылдайды ... ( қарға)

Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дәуіт)

Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш)

Тазша бала «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып береді.

Дәптермен жұмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін ба-
лаларға оқып таныстыру.

  • Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?

  • Жылан не үшін келді?

  • Қарлығаш көмекке кімді шақырды?

  • Көкек не деді?

  • Қарға ше?

  • Дәуіт не істеді?

  • Қарлығашқа кім көмектесті?

Ертегіні рөлге бөліп ойнату.

Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау.

Құстың ұясын бүзба!

Құстың балапанына тиіспе!

Құсқа тас лақтырма!

Сергіту сәті:

Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,

ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.

(Қимылмен корсетеді).

Дидактикалық ойын: «Үшты-үшты».

Ойын шарты: «ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кезде балалар қолдарын көтереді. ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.

Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.

Қорытынды:

  • Қарлығаш — адамға дос.

  • Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.

  • Қиындықта достарыңа комектесу керек.











Мерзімі 18.03 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: наурыз тойы.

Сабақтың мақсаты:


1.көктем мезгілімен таныстыру.

2. балалардың ойлауын қалыптастыру

3. Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Жабайы аңдардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Қосылып айтады:

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз.

Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде сары, қыста қар, көктемде жасыл болады.


Дәптермен жұмыс: «Көктем сәні» ертегісін оқып, балаларды таныстыру.

  • Арыстан орманға аңдарды не үшін шақырды?

  • Қандай аңдар жиналды?

  • Ақбөкен не деп жауап берді?

  • Қоян, Арқар, Аю, Түлкі не деп жауап берді?

  • Сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар?


Дидактикалық ойын: «Кім тез құрайды?»

Ойын шарты: Бірнеше жабайы аңдардың қиылған денелерін
құрастыру.


Сергіту сәті: Арыстан ақырады, қоян секіреді,

Түлкі қылмыңдайды, аю қорбаңдайды.

(Қимылмен көрсетеді).



Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмып,орман ды елестетеміз.

Орманда жануарлар жүр. Орман іші жап-жасыл. Таза ауа, сайраған құстар үні, сылдырап аққан судың сыбдыры құлаққа жағымды естіледі. Көзімізді ашайық.



Қорытынды: Көктем сәні - ол гүлдер, көбелектер, алғашқы
ұшып келген құстар, күннің жылуы.











Мерзімі 11.03 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Не сыйлау керек?

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларға әңгімені түсіндіру.

  2. Балалардың ойлауын қалыптастыру.

  3. Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көр-
    сете білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: сыйлық.

Сабақтың көрнекіліктері: Ана мен бала бірге тұрған суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, аналарына жақсы тілектерін айтады.

  • Ана - не деген мейірімді, не деген қасиетті жан!

  • Ана деген болашағы өмірдің!

  • Ана деген қуанышы көңілдің!

  • Өмірде үш қадірлі зат бар, ол - күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті!

Педагог:

  • Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

  • Мерекеде аналарыңа не сыйлағыларың келеді?
    Дәптермен жұмыс: Ж. Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесін балаларға оқып таныстыру.

  • Балғынға көкесі нені ескертті?

  • Балғын қайда келді?

  • Балғын не ойлады?

  • Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

  • Балғын ненің суретін салды?

  • Анасына қандай сыйлық беретін болды?

Сергіту сәті: Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,

Кейде оны жұлуға да қимаймыз.

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз!

(Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Анаңды таны».

Ойын шарты: Үнтаспаға балалардың аналарының даусы басылған, балалар өз анасының даусын тануы керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады, көз алдарына өздерінің туған аналарын елестетеді. Анамыз аялы алақанымен басымыздан сипайды. Алақаны неткен жұмсақ еді. Көзімізді ашамыз.

Қорытынды:

  • Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?

  • Аналарың нанға жұмсаса, барасыңдар ма?

  • Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?

  • Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

























Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Наурыз тойы

(сурет бойынша әңгіме қүрастыру).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы бала-
лардың түсінігін кеңейту. Наурыз - жыл басы, үлыстың үлы
күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың

1

бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа,
үлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сүрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жүмыс: көгерсін, теңелді.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Наурыз тойының сурет-
тері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Үйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне түрады.
Көктем, көктем, көктемде,

Қүстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Педагог:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі неше айдан түрады?

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Наурыз айында қандай үлттық мерекені тойлаймыз?
    Дәптермен жүмыс: Сурет бойынша әңгіме қүрастыру.

Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жатта-

ту.

Күн менен түн теңелді,

Күн шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы — салтымыз,

«Көгерсін», - деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Наурызда күн мен түн теңеледі. Байырғы қазақ күнтізбесі
бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп,
үлыстың үлы күні деп атаған.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін
жүмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем
жап-жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырап су ағып жатыр.
Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп түр. Балалар алтыбақан ойнап,
аналар наурызкөже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды.

Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз
тойы несімен үнады?

Дидактикалық ойын: «Бүл қай салт-дәстүр?»

Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің
суреттері көрсетіледі. Балалар бүл қай салт-дәстүр екенін та-
буы керек. Ол туралы толық айта білуі керек.

Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді - жыл басы.

Шуақ төкті жарың күн
Мейрамында халықтың.

(Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жүмыс: Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды
сызық арқылы қос.

Үлттық ойын: «Қамшы алу».

Ойын шарты: Балалар екі топқа болінеді. Әр топтан екі
немесе торт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын ті-
реп түрады, ңамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген
белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек.
Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны.

Қорытынды:

  • Наурыз мерекесі қандай мереке?

  • Наурызкөжені кімдер пісіреді?

  • Наурыз тойы сендерге несімен үнайды?















































Мерзімі 8.04 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Келе бер, көктем.

сабақтың мақсаты:

  1. Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру.

  2. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып,

  3. сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жүмыс: Шуақты, жер көйлегі.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: Көктем мезгілінің суреттері.

Сабақтың барысы:

  • Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы)

  • Көктем келді.

  • Бұлақ, бүлақ, сен неге сылдырайсың? (Судың дыбысы)

  • Көктем келді.

  • Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың
    сайраған дыбысы)

  • Көктем келді.

Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші», - деседі.
Педагог:

  • Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?
    Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Педагог:

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Қар еріп, қайда сіңеді?

  • Жер қандай түске өзгереді?

  • Жерде не өседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.

Дидактикалық ойын: «Гүлдер».

Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ болады. Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам. (Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтың шешуін тап.

Күн үзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бүл қай кезде болады? (Коктемде)

Қорытынды:

  • Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

  • Ауа райын бақыла.

  • Ағаштар қалай өзгереді?

  • Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.

Мерзімі 15.04 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі).

Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.

  3. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Төрт түлік, төл.

сабақтың көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.

  • Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.

  • Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.

  • Менің атым Әмина, маған анам «қүлыншағым» дейді.


Дидактикалық ойын: «Төлін тап».

Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.


Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.

  • Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?

  • Лақ не айтты?

  • Құлын ше?

  • Бұзау не деді?

  • Қошақан, бота не деді?

  • Адам не деп жауап берді?

Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ,
Айналайын ңозым, малда жуас бозым.
Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,
Жалт-жүлт етіп лақ, жағалайсың бүлақ.

(Қимылмен көрсетеді).


Дәптермен жұмыс:

Жұмбақтың шешуін тап.

Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,

Қойдан маза кетірген, кім біледі... (лақты)

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)


Қорытынды:

  • Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

  • Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.

  • Малдарды қалай шақырады?













Мерзімі 22.04 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Сәруар (ертегі).

Сабақтың мақсаты:

1.балаларды ертегімен таныстыру.

2. балалардың ойлауын қалыптастыру

3.Ертегіні оқып бере отырып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: ғарыш.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Бір-біріне қарап төмендегі өлеңді айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Педагог:

  • Айға ұшқыларың келе ме?

  • Айға ұшу үшін қандай болуымыз керек?

  • Айға немен ұшады?

Балалар өз ойларын айтады.

Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, көз алдымызға аспан әлемін елестетеміз. Аспан әлемі не деген әдемі! Жүлдыздар жымыңдайды. Терең тыныс алып, көзімізді ашамыз. Көңіл
күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: С. Оспановтың «Сәруар» ертегісімен таныстыру.

  • Сәруар қайда ұшпақ болды?

  • Не үшін Аюға барды?

  • Аю келісті ме?

  • Қасқыр келісті ме?

  • Түлкі келісті ме?

  • Қоян неге қорықты?

  • Айға ұшуға күшік пен мысық неге келісті?

  • Сәруардың нағыз достарын ата.

Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Әрқашанда тілектес,

Досыңа көмектес. (Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Менің досым».

Ойын шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсына отырып, өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

  • Әлішер, сен ақылды баласың.

  • Жансая, сен әдемі қызсың.

Қорытынды:

  • Айға ұшу сендерге ұнар ма еді?

  • Айға ұшу үшін қандай болу керек?

  • Айға ұшқанда қасыңа кімді ертер едің?











Мерзімі 29.04 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар батыр.

Сабақтың мақсаты:

1.Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға түсіндіру.

2.балалардың ойлауын қалыптастыру.

3.Балаларды батылдыққа, төзімділікке, еліне адал азамат болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Ғарышкерлер суреті, зымыран, Байқоңыр суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Көкке ұшамын,

ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Педагог балаларға жүмбақ жасырады.

ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз». (Зымыран)

Педагог аспан өлеміне ұшқан түңғыш қазақ Тоқтар Әубәкіровпен таныстырады.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуені ойналады. Балалар көздерін жұмып, терең тыныстайды. Денелерін еркін ұстайды. Көз алдарына аспан әлемін елестетеді.

  • Біз ұшақта отырмыз, жаймен аспанға көтерілеміз, аспанға көтерілдік.

  • Біз қалықтап ұшып жүрміз, ұшып жүрміз, жерге жаймен қонамыз, жерге қондық.

  • Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс:

Педагог Т. Молдағалиевтің «Тоқтар батыр» өлеңімен таныстырады.

Айналады бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың

Тұңғышына бір сәлем!

Қабанбайдың үланы,

Бөгенбайдың қыраны,

Айтылатын мәңгілік

Қазағымның жыр-әні.

Сергіту сәті: Біз ұшамыз, ұшамыз,

Бар әлемді құшамыз.

Әрбір ел мен қалаға.

Қуаныш, бақыт сыйлаймыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «ұшақ».

Ойынның шарты: Балалар үшаққа отырады, ұшақ оталды, қанатымызды жаямыз, баяу қозғаламыз, аспан әлеміне ұшамыз. Міне, көкте ұшып жүрміз.

Ойын осылайша жалғасады.

Дәптермен жұмыс: Ғарыш кемесін салу.

қорытынды:

  • Қазаң халқынан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкердің аты кім?

  • Ғарышңа ұшу үшін қандай болу керек?

  • Өскенде ғарышкер болғың келе ме?










Мерзімі 6.05 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз бәріміз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсі-
    ніктерін кеңейту.

  2. Балалардың ойлауын қалыптастыру.

  3. Балаларды жан – жақты тәрбиелеу.

Сөздік жүмыс: достық, ынтымақ, татулық.

Әдіс-тәсілдер: Сүрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Халықтар достығы бейнеленген суреттер. Үнтаспа.

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз!

Педагог: Қазақстан - көп үлтты мемлекет. Елімізде орыс, татар, ұйгыр, неміс, кәріс, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары болады. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді.

Дәптермен жұмыс: Ә. Дүйсенбиевтің «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін жаттау.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы баңша-бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын кең де, кол де ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

  • «Ағайынбыз бәріміз» деген сөз нені білдіреді?

  • «Ынтымақ» деген сәзді қалай түсінесің?

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» - жоғары

орта

томен дауыспен айтылады.
Дидактикалық ойын: «Досыңды тап».

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың
балалары көздерін таңып, өз достарын табуы керек. Олар өз
досының қолын, шашын, киімін үстап, сипау арқылы табады.
Сергіту сәті: Дөңгелене түрамыз,

Керегені қүрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін қүрамыз. (Қимылмен көрсетеді).

Қорытынды:

  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

  • Біздің мемлекетімізде қандай үлт өкілдері түрады?

Оқу іс-әрекетін достық туралы әнмен аяқтауға болады.













Мерзімі 13.05 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс күні.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту.

  2. Балалардың ойлауын қалыптастыру

  3. Патриоттың сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ар-
    дагерлерге құрмет көрсету.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: отшашу, соғыс ардагері.

Сабақтың көрнекіліктері:

Соғысқа қатысқан ардагерлер суреттері. Мәңгілік алау, оның қасында күзетте тұрған балалар. Жеңіс мерекесінің суреті.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Еліміз тыныш болсын!

  • Бейбітшілік болсын!

Педагог: 9 мамыр - жеңіс күні! Үлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышүлы, Талғат Бигелдинов, Қасым
Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағүлова, т.б.

Еліміз өз батырларын ешқашанда үмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шогын қоямыз!

Еске алу: 1 минуттың үнсіздік.


Дәптермен жұмыс: Қайрат Жүмағалиевтың «Жеңіс күні» өлеңін жаттау.

Ойлап түрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

  • Қуанышты мереке –

  • Жеңіс күні қай күн? - деп.

Бейбіт күннің бәрі де –

Жеңіс күні, шырағым!


Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла».

Ойын шарты: Бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын
тез ойлап табуы керек.

Мен әншімін ... (ән айтамын)

Мен дәрігермін ... (адамдарды емдеймін)

Мен ғарышкермін ... (ғарышқа үшамын)

Ойын осылай жалғасады.


Сергіту сәті: Қиынсынып қашпаймыз,

Шыныгамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Қолды жоғары көтеріп,

Қолды төмен түсіріп,

Терең тыныс аламыз. (Қимылмен көрсетеді).


Дәптермен жұмыс:

«Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» - жоғары дауыста

орта дауыста

томен дауыста айтылады.

Қорытынды:

  • «Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?

  • «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің?

  • Соғысқа ңатысңан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек?

  • Соғысқа қатысқан батырларды ата.

























































Мерзімі 12.03 Бекітемін

Сабақтың тақырыбы: Жаз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту.

  2. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету.

  3. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: жарқылдап, қаңқылдап, қалтылдап, қауыз.

Сабақтың көрнекіліктері: Жаз айының суреттері, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Барлығы бірге айтады:

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ,

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күншуақ.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

Дәптермен жұмыс: Жаз тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастырту.

  • Жаз айының басқа жыл мезгілдерінен қандай айырмашылығы бар?

  • Жазда балалар қайда шомылады?

  • Мал қайда жайылады?

  • Жазғы демалыста қайда барасың?

  • Жаз мезгілі несімен ұнайды?

Абайдың «Жаз» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Н. Айтовтың «Жарқын жаз» өлеңін жаттау.

  • Жаз қалай келді? (жарқылдап)

  • Қаздар қалай ұшып келді? (қаңқылдап)

  • Көбелектер қайда қонды? (гүлге)

  • Не жауады? (жаңбыр)

  • Гүлдер несін ашады? (қауызын)

  • Ненің төсінде? (жайлаудың)

  • Не басталады? (қызық-думан).

Дидактикалық ойын: «Жылдың қай мезгілі екенін тап».

Ойын шарты: Бірнеше сурет берілген, сол суреттер ішінен жылдың қай мезгілі екенін тауып, әңгіме құрастыру керек.

Сергіту сәті: Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше

Алма тарту көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің,

Бақшамызда ендеше

Қарбыз жинау көбейсін. (Қимылмен көрсету).
Тыныштық сәті:

  • Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы көгілдір көлге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағанды басыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды.

  • Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалар жаз мезгілі туралы өз ойларын айтады.

  • Қорытынды:

Жаз мезгілі - жылдың ең қызықты кезі. Балалар жазғы демалысқа шығады, суға шомылып, демалатын орындарға барады, кейбір балалар жайлауға ата-әжелеріне барады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы:?айдан келді? бауырса??.

Автор: Досмуратова Гаухар Шакизадаевна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272479


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства