kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: "Етістік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі

Саба?ты? та?ырыбы: Етістік.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік ма?саты: о?ушылар?а етістік туралы білім ?алыптастыру, оны? с?ра?тарын игерту;

Дамытушылы? ма?саты: м?тін, ?ле? ішінен етістіктерді таба білуге да?дыларын арттыру, с?здік ?орларын молайтып, білімдерін толы?тыру;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: "Етістік"»

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға етістік туралы білім қалыптастыру, оның сұрақтарын игерту;

Дамытушылық мақсаты: мәтін, өлең ішінен етістіктерді таба білуге дағдыларын арттыру, сөздік қорларын молайтып, білімдерін толықтыру;

Тәрбиелік мақсаты: ұйымшылдыққа және бірлестікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: табиғат көрінісі, суреттер, кесте, патшайымның суреті, тірек сызба, үлестірмелі қағаздар.

Қолданылатын әдістер: қайталау, түсіндіру, көрнекілік, ойын,сұрақ – жауап, жаттығу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, қонақтар!

  1. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  2. Мақсат қою: Бүгінгі сабақта біз «Сөз таптары» патшалығына екінші рет қонаққа барамыз. Өткен жолы бізді қай патшайым қарсы алды? (зат есім). Ендеше, мен сендерге мынадай ойынды ұсынамын.

ІІ. Өткенді пысықтау.

Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге негіз болатын түсініктер туралы ойларын жинақтау.

Ойын «Сөздерге сұрақ қой»

Кім? Не?

Ата, шие, жер, ешкі, дәптер, бала, мұғалім, сабақ, торғай, кітап, дәрігер.

Балалар, кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы?

Зат есім туралы не білесіңдер?(кесте құру)

Кім? Не? Кімдер? Нелер?


Заттың атын білдіретін сөздер


Зат есім


Жекеше, көпше


Жалқы есім, жалпы есім



Тірек сызбамен жұмыс.

Сөз таптарын қайталау.

Зат есім етістік

Сөз

таптары

сын есім сан есім

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгерту үшін жағдай жасау.

  • Бүгінгі сабақта біз «Сөз таптар» патшалығына барып екінші патшамен жүздесеміз. Онымен таныспас бұрын тақтадағы суретке назар аударайық.

  1. Ой қозғау. Суретпен жұмыс.

Мақсаты: суреттердегі заттарға сұрақ қою арқылы қимылды білдіретін сөздерді табуға баулу.

Сұрақ қою:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Айтындаршы бұл суретке қарағанда бұл сурет аяқталған ба? (жоқ)

  • Онда, біз бұл қателікті қазір бірігіп өзгертуге тырысамыз. Үлестірмелі карточкадағы заттарды атап беріңдерші. (жылқы, қой, шопан, ағаш, гүлдер, тастар, аспан, торғай). Осы сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді ойлап табу керек. (кісінейді, маңырайды, бағады, өседі, гүлдейді, жатады, ұшады, бұлттанады)

  • Ұжымдық жұмыс. (Әр затты суретке өз орындарына орналастыру) әңгімелеу.

2.Әңгімелеу. Сонымен, балалар, біз «Етістік» патшайымының патшасына жеттік. Сендерге «етістік» деген сөз таныс па? Етістік дегеніміз не? (ережемен таныстыру). Бұны біз патшайымның хатынан білеміз. (хатты оқып беру)

«Құрметті, кішкентай бүлдіршіндер! Сендерді өз патшалығымда қарсы алуға өте қуаныштымын. Етістік жөнінде білгілерін келгендеріне ризамын. Ендеше, мен сендерге айтып берейін: заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? Не қылды? Қайтты? Деген сұрақтар қойылады. Бұл ережені ұмытпай есте сақтайтын болсаңдар өте риза боламын. Сендерге сәттілік тілеймін. Сау болындар, достар.

3.Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.

Мақсаты: оқушылардың жазу дағдыларын жетілдіру.

Көркем жазу минуты.

Көктем келді. Айнала гүлге толды.

4. Терме диктант.

Мақсаты: өлең ішінен етістіктерді теріп жазу.

Көктем келді: құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді: су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді:гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

(Қ. Мырза Әли)

5. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Иіліп солға бір,

Иіліп оңға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

6. Тақтада жұмыс.

Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында түрлі жаттығулар мен тапсырмалар беру.

7.Оқулықпен жұмыс. 156 бет.

1- жаттығуды орындау.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып сөйлемдерді көшіру.

Қанат кітап оқыды. Айзада ағасына хат жазды. Назеркенің апасы Астанада тұрады. Көкөніс сулы жерде жақсы өседі.

8. Шығармашылық тапсырма.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қасиеттерін жетілдіру.

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдердегі етістіктерді тауып, астын сызу.

9. жұмбақты оқып жатқа жазу.

Мақсаты: берілген анықтаманы тәжірибеден өткізу.

Жіппен келеді,

Үзсен, сөнеді. (шам)

10. ой толғаныс.

5-жолды өлең құру.

  1. Кім? Мұғалім.

  2. Не істеді? Түсіндірді.

  3. Қандай? Жауапты.

  4. Сөйлем. Мұғалім үй тапсырманы сұрады.

  5. Синоним. Ұстаз.

  1. Венн диаграммасын құру.

Мақсаты: өткен тақырыпты меңгергендерін анықтау.

Зат есім етістік

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?



Не істеді?

Не қылды?

Қайтты?

Сөз таптары













Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады?

Не үйрендік?

Не білдік? Қай сөз табымен таныстық?

Көңіл-күйлерін қандай екенін мына суреттер арқылы көрсетіндер.

(стикерлерді қолдану).

Қорытындылау.

Үй тапсырмасы: 5-жаттығу, 158 бет.

Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: "Етістік"

Автор: Абдрахманова Гульсара Сергеевна

Дата: 23.04.2016

Номер свидетельства: 321901


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства