kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «Я дыбысы мен ?рпі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-бабамызды? сан ?асыр ?лы арманы бол?ан,?л-?ызды? киелі ?аны мен беймезгіл ?иыл?ан жаныны? н?тижесінде келген Т?уелсіздікті баянды етер басты ?ару-тіл.

Сауат ашу саба?ында я дыбысы мен ?рпі туралы оны? жазылу ережесі жайлы білімін ?алыптастырып,о?ушыларды? с?здік ?орын,есте са?тауын,сауатты жазу?а жетелеу.

Ту?ан тілін ш?барламай ?ркез к?зімізді? ?арашы?ындай са?тай білу-б?гінгі жас ?рпа? парызы.   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «Я дыбысы мен ?рпі». »

Сабақтың тақырыбы: «Я дыбысы мен әрпі».

Сабақтың мақсаты: Я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып, білімдерін қалыптастыру. ә) оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын дамыту. б) я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға үйрету.

Сабақта пайдаланылатын көрнекілік: суреттер,карточкалар,плакат.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын,түсіндіру.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезең.Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Армысың алтын күн,

Армысың көк аспан.

Армысың достарым,

Армысыз мұғалім.

Балалар сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберге тұрып бір-бірімізге ыстық жылы лебіз тілектерімізді білдірейік.

-Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

-Бүгінгі сабақтан 5 ал.

-Денсаулығың мықты болсын.

-Өмірде армандаған армандарың орындалсын.

-Өмірде бақытты бол.

-Үлкен биік белестерден көрін.

-Осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы тексеру.

Ақ көгершін әнін жатқа сұрау.

Г әрпі қандай дыбыс?

Г әрпіне басталатын сөздер ойлау.

Көгершін сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр.Бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз.

Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?

Ендеше бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз.

Бауырсақ ең бірінші неге жолығады?

Қоянға.

Сөз ішінде таныс емес дыбысты табайық. Ол қандай дыбыс?

Я дауысты дыбыс. Я дыбысын хормен айтқызу.

Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұрады, ол екі дыбыстың қосарлануынан жасалған., бір ғана әріппен таңбаланады.Ендеше қояннан құтылуға көметесейік.Ол үшін оқулығымызда я әріпіне байланысты сөздерді оқып бауырсаққа көмектесейік.

Оқулықпен жұмыс.

Таяқ шаян пияз саяз дария

ұя аяқ қияр, бояу сия, мая

баян таяқ Пияз қоян қия жая

Мәтін Ұя

Ұя жасап тақтайдан, Талға апарып байладым

Жыл құсының шаттанған Күттім қаша сайрауын

Сол ұяны талғады, Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады, Жайлы пәтер екен деп

Өлеңді талдату.

Екінші неге жолығады?

Қасқырға.

Қасқырдан құтылуға көмектесейік.

Адасқан әріптер ойыны.

Әріптердің орнын ауыстырып сөз құрау.

Сергіту сәті.

Сұр қоян өлеңі.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжек екен өзінің.

Енді неге жолығады?

Аюға.

Аюдан құтылуға көмектесейік.

Дәптермен жұмыс.

Біз жазамыз,жазамыз,

Қолға қалам аламыз.

Салақтықтан қашамыз,

Әдемілеп жазамыз.

Дәптердегі үлгіні әдемі етіп жазу.

-Енді неге жолығады?

Түлкіге жолығады.

Түлкіден құтылуына көмектесейік.

Ол үшін мына ребусты шешейік.

Тамаша.

Бауырсақ түлкіні,қасқырды,аюды,қоянды ертіп үйіне алып барып,бауырсақ береді.

Қорытынды.

Үлестірме парақшалар таратылады.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайсыңдар.

Я дыбысына келетін сөздерге мысал келтір.

Сондағы Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Үйге тапсырма.95-96 беттерді оқу.№2 Дәптердегі жазуды аяқтау.

Бағалау:.белсене қатысқандарды бағалаймын.



Балтина Әсемгүл Қайратқызы

Абай ауданы Ақбастау селосы «Ақбастау ЖББОМ» КМК

Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыстың атауы:Я дыбысы мен әрпі.

Жұмыстың түрі:ашық сабақ.

Аннотация.

Ата-бабамыздың сан ғасыр ұлы арманы болған,ұл-қыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздікті баянды етер басты қару-тіл.

Сауат ашу сабағында я дыбысы мен әрпі туралы оның жазылу ережесі жайлы білімін қалыптастырып,оқушылардың сөздік қорын,есте сақтауын,сауатты жазуға жетелеу.

Туған тілін шұбарламай әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу-бүгінгі жас ұрпақ парызы.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «Я дыбысы мен ?рпі».

Автор: Балтина ?семг?л ?айрат?ызы

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176586


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства