kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы : "Бастауыш"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік:

О?ушылар?а с?йлемні? негізгі м?шесі бастауыш туралы бере отырып, с?йлем ішінде кім? не? кімдер?нелер? с?ра?тарына жауап беретін с?йлем м?шесіне с?ра ?оя білуге, оны ажырату?а ?йрету. Ал?ан білімдерін тал?ылау,бекіту ар?ылы ?з ойларын еркін жеткізуге баулу

Дамытушылы?:

О?ушыларды? дамыта о?ыту?а негізделген шы?армашылы? ?иялын, с?здік ?орын молайтып,ойлау ?абілеттерін дамытып, саба??а ?ызы?ушылы?тарын ояту.

Т?рбиелік:

жазу каллиграфиясын са?тап, к?ркем жазу?а,отанс?йгіштікке, ынтыма?шылды??а, ?зеліні? арда?ты азаматтары болып шы?у?а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: Де?гейлік тапсырмалар, слайдтар, киіз ?й ??рал-жабды?тарыны? суреті.

Саба?ты? типі: жа?а саба?ты ме?герту.

Саба?та ?олдан?ан ?дістер:т?сіндіру, с?ра?-жауап, к?рнекілік

Саба?та ?олдан?ан технологиялар: проблемалы? ситуация, де?гейлеп о?ыту, топты?, ?жымды? ж?мыс

П?наралы? байланыс: математика, ана тілі, орыс тілі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы : "Бастауыш" »

Сабақтың тақырыбы: «Бастауыш»

А.Е.Днишева

Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі

Сырым ауданы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесі бастауыш туралы бере отырып, сөйлем ішінде кім? не? кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесіне сұра қоя білуге, оны ажыратуға үйрету. Алған білімдерін талқылау,бекіту арқылы өз ойларын еркін жеткізуге баулу

Дамытушылық:

Оқушылардың дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, сөздік қорын молайтып,ойлау қабілеттерін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын ояту.

Тәрбиелік:

жазу каллиграфиясын сақтап, көркем жазуға,отансүйгіштікке, ынтымақшылдыққа, өзелінің ардақты азаматтары болып шығуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар, слайдтар, киіз үй құрал-жабдықтарының суреті.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақта қолданған әдістер:түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақта қолданған технологиялар: проблемалық ситуация, деңгейлеп оқыту, топтық, ұжымдық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, орыс тілі

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

Мақсатымыз-білім алу

Міндетіміз еңбектену

Беске қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

№ 4 жаттығуды пирамида құрастыру арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгін мен сіздер үшін көп тапсырмаларды дайындап келдім, бұл тапсырманы орындап үлгеруіңіз тек қана сіздерге байланысты.

Жұмбақ шешу:

Қой жүнінен жасалатын

Еденге төсейтін төсеніш

Ол не? (киіз)

-Ал, кім біледі киізді қалай басады?

(слайдтар арқылы киіз басу этаптарын ауызша түсіндіру)

-қойды қырқу;

-жүнді тазалап жуу;

-жүнді сабау;

-жүнді бояу;

-жүнді шиге шабақтайды;

-су сеуіп, шиге орау;

-бір жазып, бір бүктеп көп,көп білектеу;

- киізді тігіп қайта –қайта қарпиды;

-киізді таза жерге жайып тастайды.

Ал осылай басқан киіздерді қайда қолданатынымызды жұмбақ арқылы білеміз:

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып,керіледі,

Жиhазы мол кең бөлме

төбесінен жұлдыздар көрінеді.

(киіз үй)

Бүгінгі сабақта киіз үйді құрамыз. Киіз үйді құру үшін алдымен «Ойлан» кестесінің сырын табайық.

10+20=30(Б)

5+5=10(а)

100+140=240(с)

200+50=250(т)

1+9=10(а)

130+130=260(у)

140+230=370(ы)

320+20=340(ш)

Бұл бүгіні өтетін тақырыбымыз «Бастауыш».

Ол үшін мына суреттерге қарап, сөйлемдер құрастырайық.

Ата (кім?) ертегін оқыды.

Балалар (кімдер?) ойнады.

Жел (не?)гуілдеді.

Малдар(нелер?) өріске кетті.

Мұғалім қорытынды жасайды.

Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз.

-Балалар, киіз үйді неден құрып бастайтынымызды мына өлең сөздері көмектеседі:

Ыңғайлы жоқ өзіндей

Тез жиналар,қаласаң

Тор жол дәптер көзіндей-

Керілгенде қарасаң.

Секілді алып парақтар,

Керегелер ұнайды.

-Не туралы оқыдық?

-Иә, дұрыс.Киіз үйдің негізін құрайтын кереге.

«Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Ойткені үйдің берік кеңдігі осы керегеге байланысты. Керегенің биіктіг 2 м болады. Әр бөлігі қанат деп аталады. Қанат саны 4,6,8,12 болады. Киіз үйді құру үшін керегені жаяды.

Біздің керегеміз дұрыс құрылуы үшін оқулықтан тапсырма орындайық.

1 жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр? Сол сөздердің астын сыз.

1. Балалар бүгін музейге барады. 2. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 3.Болат қиын есепті өзі шығарды. 4.Апам бөлмені жинады.

Жаттығудан кейінгі сұраққа ауызша жауап.

Міне балалар киіз үйдің керегесін орналастырдық. Келесі киіз үйдің қандай бөлігін бекітетінімізді мынасипаттау жолдарынан анықтаңыз:

Киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер. (Шаңырақ)

Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы зор. Шаңырақ-үй, отбасы деген мағынаны білдіреді. «Шаңырағың биік болсын» деген бата бар. Киіз үйдің басқа сүйіктері ескірсе жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Шаңырақты көтеру үшін келесі тапсырманы орындайық.

2 жаттығу.Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.

Киіз үйдің келесі бөлігін мына сурет арқылы білеміз.(уықтың суреті)

Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді және сол жерді тесіп бау өткізеді, оны «уық бау» деп аталады. Осы бау арқылы уық пен кереге басын біріктіріп байлайды.

3 жаттығу. Өлеңді оқып көшіріп жаз. Бастауыштардың астын сыз. Мен дала бардым

Мен дала бардым

Қыр гүлін берді,

Көл суын берді,

Күн нұрын берді.

4 жаттығу.Мәтінді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

(Кімдер?)... сыныпта гүл өсіреді. (Нелер?)... сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумда (нелер?)... жүзіп жүр. (Кімдер?)... балықтарға қамқорлық жасайды.

Керекті сөздер: балалар, балықтар, олар, өсімдіктер, оқушылар.

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі-босаға.

Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Енді үйге киізді жабамыз.Киіз үйіміз дайын.

ІV.Сергіту сәті. Киіз үй.

V. Шығармашылық тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау.

Балалар жасырынбақ ойнады.

Қозы шөп жеді.

Оқушылар сабаққа келді.

VI Қорытындылау

Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа әр түрлі тапсырмалар беремін.

І топқа

Сөз таптарын топтастыру, әр сөз табының сұрақтарын өз тұсына жазу.



Зат есім Етістік

Кім?Кімдер? Не істеді?Не

Не? Нелер? қылды?Қайтты?



Сын есім Сан есім

Қандай? Қай? Қанша? Неше

Нешінші?

ІІ топқа Топшамалар арқылы тапсырма беріледі.

Жұмбақ шешу:

1.Мен- ақ қалам, ақ қалам

Жазған сайын жоқ болам. (бор, мел)

2.Қабат- қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга)

3.Өзі арық, басы жарық,

Жүрген ізі көп әріп. (қалам, ручка)

4.Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді,

салған ізі сөйлейді. (қарындаш, карандаш)

Тест ( слайдтар арқылы)

1.Бастауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Ә)Кімге? Неге?

Б) Не істеді? Не қылды?

2.Қазан-ас пісіретін ыдыс. Бастауышты тап.

А)Ыдыс

Ә)Ас

Б) Қазан

3.Бастауышы бар сөйлемді белгіле.

А)Үй ішін түгел оятты

Ә)Анар гүлдерді суарды.

Б) Сәлімді күтіп алды.

4.Бастауыштың анықтамасын белгіле:

А)Сөйлем құрамында белгілі бір қызмет атқаратын сөздер

Ә)Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі

Б) Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер.

VIІ.Рефлексия.

Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағаны таңдайды.

ҮІІІ.Бағалау

Бағалау критерийлары:

-сұрақтарға жауап беруі; -жаңа сабаққа қатысуы;

-жаттығуларды орындауы; -деңгейлік тапсырманы орындауы.

VIІІ. Үйге тапсырма.

5 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. Бастауыштардың астын сыз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы : "Бастауыш"

Автор: Днишева Асел Есболатовна

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163067


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства