Білімділік: К?кжиек т?старына байланысты ба?ытты аны?тау- ба?дарлау туралы т?сінік беру. К?кжиек т?старын т?сба?ар ж?не таби?и белгілерге ?арап табу жолдарын ?йрету.
Дамытушылы?: С?здік ?орын, ??гімелей білу да?дысын, ізденушілік ?абілеттерін дамыту.
- тал т?сте ар?а?ды к?нге беріп т?рса?, к?ле?ке? ?ай ба?ытты к?рсетеді?
- ар?а жа?ы? ше?
- ?ай ?олы? шы?ысты, ?ай ?олы? батысты к?рсетеді?
- к?н шы?атын жа? ?алай аталады?
- бататын жа? ше?
Егер сен туысы?а ?она??а барса?, ?йін тауып бару ?шін са?ан алдымен не керек болар еді? Елді мекенде к?шесіні? аты, ?йді? реттік саны, жан-жа?ында орналас?ан биік ?йлер, ?имараттар,т.б. ар?ылы тауып аламыз.
Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз?
-Балалар, к?кжиек т?старына байланысты ба?ытты аны?тау ба?дарлау деп аталады. К?кжиек т?старын т?сба?ар ??ралымен аны?таймыз. Т?сба?арды к?рсетіп,оны таныстыру.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Ба?дарлау »
Омарова ЖупаргулЕсболатовна Ағарту бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану пәні 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бағдарлау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау- бағдарлау туралы түсінік беру. Көкжиек тұстарын тұсбағар және табиғи белгілерге қарап табу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын, әңгімелей білу дағдысын, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
- тал түсте арқаңды күнге беріп тұрсаң, көлеңкең қай бағытты көрсетеді?
- арқа жағың ше?
- қай қолың шығысты, қай қолың батысты көрсетеді?
- күн шығатын жақ қалай аталады?
- бататын жақ ше?
Егер сен туысыңа қонаққа барсаң, үйін тауып бару үшін саған алдымен не керек болар еді? Елді мекенде көшесінің аты, үйдің реттік саны, жан-жағында орналасқан биік үйлер, ғимараттар ,т.б. арқылы тауып аламыз.
Ал елді мекеннен тыс жерде не істейміз?
-Балалар , көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлау деп аталады. Көкжиек тұстарын тұсбағар құралымен анықтаймыз. Тұсбағарды көрсетіп ,оны таныстыру..
- Олай болса, бүгінгі сабақта көкжиек тұстарын әр түрлі тәсілдермен анықтауды үйренеміз.
2. Мұғалім түсіндірмесі.
Көкжиек тұстарын анықтау тұрмыста өке қажет. Көкжиек тұстарын әр түрлі тәсілдермен анықтауға болады.
- Адамдар бұрын көкжиек тұстарын түнде қалай анықтаған? (Ай, жұлдыздарға қарап).
- Адасқан адамға түнде жол көрсететін Темірқазық туралы мынандай аңыз әңгіме бар.
Ертеде адамдар Темірқазыққа қарап адаспай жолдарын тапқан. Аспанның солтүстігінде орналасқан поляр жұлдызын ежелгі моңғолдар Темірқазық, Алтынқазық деп атаған.Бұл жұлдыздың осылай аталуы оның аспанда тапжылмай тұратындығы, басқа жұлдыздар осы аспан қазығына байлап қойғандай шыр айналады деген ұғымнан шыққан. Қазақ халқында осы аталған жұлдыздар туралы аңыз бойынша Темірқазыққа екі ат арқандаулы тұрады да олар түнімен Темірқазықты айнала оттайтын болған. Бұл екі жұлдыздың қазақша атаулары Ақбозат пен Көкбозат. Күзетші жұлдыз Ақбозат пен Көкбозатты Жетіқарақшыға алдырмай күзетеді.Қарақшылар аттарды алғаннан соң Үркерді шаппақшы болады екен. Естеріңде болсын Темірқазық жұлдызы үнемі солтүстікті көрсетіп тұрады.
II. Операциялық – орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты оқып, ондағы жаңа мәліметтермен таныстыру.
Тапсырмаларды орындау.
Тақырыпты оқып шыққаннан кейін оқушыларға төмендегі тапсырманы орындату.
1 – тапсырма. Тірек сызбаны толықтыру.
Табиғатқа қарап бағдарлау
ағаштың түбіндегі қар
Темірқазық
мүк пен қына
құмырсқа илеуі
2 - тапсырма. Сұрақ – жауап.
Көкжиектің тұстарын қалай анықтауға болады?
Темірқазық қай бағытты көрсетеді?
Түнде темірқазықты қалай табуға болады?
Ойтүйін:Темірқазық үнемі солтүстік бағытты көрсетеді.
Құмырсқаның илеуінің оңтүстік жағы көлбеу келеді.
Мүк пен қына ағаш тастың тек солтүстік жағына өседі.
Ағаштың түбіндегі қар оңтүстік жағынан бастап ериді.
III. Рефлексиялық – бағдарлау кезеңі.
1. Бекітуге арналған сұрақтар.
1 - Балалар, бағдарлау деген не болды?
2 - Тұсбағардағы көк түс үнемі көкжиектің қай тұсын көрсетеді?
- Табиғи белгіге қарап көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?
- Тұңғыш тұсбағар қайда пайда болған?
-Тұсбағар қандай жерде ғана дұрыс бағдарлай алады?
1.Бағалау
Оқушылар әр тапсырманы орындаған соң жауабы ауызша тексеріледі де, оқушылар бағалау көрсеткішіне қарап, бағалау парағына жинаған ұпай сандары бойынша өзін – өзі бағалайды.
2.Үйге тапсырма.
«Тұстарды бағдарлау» тақырыбы бойынша мәнжазба жазу.