С олтүстік Қазақстан облысы
Ақжар Қазан ауылы
Қазан орта мектебінің
шағын орталық тәрбиешісі Ысках Марзия
Саба қтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі: Балаларға Б дыбысы мен әрпін таныстыру. Б дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу,б дыбысына қатысты сөздер ойлату
Дамытушылығы: Б дыбысы арқылы баланың сөздік қорын,жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі : сауаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ –жауап ,жұмбақтар, ойын арқылы
Көрнекілігі: кеспе әріптер,текшелер, бақа,балық, балапан,балта, балға, бесік суреттері,әліппе дәптері.
Оқу іс-әрекетінің барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы күн балалар!
-Кәне, балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап ,алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
-Еліміз тыныш болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Нанымыз көп болсын!
-Көк туымыз биік болсын!
-Жарайсыңдар, орындарыңа отырыңдар.
-Балалар қазір сауат ашу сабағын бастаймыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Қазір қай ай?
-Қаңтар айы
-Ауа райы қалай?
-Суық, аяз
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
-Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
-Дыбысты естиміз, айтамыз,әріпті көреміз, жазамыз.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Ұ дыбысымен
-Ұ дыбысы қандай дыбыс?
-Дауысты дыбыс
-Ұ дыбысы бар сөздерді кім айтады?
-Ұршық, ұя, ұн,Ұлан,ұрпақ,ұлу,ұран
-өте жақсы
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Кім жылдам?» ойынын ойната отырып,жұмбақтың шешуін табу.
Б
а
л
ы
қ
б
А
л
Қ
о
я
н
А
с
т
а
н
а
1.Суда өседі ,өнеді,
Сыртқа шықса өледі. (Балық)
2.Аю нені жақсы көреді? (Бал)
3.Өзі қорқақ аң? (Қоян)
4.Біздің бас қаламыз қай қала? (Астана)
-Қандай сөз шықты?
-Бақа
-Бақа сөзі қандай дыбыстан басталады?
-Б дыбысынан
-Олай болса бүгін біз Б дыбысымен танысамыз.
-Қәне, бақа туралы өлең, тақпақ, ән білесіңдер ме?
-Бақа туралы әнімізді еске түсірейік.
-Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
-Бақа,бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
-Су бетінде көп жүзіп.
Бұтым содан талтақ.
-Жарайсыңдар.
IV. Суретпен жұмыс
-Балалар суреттерге назар аударайық, не бейнеленген?
-Балық, балапан, бақа, бесік, балта, балға,
-Б дыбысының сөздердегі орналасу тәртібін түсіндңрңп өту.
-Ал енді осы Б дыбысын алдарыңдағы айналарыңа қарап,дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?
-Балалар Б дыбысын айналарына қарап айтқан кезде ,еріндері бір-біріне тиетінін айтты.
-Ал енді осы дыбысты созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?
-Жоқ, Б дыбысы созып айтуға келмейді,Б дыбысын созып айтсақ Ы дыбысы қосылып кетеді.
-Олай болса Б дыбысы қандай дыбыс екен?
-Дауыссыз дыбыс.
-Оны біз қандай текшемен белгілейміз? Көрсетіңдерші?
-Көк текшемен белгілейміз.
-Ал кане енді кім көп сөз біледі екен, бәріміз ойланып осы Б дыбысынан басталатын сөз ойлайық
-Балық, бақа,балапан, балдырған, бағдаршам, балға, балта, бесік, бұзау,бота, т.б
-Өте жақсы,көп сөздер біледі екенсіңдер. Осы сөздерді буынға бөліп көрейікші.
-Балға сөзін буынға бөлейік. Бал-ға
Б дыбысы сөздің басында, ортасында соңында кездеседі ,
-Міне мынау Б дыбысының әрпі (Кеспе әріптен көрсету)
-Мен осы әріпті ауада жазамын , тақтаға жазып көрсетемін.
-Балалар ауада жазады.
V. Дәптермен жұмыс.
Үзік сызықты қосып Б әрпін жазады.
VI. Сергіту сәті:
-Бала,бала, балақан
Қәне өайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
-Ал енді осы Б дыбысына әр кім бір сөз ойлайсыңда соны текшелеріңмен алдарыңда жазасыңдар және оны оқисыңдар.Кім жылдам орындаса сол бала тақтада көрсетеді.
-Балалар орындайды.
-Жарайсыңдар,жақсы ойлап таптыңдар.Енді мен жұмбақ жасырайын сендер тауып көріңдерші.
Табада бар,
Танада жоқ
Сабада бар
Санада жоқ
-Балалар жауабын тапты ,ол Б дыбысы
-Дұрыс айтасыңдар,ал енді жұмбақты бәріміз қайталап айтайық(екі-үш рет айтқызу)
VII. Сабақты қортындылау.
-Біз қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Оны біз қандай текшемен белгілейміз?
-Ойын: «Екінші буыным қайда?» ойынын ойнату
VIII . Мадақтау
.