kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбай?лы. "?ыс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саттары:
Білімділік ма?саты: О?ушылар?а Абайды? жылды? ?ыс мезгіліне арнап жаз?ан ?ле?дерін барынша тере? ме?герту, жат?а айту, ?ле?ді талдау машы?ын жетілдіру, теориялы? ??ымдарды т?сіндіру.
Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? шы?армашылы? ба?ытта ж?мыс істеуіне ы?пал ету, ойлау, есте са?тау ?абілеттерін, с?йлеу м?дениетін жетілдіру.
Т?рбиелік ма?саты: Абай шы?армаларын о?и отырып, т?л ?дебиетімізді?, тіліміз бен м?дениетімізді? сар?ылмас ?азыналарынан ?лгі алу?а т?рбиелеу. Абай ?лылы?ын тере? сездіру, ту?ан жер таби?атына ?ам?орлы? жасау?а баулу. Поэзия, саз ?нері, бейнелеу ?нері секілді к?ркем ?нер д?ниесіне с?йіспеншіліктерін арттыру.
Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?
?діс - т?сілі: «Сын т?р?ысынан ойлау» стратегиясы
Саба?ты? к?рнекілік ??ралдары: Абай суреттері, слайд

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбай?лы. "?ыс" »

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. "Қыс"
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: Абай шығармаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы
Сабақтың көрнекілік құралдары: Абай суреттері, слайд

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырма: “Өткен өмірден “ тарауы
Бөлімді қайталауға арналған сұрақтар:
1. “Мың жылдан артық уақыт өтсе де, ұмытылмаған кім?
2. “Қобыланды батыр” жырынының авторы кім?
3. Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар туралы жырлардың авторы кім?

1I1. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ:
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
Бұл қай кезде болады?
1. «Көңілді қыс» тақырыбындағы сурет бойынша әңгімелеу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата?
- Қыс несімен сендерге қызықты?

ІІІ. Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы «Қыс»
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Абай
Осылайша өзінен кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 - 1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.
Кішкентайынан зерек Абай көпті көрген әжесі Зеренің және Ұлжандай ақылды ананың тәрбиесінде болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай ауқатты от басынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Сонымен қатар, Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі.

ІV. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.
Өлеңді талдау.

V. С ө з д і к жұмысы.
Соқыр, мылқау – түк көрмейтін, аямайтын қаталдық.
Бұрқ, сарқ – қатты дауыл, боран болғандағы аяз, жел күшейгенде.
Осқырайтып – бір шекесіне сәндеп кию.
Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.
Ұшпа – жеңіл, жұқа қар

VІ. Жорамалдар:
● Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.
● Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.

VІІ. О й қ о з ғ а у
1 - топ
...... түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман.......
Білмеймін..., тоңғаны ма,
......, бие қашқан, тай жарысқан.
2 - топ......, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес.......
Қайыршы... -... түсі кетіп,
... айырылған ағаш, қурай.

VІІІ. “Екі жақты күнделік” (Дәптермен жұмыс)
Өлеңнен үзінді
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Өз ойың:
Қыс мезгілінде салқын ызғарды сезініп, ең алғаш біз қар ұлпаларын көреміз. Қыс осынысымен қызықты.

ІX. Топтастыру
1 - топ
2 - топ

X. Қорытынды сұрақтар:
● Ақын қысты кімге теңеген?
● Ақын қыстың күшін қалай бейнелеген?
● Ақын балалар мен малшыны қалай суреттеген?
XІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
XІІ. Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбай?лы. "?ыс"

Автор: Нурбаева Анар Фазылжановна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202598


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства