Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» (3 мин) Балалар денелеріңізді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар . Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл - күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты.Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Өзіңіздің демалғаныңызды сезгенкездекөзіңіздіашыңыз.Сіз әлемдегіеңбақыттыжансыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Көз алдарыңызға нені елестеттіңіздер? Ішкі жан дүниеңіз нені сезді? 3.Үй тапсырмасын тексеру: Тапсырма: 27 – сабақ, 94 - бет Ә Ысқабаев «Бесағаш бұлағы 1.Қасымбек Бесағаш бұлағына не үшін келді ? 2.Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсаты неде? 3.Жолаушыларға бұлақтың қандай шарапаты тиді? 1.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктен туындаған тылсым күштің әсері қандай? 2.Сүйіспеншіліктің зая кетпейтіндігін қалай түсінесіңдер? |