kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Сейфуллин "Ақсақ киік"»

Сабақтың тақырыбы: «Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Отанын,халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті,әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып,олардың эстетикалық талғамын арттыру.

Білімділігі: Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу,оқу техникасын (дауыстап,іштей түсініп,шапшаң әрімәнерлеп оқу) жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.

  4. Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)                                                         2-модуль Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу)

3-модульБағалау, 4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық(топты басқару            

және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1.Үй тапсырмасын тексеру

2. Интерактивті тақтамен жұмыс

3.Топпен жұмыс

4.Бинго «Сандар жырлайды»

5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Ұйымдастыру

   Шаттық шеңбері:

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Психологиялық ахуал.

Хормен:Әрбір адам?-Туысым,досым,     жұрағатым.Әрбір сабақ?-Үйрену,ұғу,ұлағат. Әрбір ісің?-Тірлік,тірек,адамдық. Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

-Балалар,біз қай бөліммен оқып танысудамыз?

 «Табиғат-менің өз үйім»

Табиғатсыз адамдардың күні жоқ

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ

Табиғатқа байланысты топқа бөлу:

2. Топқа бөлу1- «Ауа», «Су», «Жер»

Ауа-дем алу үшін, су-ішу үшін,жер-онда өмір сүру үшін.Оқушылар өз аттарын қорғауы:

1-топ     Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру

2 – топ   Сусыз жер- нусыз жер

3 –топ    Жері байдың – елі

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару

4.Мәтінді тарату

5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті:

  1.Ережеге бағыну

2.тапсырмалар орындау

3.бағалау

II.Үй тапсырмысын тексеру

1-тапсырма.Модуль Диалогтық оқыту

1-топ Жазушы  Көкшенің көркін қалай суреттеген ?

         2-топ        Неліктен Көкшені гауһар тастан жасаған күмбезге, аспанға теңейді?

         3-топ         Көкшенің көркін өте көркем көрсетіп тұрған не?

2-тапсырма Модуль АКТ

Интерактивті тақтамен жұмыс

III.Жаңа сабақ

Ақсақ киік өлеңі орындалады

Балалар,біз қандай тақырыпта ән тыңдадық (Ақсақ киік)

Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Ақсақ киік»

 «Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин

1.Сәкен Сейфуллин(1884-1938)Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында,Нілді станциясында туған.  Қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері,ағартушы,зерттеуші,компазитор.Халқына қалтқысыз қызмет еткен.Сәкеннің шығармашылық еңбектері: «Тар жол тайғақ кешу»романы,бірнеше өлеңдердің әнін жазған «Сарыарқа Көкшетау,Тау ішінде,Ақсақ киік. Қазақ әдебиетінің негізін салушы. 1914 ж «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. 1920 - 1936 жылдары көптеген қызметтер атқарып, атқарушы орынбасар, газет редакторы, ғылыми орталық төрағасы, институт директоры, журналдар басшысы болған. 1936 жылы тұңғыш рет қазақ жазушылары ішінен Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1938 жылы жазықсыз жала жабылып, қайтыс болды.

3-тапсырма

Ой қозғау. Мәтінмен жұмыс. «Ақсақ киік»

2.Балаларды қатыстыра отырып кіріспе әңгіме жүргізу. Өлеңді түсіндіре отырып оқу.

Арқа-кең дала,жазық дала.

Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі  сирек шөл дала.

Ел жоқ,күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік,жан жоқ деген.

-Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?

-Ол- киелі жануар.

- Киіктің лағын қалай атаймыз?

- Құралай

Слайдттан киік суретін көрсету арқылы қосымша дерек беру.

  -Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді. Киік – ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды., баласын құралай деп атаймыз. Киіктер мамыр айында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы бұзылып, жауын – шашын болады. Қазақтар оны «Құралайдың суығы» деп атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі – олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмаймыз екен. Киіктің мүйізін аңшылар шет елдерге сатып, ақша табады екен. Бір жылы Бетбақдалада келе жатып оқ тиген әлсіреп келе жатқан киікті көрдім, оны көзі қиып қай адам атты екен дейді. Киіктің саны азайып бара жатқандықтан, ол қорғауға алынып, 2006 ж қызыл кітапқа енді.

4-тапсырма

Топпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқытып шығып топқа тапсырма беру, постермен  қорғау.Киік туралы  өз ойларын айту.           

1-топБетпақ шөлді суреттеу-        1,2 шумақ

             Мергендердің сол кездегі кәсібі

2-топ   Бөкен киіктің  сұлулығы    3,4 шумақ

3-топ   Келе жатқан ақсақ киіктің халі 5,6 шумақ

Ақсақ киік мультфилмін тамашалап көрейік

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Бекіту сұрақтары.

1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

2.Киік қандай жерді мекендейді?

3.Киікті басқаша қалай атайды?

4.Киік мүйізінен не жасалады?

5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?

-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.

6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?

Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.

Бағалау. 1.Жалпы топқа баға беру, мадақтау.

2.Әр оқушыға баға қою.

Үй тапсырмасын беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Автор: Алимханова Ақманат Шахмарданқызы

Дата: 12.03.2018

Номер свидетельства: 461458


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства