Просмотр содержимого документа
«Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» деген әңгімесін өтеміз. Топтастыру стратегиясы бойынша жазушы өмірінен қысқаша шолу.»
2.Оқушылардың ойлау қаблетін дамыту, сөздік қорын молайту,өз бетімен ізденуге талпындыру.
3.Отанды, елді сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, схема
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Бүгінгі сабағымызда қонақтар қатысып отыр. Қонақтарымызбен амандасып, сабағымызды бастайық.
Үлкенге де сіз,
Кішісі де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз.
Жақсы, балалар, отыра қойындар.
ІІ. Үй тапсырмасы
Жаңа сабаққа көшпес бұрын үй тапсырмасын пысықтап алайық. Қане, үйге қандай тапсырма берілді?
Отан туралы өлеңді жаттау. 5-тапсырманы дәптерден тексеру.
Ой қорғау стратегиясы.- Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан
Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы.
Елтаңба, Ту, Әнұран.
Жаңа сабағымызды Әнұранды айтып бастайық. (әнұран айту) .
Балалар, Отан деген сөзді тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?
Атамекен, туған жер, туған өлкем, мекенім, туған елім.
ІІІ Жаңа сабақ
Жақсы бүгінгі өтетін тақырыбымызда осыған ұқсас. Дәптерлеріңді ашып, жазып қойыңдар. Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» деген әңгімесін өтеміз. Топтастыру стратегиясы бойынша жазушы өмірінен қысқаша шолу.
1934 ж 11 ақпан
Әжем мен емші және дәрігер
Соларда
Кімнің мекені жақсы?
шығармалар
жазушы
Көкшетау облысы,
Қызылтау ауданы
Сәкен Жүнісов
Ой тастау стратегиясы бойынша (Жұмбақ шешу)
Балалар, Жұмбақ шешкілерің келе ме?
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қалдырықтай. (құмырсқа)
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады. (тышқан)
Сұм жүзді
Құралай көзді
Киікше секірген,
Бұра санды
Жолбарыс тонды. (Құрбақа)
Жұмбақтардың шешуі болған жәндіктер туралы не білетіндеріңді әңгімеле.