Сабақтың ортасы 28мин Сергіту сәті 2мин | «Ой тастау» стратегиясы. «Ассоциация құру»стратегиясы Дана- сөзіне сөз тізбегін құрау.Жеке.Жұпта.Топта. Әр топ ойларын жинақтап,ортаға салады. Авторға мәлімет өздерінен сұралып,толықтырылады. Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген рудникте туған. Әке шешесі ерте өліп, өз ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған. Т.Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған. 1947-1949 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінде нұсқаушы болған. 1950-1954 жылдары "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. IV.Оқулықпен жұмыс. «Даналарым» өлеңін іштей түсініксіз сөздерді сыза отырып оқу.Жеке.Жұпта.Топта.Әр топтан бір оқушы ортада мәнерлеп оқып көрсетеді. Мазмұны мен идеясын ашу. Сөздік жұмысын жүргізу. Шағында-шағын ету,көлемін кішірейту,шамалау Наз-әзіл,қалжын Өңшең-кілең,біркелкі,өңкей Ерек-бөлекше,айрықша,өзгеше Кер-ашу,ыза,қаһар Интерактивті тақтамен жұмыс Оқушыларға даналар туралы қосымша мәлімет беру.Міне балалар осындай даналарымыздың арқасында,олардың ақылдылықтарымен,шешендіктерімен елі үшін,жері үшін бар күштерін салған.Қазақ елі тәуелсіз болсын деп қаншама күрескен. Биыл міне тәуелсіз ел болғанымызға 22 жыл толып отыр.Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан. Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би,Шоқан,Ыбырай,Абай,Жүсіпбек,ахмет,Міржақып,Сәкен,Ілияс,Бейімбет,Қаныш,Мұқтар,Әлкей Міне біздің бабаларымыз аңсаған араманға 1991 жылы қолымыз жетті.Осы аталған аталарымыздың тәуелсіздік алуға көп үлестерін қосқанын бәрімізде білеміз.Әрқашан даналарымызды,батырларымызды мақтан етіп жүрейік. Оңға, оңға түзу тұр, Солға ,солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым, Алдыға қарай бір адым. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. «Топтық жұмыс» 1-топ «Ойшылдар»Мақал –мәтелдер құрастыру 2-топ «Ақындар» Өлең құрастыру 3-топ «Жазушылар» Эссе жазу. | Сыныпты 3 топқа бөлемін |
Сабақтың соңы 5мин | Сұрақ –жауап арқылы сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалаймын. -Балалар біз бүгінгі сабағымызда қандай дана адамдармен таныстық таныстық? -Ақын даналарды қалай мақтан еткен? -Төле,Әйтеке,Қазыбек кімдер? -Қаламызда осы аты аталған даналардың есімі қайда берілді? -Ең тұңғыш әліппе жазған кім? -Тұңғыш қазақ мектебін ашқан кім?т.б. Кері байланыс Өте жақсы | Жақсы | Орташа | Қатысқан жоқпын | | | | | Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады. Үйге тапсырма беремін. 101-102бет. «Даналарым» мазмұндау. | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |